Лекция№11: Мемлекеттік қызметке кіру.
Жоспар;
Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігінің конституциялық құқықтары.
Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі мен әдістері.
Мемлекеттік әкімшілік қызметтің категорияларына қойылатын біліктілік талаптары.
Лекцияның мәтіні
1.Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігінің конституциялық құқықтары.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша (23-,1-тармағы) әр адам өзінің субьективті құқығына ие және ол заңға қайшы келмейтіндей өз құқығы мен бостандығын қорғауға құқылы. Сонымен бірге , басқа адамдардың құқығы мен бостандығына қол сұғуына және конституциялық құрлыс пен қоғамдық адамгершілігіне қол сұғуына болмайды (ҚРК 12-бабы, 5-тармақ) Бұл адамдардың мемлекет пен қоғам жұмыстарына араласуына толық қатнасыуына қатысты. Ал мемлекеттік басқарудағы азаматтардың құқық субьектілігі дегеніміз – субьект(адам,азамат) құқығы бар және заңды міндеттерді орнатуда нақты басқаратын қатынастарда қатысушы болуына толық құқығы болуын айтады. Сонымен қатар құқық субьектілігі дегеніміз – ол субьекті құқығы өз іс- әрекеттерімен субьективті құқық және мемлекеттік басқару саласында заңды міндеттерді жүргізу деген , сондай-ақ азаматтарға субьект ретінде басқаратын қатынастарға құқық субьектілігінің жалпы критерийлері септігін тигізеді, ол:жасына қарай белсенділігіне және әлеуметтік жағдайына қарай. Бұл жерде басқарудағы мемлекеттің функциялары мен мүделерін шешудегі нақты жолдары болып келеді.
Жасына қарай. Бұл критерий азаматтардың құқық субьектілігі белгілі бір жасқа толумен байланысты. Сондықтан мемлекеттік қызметкек тұру үшін адамдардың жасы 18 – ден кем болмауы керек, егер кейбір қызметтер Республика заңына қайшы келмейтіндей болса (“Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы заңының 13-бабы, 2тармағы ). “Қазақстан Республикасы Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы” 1998 жылғы 7 қазандағы №284-1 Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметке орналасуда жас шамасы қойылған, бірақ шектеу алып тасталынған (ҚР Конституциясы 33-бабы, 4-тармағы).
Жігеріне қарай. Бұл азаматтың мемлекеттік қызметті жүргізудегі белсенділігіне байланысты болып келеді. Жүйке ауруымен жігерленгенде (санасында) өзгерісі бар азаматтар өз қызметтік міндеттері мен тәртібіне бақылау жасай алмайды және саналы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сондықтан жарым-жанды деп саналған адамдар мемлекеттік қызметке алынбайды, олардың медициналық мекемелерден құжаты болуы қажет және біліктілігі мінездемеге сай денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптарға сәйкес болуы керек.
Әлеуметтік критерий ол барлық азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруде барлығы тепе – тең екендігін білдіреді.Заңға жүгіне отырып , барлық еңбекке жарамды деп есептелген адамдар өзіне тән мамандықты , жұмыс түрін таңдауға құқылы. Мемлекеттік қызметке орналасу барысында оның жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, мекен – жайына, дініне және басқа да жағдайларына қарауға болмайды. Әлеуметтік жағдай мемлекеттік қызметкерлердің арнайы құқықтық тиісті нақты жағдайымен байланысты. Ол мынандай қасиеттерден көрінеді, органның құқықтық ұйымдастыру дейгейінде мемлекеттік қызметке лауазымды адамдардың ( саяси және әкімшілік ) құзіреттерінің көлемі мен белгілері, мемлекеттік қызметкерлердің құрылымындағы рөлі мен орны жасалады.
Мемлекеттік қызметке орналасушыларға мынандай талаптар қойылады:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығында болуы.
Мемлекеттік қызметке шетел азаматтары мен заң бойынша азаматтығы жоқ деп белгіленген адамдар егер Қазақстан Республикасы Президенті мен заңдарында өзгеше көзделмесе қызметке алынбайды.
2. Жасы 18 жастан кем болмауы тиіс (егер ол республика заңдарындағы қызметке қарасты келісілген болмаса). Бұл талап мемлекеттік қызметке орналасу үшін үміткердің кәмелетке толуымен өмірге қажетті тәжірбиесін жинауы үшін шарт.
3. Арнайы білімі болуы қажет, кәсіби дайындығы және белгіленген біліктілік көрсеткіштерге сай болуы керек. Бұл талап басқаратын кадрлердің өз орнына лайық екенін айқындайды. Лауазымды адамдардың іскерлік қасиеттерін анықтайтын негізгі қасиеттері – ол арнайы білімнің болуы, мемлекеттік аппараттың құрылымын білу , мемлекеттік қызметтің мазмұны мен басқаратын істегі тәжірбиеге тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |