Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік органның жіктелу негіздері



бет11/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
мемлекет кызм баскару

Мемлекеттік органның жіктелу негіздері.
Мемлекеттік аппарат құрылымының негізін оның ішкі құрылысын түсіне білу, аппараттың бөліктерінің орналасу тәртібі және олардың бір-біріне қарым- қатынасын құратын ішкі құрылым болып есептеледі.
Мемлекеттік аппаратың жұмыс жасау тәсілдері, олардың бір-бірімен ара-қатынастағы органдар нелерден тұрады, олардың қызметі туралы мемлекеттік аппараттың құрылымы көрсете алады.
Мемлекеттік орган қызметін мемлекеттік аппарат құрылымының негізінде жіктелу ұсынылады. Мемлекеттік органдар жоғарыда айтылғандай негіздерге байланысты 3 негізгі топқа бөлінеді: өкіметтілік органдар, атқарушы органдар. Сот (құқық қорғау) органдары, сонымен қатар конституциялық қадағалау органы да кіреді. Бұл жерде біз классификациялау өлшемінің бір бағытта емес екеніне көз жеткізуімізге болады, себебі үшінші топ мемлекеттік органның әр түрлі салалы қызметін және біліктілік ауқымын толық қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның өкілеттігі мен қызметін белгілеу – мемлекетті тану біліктілігінің негізгі, іргелі бөлігі болып табылады. Біліктілік мемлекеттік органның ең маңыздысы құқықтық статустың құрамдас бөлігі болып табылады, Оған мемлекетті басқарудың жүйесі тәуелді болады.
Мемлекеттік органдардың әлеуметтік міндеті мемлекеттің өзінің функциясынан туындайды. Мемлекеттер қоғамдық процесстерді басқаруда соңғы айтылған көріністердің ең керектісі болып табылады. Функциялар мемлекеттің мазмұндылығымен тікелей қарым-қатынаста болып және оның әлеуметтік-саясаттық бағытымен тікелей байланыста, сонымен қатар мемлекеттің қоғамдағы әр түрлі саладағы жүргізілетін іс-шараларын шешуде негізгі болып табылуы.
Мемлекеттік өкімет – біртұтас, сондықтан оны 2 бөлікке бөлуге болмайды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес (3-бап) мемлекеттік өкіметтің бірден-бір қайнар көзі болып – халық танылады. Өкіметті халық республикалық референдум мен ерікті өкімет арқылы басқарады, сонымен қатар өзінің өкіметін өзіне иелене алмайды, ол заң бойынша қудаланады. Тек қана халық пен мемлекет атынан Президент қана сөйлеуге құқылы. Осындай құқықпен конституциялық органдардың саясында парламенттің құқығы бар, олар да өзіне берілген өкілеттіктер арқасында мемлекет атынан сөйлеуге құқығы бар.
Мемлекеттік аппараттың құрылымын былай айтып көрсетуге болады:

  • өкілетті органдар

  • атқарушы органдар

  • сотқа жататын органдар мен бақылау-қадағалау органдары.

Барлық мемлекеттік органдардың жүйесін Қазақстан Республикасының Президенті мен оның әкімшілігі біріктіреді. Сонымен қатар аталған органдардың өз жұмыс жүйелері бар. Бірінші топқа Қазақстан Республикасының Парламенті мен жергілікті өкілеттік органдар (мәслихаттар), екінші топқа – жалпы біліктілік органдар (ҚР Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар - әкімияттар) және салалы біліктілігі бар органдар (орталық және жергілікті салалық органдар), үшінші топқа сотқа жататын органдар (Жоғары Сот, жергілікті соттар), ал бақылау-қадағалау органдарына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі және ҚР Прокуратурасы да кіреді.
Мемлекеттік органдардың классификациясына мемлекеттің түрлері өз әсерін тигізеді. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен маңызы басқару түрлері және жұмыс істеу әдістерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет