Халықтың өлкелік принципімен бөлінуі.
Мемлекеттік басқарудың обьектісі ретіндегі сипаттамасына сүйене отырып әлеуметтік жүйесіне байланысты халықты өндірістік принцип бойынша бөлуге болады. Бұл жердегі еңбектің қоғамдық ұйымдастырылуы туралы мемлекеттің саясаты әңгіме етіледі, ол қоғамның еңбек ресурстарын пайдаланады. Еңбек құқықтарын пайдаланудағы экономикалық - әлеуметтік қасиеттерін заңды кепілде мемлекет белгілейді, ол тек қана Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, сонымен қатар республикада тұрғылықты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Азаматтардың қажеттілігін өтеу үшін, кәсіби деңгейі мен дайындығын көтеруде, жұмыс орындарының көбеюіне қарай халықтар өндірістік принциптермен бөлінеді, сонымен қатар республикалық және аймақтық халықты жұмыспен қамтамасыз етеді. Қоғамдық еңбекті ұйымдастыру түсінігі – ол қоғамдық еңбек ресурстарының болуы мен жағдайы, еңбектің бөлінуі мен кооперациясы, олардың еңбек тәртібімен белгіленуі және бірыңғай еңбек процесін басқаруда, еңбек өлшемін белгілеу және өндірістің басқа шарттары, қоғамдық еңбектің бөліну тәртібі және онда еңбекшілердің толыққанды қатысуы, еңбек күшін көбейту болып келеді. Қазіргі тәуелсіз егеменді Қазақстанда жоғарыда айтылған мәселелер күннен күнге аса маңызды әлеуметтік маңызды болып табылады. Бұның барлығы қазіргі кездегі өндірістің арасындағы меншіктік қатынастардың түбегейлі өзгеруіне байланысты болып келеді, сондықтан жаңа әлеуметтік қоғамның құрылымының құрылуы, ол еңбекті басқарудың бірден бір тиімді екенін көрсетеді.
Қазақстан – 2030 Стратегиясында адам ресурстарының жоғары деңгейде екені көрсетілген, ал олардың қасиеті қоғамның ең маңызды да басты қасиеті екені ретінде қаралады. Қазіргі кезде Қазақстанда жоғары білімді, өте жоғары ғылыми творчестволық мүмкіндігі бар халық өмір сүреді, ол әрине біздің республикамыздың бұрынғы жүйесінің жемісі. Сонымен бірге, біздің еңбек ресурстарының біздің қоғамның баға жетпес байлығы ретінде әр уақытта жаңаланып және жаңаша түрлерде дамуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |