Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттік басќарудыњ функционалдыќ ќ±рылымы



бет17/52
Дата20.05.2022
өлшемі1 Mb.
#458059
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
мемлекет кызм баскару

Мемлекеттік басќарудыњ функционалдыќ ќ±рылымы.
Жалпы философиялық мағынада функция (латынның function –іске асыру, орындау дегенді білдіреді). Қандай да бір обьектіні аталған қатынастар жүйесінде көрінетін сыртқы қасиеттер болып қарастырылады. Мемлекеттану ғылымында бұл ұғым өзінің мазмұнымен толықтырылады және әртүрлі мағыналы түстерге ие. Мемлекет функциясы оның мәнін білдіреді және әлеуметтік жүйеде көрініс табады. Басқару функциялары мемлекет функцияларынан ажырамас болады және соңғыларын жүзеге асыруда ұйымдастырушылық нысанын білдіреді; мемлекеттік органдардың функциялары ведомоствалық обьектілерге басқарушылық әсер етудің нақты түрлерімен байланысты.
Қамтылған және қамтылмаған көзқарастардың анализі басқару функцияларының проблемасын шешуге белсеніс ізденіс жақтары туралы куә болады, жалпы теоретикалық ізденістерге негізделе отырып, келесі қағидаларды анықтауға болады:
А) функцияны қоғамдық процесстерді басқару бойынша қызметтің мазмұнындағы элементі ретінде қарастыру;
Б) басқару функциясының басқару саласы ерекшеліктерінің қасиетімен өзара байланысы;
В) функцияларды іске асыру механизмі, яғни функцияның, оның қамтамасыз ету құралдарымен байланысын нығайту.
Мемлекеттік басқару функциясына келетін болсақ, олар мемлекет функциясымен тығыз байланысқан және әдістерін айқындайды, сондай-ақ соңғыларын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық нысанын бейнелейді. Басқару функциясы обьективті категория болып табылады және нақты органдарға әрекет етеді, олардың жалпылығы басқарушылық қызметтің мәнінен келіп шығады, олар әлеуметтік басқару жүйесінің барлық звеноларына тән болып келеді. Мемлекеттік басқару функциясы басқарушылық қызмет мазмұнында типтік бағыт болады, мемлекеттік әлеуметтік жүйеге басқарушылық әсерінің белгілі бір түрі ретінде әрекет етеді. Олар бүкіл мемлекеттік аппарат құрылымында өндіріледі және нақты мазмұнымен толықтырылады.
Ұйымдастыру – мемлекеттік басқару субьектілерінің құқықтық мәртебесін және құрылымдық нұсқауларды қамтиды; қоғамдық жүйеде басқарылатын обьектілердің құрылуы мен құқықтық мәртебесін анықтауда; мемлекеттік басқарудың субьектілері мен обьектілері арасындағы өзара байланысты бекітуді қамтиды.
Жоспарлау – жұмысты орындау мерзімі мен аяқтау нысанын; нәтижесін, тәртібін көздейтін іс- шаралар жүйесінің алдын ала ескерілуін қамтиды. Осыған орай жеке іс шаралардың орындалуына жауаптылар көрсетіледі. Американдық ғалымдар “жоспарлау – бұл не істеу керек, қашан және кім жасау керектігі туралы алдын ала қабылданған шешімдер; жоспарлау біздің өткен жағдайларымызбен және біздің болашақтағы жететін көпір арасына жол салады”. Болжамдау арнайы ғылыми ізденістер негізінде қоғам дамуының болжамын жасап шығаруын өзінің құрамына алады. Болжау (гректің prognosis – алдын ала көру, паймдау дегенді білдіреді, әлеуметтік жүйенің нақты жағдайын, олардың болашақтағы жеке звеноларын пайымдау, жобалы қарастыруды білдіреді (жаратылыстағы жағдаяттар), сондай-ақ олардың белгілі бір уақытта пайда болуын болжамдау және олардың мақсатты және тәжірибелі қызмет процесіндегі жағдайын алдын ала ескеру.
Бағдарламалау – (проектирование) – бір немесе бірнеше мемлекеттік басқару мақсатын іске асыру бойынша іс шаралар жүйесін құрастыру процесі болады. Бағдарлама (гректің progrfmma – нұсқау, хабарландыру) белгілі бір жұмыстарды орындаудың тәжірибелік әрекеттерінің жоспары мен мазмұнын қамтиды.
Кадрлық қамтамасыз ету- мемлекеттік басқару жүйесіндегі мамандарды бөлу мен тиімді пайдаланумен байланысты сұрақтар жиынтығындағы шешімдерді қамтиды, мемлекеттік органдарға және ведомоствалық ұйымдарға кадрлерді іріктеуге қойылатын арнайы талаптар туралы айтылып отыр.
Реттеу – қоғамдық қатынастарды тәртіптендіруде бағытталған адамдар мен олардың ұжымдарын қажетті алып жүру шекараларын анықтайды.
Бақылау – басқару функциясы ретінде мемлекеттік аппараттың барлық звеноларының аппаратының қызметіне бекітіледі. Бақылау ведомоствалық обьектілердің жағдайы туралы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалардың жұмысы туралы обьективті ақпараттарды алумен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет