Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен әдістері



бет32/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
мемлекет кызм баскару

2. Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен әдістері.
Мемлекеттік қызметке орналасу үшін келесі құқықтық – ұйымдастыру тәсілдері белгіленген : тағайындау, сайлау және конкурс. Бұл алайда қиын заңды құрам конструкциясы орын алады; ол тағайындау актісі , сайлану және конкурстен өтудегі мемлекеттік қызметке кіруге сай азаматтың келісім беруі жатады.
Мемлекеттік қызметке саяси мемлекеттік қызметкерлер сайлану негізінде жүргізіледі, сонымен қатар ол заңмен келісілген кейбір басқа тәртіп пен шарттарға байланысты жағдайларда болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті конститутциялық өкілеттігіне сай,
П арламенттің келісуімен Республиканың Премьер – Министрін қызметіне , Үкімет мүшелерін басқа да адамдарды тағайындайды; Премьер – Министр Елбасына Үкімет аппаратының басшысы, министрлердің,облыс әкімінің, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының басшылары қызметіне үміткерлерден ұсыныс жасайды.
Саяси мемлекеттік қызметке орналасу үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті анықтайды.
Мемлекеттік органды құру кезеңінде керекті қызметкерлерді уақытша қызмет атқару үшін 3 айдан аспайтын мерзімге алуға құқығы бар, әрине ол әкімшілік орын бос орын болып көрсетілген болса, және ол туралы конкурс жарияланып өткізілген болса. Ондай орындар саны штаттық кестенің белгіленген санымен 20 пайыздан аспау керек. Осы мезгіл ішінде оның уақытын созуға болмайды және ол қызмет орнатылған тәртіп бойынша қамтылуы керек. Бұл орайда мұндай адамдармен (мемлекеттік қызметкерлер емес) еңбек қатынасы еңбек заңына байланысты белгіленеді. Дәл осы талаптармен мемлекеттік органның басшы конкурсты комиссияның қортындысы бойынша тұрақты қызмет ақару үшін адам қабылдауына құқылы, егер де ол белгіленген әкімшілік қызмет бос болса және арнайы керекті сынақтан өтіп, оның қортындысын алғанша орналасыуына болады.
Конкурста қатыспай әкімшілік қызметке тұруға саяси мемлекеттік қызметкерлер орналаса алады, сонымен қатар Парламент депутаты, Маслихат депутаты, егер олар тұрғылықты негізде және өз өкілетілтері біткен мезгілде ораласуы мүмкін. Әкімшілік мемлекеттік қызметті атқару үшін бұл адамдар саяси мемлекеттік қызметі немесе депутаттың өкілеттігі біткеннен кейін 4 ай мерзімі аяқталғанша сақталады. Мемлекеттік органның басшысы әкімшілік бос орын қызметіне егер ол әкімшілік орынға белгіленген біліктілік талаптарға сай болатын болса қабылдай алады, сонымен қатар ол бос орынға ақпарат құралдарына хабарланбаған болса, онда ол бос орынды осы адамдар алуы мүмкін.
Әкімшілік мемлекеттік қызметке бос орын үшін конкурсты мемлекеттік орган жариялайды не Респулика Президентінің шешімімен мемлекеттік іс-шараларына өкілетті орган осы қызметке сай үміткерлердің тізімін талқылаудан кейін өткізіледі. Бұл орайда конкурсқа республиканың барлық азаматы қатысуға құқылы.
Конкурс жарияланған мемлекеттік орган конкурстық комиссия құрайды, олар бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткерлерді біріктіреді. Конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік органның басшысы мен белгіленеді. Конкурстық комиссия коллегиялды құрама болып келеді, ол конкурсқа қатысушылардың құжаттарын тестілеудің қорытындысын, үміткерлермен әңгімелесу және бос орында иеленудегі соңғы іріктеуді қарастырады. Конкурс комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасуы не ол қызметке алынбауы туралы шешімі негізге алынады.
Егер мемлекеттік орган жойылатын, қысқартылатын болса онда жарияланған конкурс туралы жалпы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет