Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет47/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы.

  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс құрылымының өзгеруі және жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының сәйкес келмеуі. Фрикциондық жұмыссыздықтан құрылымдық жұмыссыздықтың айырмашылығы мынада: фрикциондық жұмыссыздық кезінде жұмысшы біліктілігін сақтап қалады, ал құрылымдық жұмыссыздық кезінде жұмысшы толығымен біліктілігін ауыстыруға мәжбүр болады..

  • Циклдық жұмыссыздық – жұмыс күшіне сұраныстың төмен болуы, өндірісте құлдыраудың орын алуымен, яғни экономиканың циклдық ауытқуына байланысты. Бұл жұмыссыздықтың ең жағымсыз түрі.

  • Маусымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы. Оған құрылысшылар, ауыл шаруашылығы, қысқы жылу жүйесінің жұмысшылары жатады.

  • Технологиялық жұмыссыздық – адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.

  • Институтционалдық жұмыссыздық қазіргі әлеуметтік қорғалған қоғамда жүзеге асырылады. Оның осылай аталу себебі, жұмыссыздық қоғамдық институтттар әрекетінен туындайды. Мысалы, мемлекет әлеуметтік жәрдемақы төлей отырып, адамдардың жұмыс істемей өмір сүруіне септігін тигізеді.

    Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейінің сомасы жұмыссыздықтың табиғи деңгейін құрайды.
    Жұмыссыздықтың басты құны – ЖҰӨ-нің көлемінің қысқаруы болып табылады. Макроэкономика аумағын зерттеушілердің бірі Артур Оукен жұмыссыздық пен ЖҰӨ-нің қысқаруы арасындағы деңгейді математикалық түрде көрсетеді. Бұл қатынас Оукен заңы деп аталады. Осы заңға сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейінен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 1 пайызға артса, ЖҰӨ-нің көлемі 2,5 пайызға қысқарады.
    Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық салдары:

    • ЖҰӨ-нің деңгейінің қысқаруы;

    • Тұрғындардың табысының төмендеуі, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, қылмыстың көбеюі және т.б.

    • Жұмыскерлердің мамандығының жоғалуы.

    Еңбек биржасы – жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында жұмыс күшін сату-сатып алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты жүзеге асыратын, жұмыссыздықты тіркейтін мекеме.
    Жұмысбастылық деңгейін көтеру мен жұмыссыздықты қысқарту бойынша шаралар:

    • Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

    • Жеке кәсіпкерлікті қолдау, мен халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

    • Жеткіліксіз мамандар бойынша біліктілікті дайындау және қайта дайындау;

    • Жұмысбастылықтың икемді формасын қолдану;

    • Жаңа жұмыс орнын ашу негізінде еңбекпен қамтамасыз ету;





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет