Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Экстенсивті - өндіріс қуатын өндіріс факторлары санын көбейту нӘтижесінде ұлғайту. Аралас



бет10/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Экстенсивті - өндіріс қуатын өндіріс факторлары санын көбейту нӘтижесінде ұлғайту.
Аралас - өндірістің қуатын өндіріс факторлары санын жӘне техника мен технологияны жетілдіру нӘтижесінде ұлғайту.


Тақырып 3. Экономикалық институттар: меншік және кәсіпкерлік
Меншіктің экономикалық мазмұны. Еңбек құралдарына деген меншік қатынастары өндірістік қатынастардың негізі бо-лып саналады, өйткені олар:

  • қоғамдағы экономикалық билікті: өндірісті кім басқа-рып, оның нәтижелерін кім алатынын;

  • өндірістің мақсатын, ол кімнің мүддесіне байланысты дамитынын;

  • өндірілген өнім қалай және қандай дәрежеде әділ бөлі-нетінін;

  • қоғам қандай әлеуметтік топтарға бөлінетінін анықтайды. Әр түрлі экономикалық мектептер меншік пен оның маз-мұнына алуан түрлі анықтама береді.

Маркстік теория бойынша меншік экономикалық ка-тегория ретінде өндіріс құралдарын және өндіріс үрдісінде олардың көмегімен қалыптасқан материалдық игіліктерді иеле-ну, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын бейнелейді.
Бұл жерде матаериалдық игіліктердің субъектіге тиісті екендігін тек ол өзі ғана емес, сонымен қатар, басқа да субъек-тілер білуі қажет, сол себепті меншік құқығы қоғамдық қатынас ретінде қалыптасады.
Маркстік теория бойынша меншік экономикалық катего-рия ретінде адамдардың еркіне, санасына тәуелсіз қалыптасады. Ертедегі Солонның (б.ғ.д. 594 ж.) және Клисфеннің (б.ғ.д. 509 ж.) заңдарында заңдар меншік қатынастарын тудырмайды, олар қоғамда қалыптасқан қатынастарды бекітеді деп айтылған. Сон-дықтан, меншіктің экономикалық және құқықтық категорияла-рын бөліп қарастыру қажет.
Меншік экономикалық категория ретінде игіліктерді ием-денудің белгілі-бір формасы мен әдісін көрсетеді және ақшалай немесе басқа да табыс түрінде іске асады. Экономикалық тұр-ғыдан меншік бүкіл шаруашылық қызметін қамтиды. Адам бас-қа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады.
Меншік құқықтық категория ретінде мүлік қатынастарын анықтайды. Заңға сәйкес мүлік меншік иесіне тиесілі болады. Заң шығару арқылы жеке адамдар немесе жалпы қоғам қарама-ғындағы заттарды иемдену мен пайдалануға байланысты туын-дайтын адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқық нор-малары белгіленеді.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс пен өнді-рістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр.
Меншіктің мазмұнын ашатын басты категория – иемдену құқығы. Иемдену меншік объектісін экономикалық әдістермен қоса, мәжбүрлеу және құқықтық әдістері арқылы басқа субъек-тілердің иелігінен алу болып табылады. Иемдену категориясын зерттей келе, иемденуді еңбек арқылы, айналым арқылы және өндіріс үрдісінде жүзеге асырылатын акт ретінде қарастыруға болады.
Меншіктің иемденуден басқа иелену, пайдалану және бұ-йыру сияқты түрлерін бөліп көрсетуге болады.
Иелену – бұл жартылай иемдену. Иегер - өндіріс құралда-рын ұсынушы. Иелену – меншік иесі белгілеген жағдайда жүзе-ге асатын меншік. Мысалы, мерзімділікпен, ақылылықпен, қай-тарымдылықпен, сондай-ақ, табыстың бір бөлігін иемденумен сипатталатын жалға беру немесе несие.
Пайдалану – затты оның тағайындалуына байланысты қол-дану. Пайдалану меншік пен иеленуді жүзеге асыру фоомасы ре-тінде қарастырылады. Егер иелену меншік функциясы болып та-былатын болса, ал пайдалану иеленудің функциясы болады.
Бұйыру құқығы – кәсіпкердің меншік иесімен берілген рұқ-сат аясында мүлікті пайдалануға беру құқығымен негізделген меншік объектісіне байланысты иеленушінің немесе басқа тұл-ғалардың шешім қабылдауы.
Сонымен, меншік – бұл материалды игіліктерді иемдену-ге, иеленуге, бұйыруға және пайдалануға байланысты адамдар арасында қатынас. Меншік элементтерінің арасында келесі бай-ланыс бар: бұйыру пайдаланумен анықталады, ал пайдалану ие-ленумен, иелену меншік формаларымен анықталады.
Экономикалық теорияға сәйкес меншік құқықтары ресурс емес, ресурстарды қолдану бойынша құқықтардық үлесі немесе бір бөлігі.
Меншік құқығының экономикалық теориясының бастауы ретінде екі әйгілі американдық экономистерді – Р.Коуз бен А.Алчианды атап айтуға болады. Бұл теорияны зерттеуді одан ары дамытуға И.Барцель, Г.Беккер, Д.Норт, Н.С.Ченг, Р.Познер және тағы басқалар үлес қосты.
Меншік құқығы негізгі он бір эленменттен тұрады:
1) иелену құқығы, яғни, игіліктерге физикалық бақылау жасау құқығы;
2) пайдалану құқығы, яғни, игіліктердің пайдалы құрам-дарын өзі үшін пайдалану құқығы;
3) басқару құқығы, яғни, игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз ететіндігін шешу құқығы;
4) табыс табу құқығы, яғни, игіліктерді пайдаланудан бол-ған нәтижелерді иемдену құқығы;
5) егемендік құқығы, яғни, игіліктерді бөлектету, қолдану, өзгерту және жою құқығы;
6) қауіпсіздік құқығы, яғни, игіліктерді экспроприация-лаудан және сыртқы ортадан болатын залалдардан қорғау құқығы;
7) игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы;
8) игіліктерді иемденудің мерзімсіздігі құқығы;
9) игіліктерді сыртқы ортаға залал келтіретін әдістермен пайдалануға тыйым салу;
10) қайта өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғ-ни, қарызды өтеу үшін игіліктерді қата өндіріп алу мүмкіндігі;
11) қалдықты сиаттағы құқық; яғни, бұзылған құқықтарды орнына келтіруді қамтамасыз ететін процедуралар мен инсти-туттардың қызмет ету құқығы.
Меншік әртүрлі формада кездеседі. Меншіктің негізгі фор-маларын қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет