Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Мемлекеттің ақша-несие жүйесі



бет50/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Мемлекеттің ақша-несие жүйесі. Ақша – несие саясаты инфляцияға қарсы күреске, ұлттық валюта бағамын қолдауға және нарықтың қалыпты жағдайда қызмет етуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі. Ақша–несие саясаты – бұл экономикалық жағдаятты «нәзік қалыпқа түсіретін» құрал. Ақша несие саясатының негізгі қарасты-ратын міндеттері, толық жұмыспен қаматамасыз етілуді және инфляцияның болмауымен сипатталатын өндірістің жоғары дең-гейіне жетудің экономикалық жүйесіне көмектесу болып табы-лады.
Ақша-несие саясатының мақсаттары:

  • қаржылық нарықтағы теңдестікті қолдау, айналымдағы ақша жиынтығын реттеу мен бақылау;

  • экономикадағы инфляциялық көріністермен күрес, ұлт-тық валютаның бағамын реттеу;

  • экономикалық кезеңді реттеу және жағдаятты теңдес-тіру;

  • экономиканың нақты секторын арзан несие ресурстары-мен қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияның тө-мен қарқынын (6-8 пайыз) қолдау болып табылады.
Бұл мақсатқа Ұлттық банкте бар барлық құралдарды пай-далану арқылы арқылы ақша базасының деңгейін реттеуді қам-тамасыз етумен қол жеткізуге болады.
Ақша-несие саясаты ақша айналымын реттеу, қайта қаржы-ландыру мөлешерін белгілеу, валюталық дәлізді белгілеу және т.б. арқылы жүргізіледі. Барлық көрсетілген құралдар экономи-каға жанама және жалпы ықпал көрсетеді, сондықтан бұл құрал-дарды қолданудың сандық нәтижесі алдын ала баға беруді тө-тенше қиындатады.
Қазіргі заманғы жағдайда экономикасы дамыған елдерде үш негізгі құралдар пайдаланылады: ашық нарықтағы опера-цияларды, міндетті резервтердің мөлшері мен есептік мөлше-рін. Олардың көмегімен орталық банк қаржы несие саласын реттеуді жүзеге асырады.
Ашық нарықтағы операциялар бұл есептік саясатты көте-ру құралы. Орталық банк бағалы қағаздарды, банк акцептерін және басқа да несиелік төлемдерді сатады және сатып алады. Ашық нарықтағы операциялардың ерекшелігі, олардың нарық-тық пайыздық мөлшер бойынша емес бұрын белгіленген бағам бойынша өткізіледі. Пайыздық мөлшер мемлекеттік бағалы қа-ғаздардың мерзімділігіне байланысты Орталық банкпен сарала-нымды белгіленеді.
Есептік саясат - бұрын коммерциялық банк есептелген вексельдерді қайта есептеу немесе сатып алуға негізделген.
Дисконттық саясаттың мәні несиелік институттарды қай-та қаржыландыру жағдайының өзгеруіне ақша нарығындағы жә-не капитал нарығындағы жағдайға ықпал етуінде.
Міндетті резервтердің саясаты экономиканы ақшане-сие реттеуінің құралы ретінде, ақша нарығына мемлекеттің тіке-лей әкімшілік әдісімен ықпал етуіне қатысты. Бұл Орталық банктің коммерциялық банктердің қолда бар ақша ресурстары-ның көлеміне және олардың несиелік мүмкіндіктеріне ықпал етуінің тәсілі.\\\сноска


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет