Өндірістік кәсіпкерлік – тауарларды, қызметтерді, ақпа-раттарды, рухани байлықтарды өндіруді іске асыруды айтады. Мұндағы кәсіпкерліктің ең басты қызметі - өндіріс. Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндіріс-тік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өнді-рістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр. Өндірістік кәсіпкерлік акцияның нәтижесі, өндірілген тауардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік - өндіріспен байланысты емес, тауарлар мен қызметтерді алыпсатарлық жөнінде операциялар мен мәмілелерді іске асыратын қызметті айтады. Коммерциялық мәміледе нарық талдауы болуы қажет, нәтижесінде сатып алу көлемі, тауар сату сатып алу бағасы және тауарды өткізу бағасы болжамданады.
Қаржылық кәсіпкерлік - сатып алу және сату объектісі арнаулы тауарлар – ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табы-лады. Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржы-лық-кредиттік мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің талдауы алдын-ала болуы қажет. Қар-жылық кәсіпкерлікте қызметтің арнаулы түрлері бөлінеді, онда кәсіпкер өзі сататын бағалы қағаздарды шығарушы ретінде көрі-неді, оны белгілі бір жағдай мен міндеттемелерде кәсіпкерлік қызметтің мәнді нәтижесі іспетті қаржылық тауар ретінде орна-ластырады. Қаржылық мәміленің негізгі бөлігі (ақшаны, валю-таны, бағалы қағаздарды сатып алушыға сату) мұқият рәсімдеу мен жоғары назар аударуды қажет етеді. Сатып алушының қар-жылық халін анықтау, кепілдік мүмкіндігін белгілеу, сатып алу-шыға беруге келіскен кепілдемесін анықтау қажет.
Делдалдық кәсіпкерлік - өзара мәміле жасауға ынталы та-раптарды табыстыру негізінде пайда болатын қызмет. Кәсіпкер осындай қызметі үшін табыс табады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – қаржылық кәсіпкерліктің ерек-ше нысаны, оның мәні мынада: кәсіпкер сақтандыру жарнасын алады, оны сақтандыру шарты орындалғанда ғана қайтарады. Жарнаның қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Сонымен, кәсіпкерліктің барлық түрлерінің мүддесі табыс алу екені мәлім болды. Бұл үшін олар шектеулі ресурстарды құ-рамдастыра білуі қажет. Ресуртардың түрлі комбинацияларын жүзеге асыру – кәсіпкердің іс-әрекетінің қажетті буыны болып табылады. Шумпетердің пікірі бойынша, олар бес бағытты қамтуы керек:
Жаңа игілікті дайындау немесе ескі игіліктің жаңа сапа-сын құру;
Өндірістің жаңа әдісін енгізу;
Жаңа өткізу нарығын игеру;
Шикізаттың немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін алу;
Өндіріске қажетті қайта ұйымдастыруды өткізу.
Әрбір жаңа уақыт аралығында жаңа комбинациялар пайда болуы мүмкін. Кәсіпкерліктің бұл қасиетін Ж.Б.Сей аңғарып, А.Смиттің берген анықтамасын былайша толықтырды: “Кәсіп-кер – бұл өндіріс факторларын комбинациялайтын экономика-лық агент”.
Достарыңызбен бөлісу: |