Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл нарықтық ме-ханизмнің қызметінің тиімділігін жоғарылату және әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен қо-ғамның әлеуметтік - экономикалық жүйесіне өкілетті мемлекет-тік органдарының экономикалық және әкімшілік әдістермен құ-қықтық және бақылау жүйелері көмегімен әсер ету үрдісі.
Мемлекеттің экономикалық қызметтері:
Экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері:
1. Экономикалық тиімді мемлекет (американ тәжірибесі). Американдық мемлекеттің тиімділігі ұлттық экономиканың қа-уіпсіздігін қамтамасыз етуде көрінеді. Мемлекеттің экономика-лық рөлі ұлттық экономика қызметінің сыртқы және ішкі жағ-дайларын қамтамасыз етуге қатысу деңгейінде байқалады. Со-нымен бірге, шаруашылық шеңберінде кәсіпкерліктің кез келген түрінің тиімді қызмет етуі үшін елде мүмкіндік сақталған жағ-дайда ғана мемлекет экономикалық тиімді деп саналады.
Француздық индикативтік жоспарлау. Францияда инди-кативтік жоспарлар макрореттеу құралының ішіндегі бірден–бір сипаты нысаны ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Индикатив-тік жоспарлау жүйесі халық шаруашылығындағы мемлекеттік меншіктің жоғары үлесіне сүйенеді. Жоспарлау «төменненң бе-кітіледі және кеңесу мен келісуге негізделеді, өйткені, ол әр түрлі «топтар мүделерің өкілдерінің тең құқықтағы қатынасуын қосады: мемлекеттік қызметкерелді, кәсіпкерлерді, кәсіподақ-тарды, тұтынушылар одағын және т.б.
3. Швед үлгісі ұлттық табыстың елеулі бөлігінен аз қам-тамасыз етілген тұрғындарды қамтамасыз ету пайдасына қайта бөлу арқылы елеулі мүліктік теңсіздікті жұмсартуға бағытталған күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді. Мемлекеттің рөлі меншіктің шағын үлесіне ие бола отырып, оның ЖҰӨ-нің елеу-лі бөлігін әлеуметтік қажеттіктерге жұмсауымен анықталады.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары: