Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Кәсіпкерлік: экономикалық мәні, белгілері, түрлері. “



бет12/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Кәсіпкерлік: экономикалық мәні, белгілері, түрлері. “Кәсіпкерлік” ұғымы ХVІІІ ғасырда пайда болды және “мен-шік” ұғымымен теңестірілді.
Кәсіпкерлік – бұл табыс алуға бағытталған және тәуекел-мен байланысты адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбек-тің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терми-нін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) енгізді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағда-йында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады. Р.Кантильонның түсінігінде кәсіпкер алдағыны көре білетін ерекше қабілеті бар, тәуекелге баратын, қабылданған шешімге толық жауапкершілікті өзіне алатын ерек-ше субъект болды.
Адам Смит кәсіпкер ретінде, кәсіпорынның меншік иесін, кәсіпкерлік қызметтің мақсатын – кәсіпкерлік табыс алу деп тү-сінді. Кәсіпкердің қызметін бағалай отырып А.Смит “Өзінің же-ке мүдделерін көздей отырып, ол қоғамға саналы түрде қызмет еткісі келгенінен де артық еңбек сіңіреді” деп атап көрсетті.
Тәуекелділік, жауапкершілік, белсенді ізденіс, бастамашы-лық кәсіпкерлікке тән белгілер болып табылады.
Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарттарын бөліп көрсетуге болады:

  • шаруашылық әрекетінің бостандығы. Субъектіде шаруа-шылық қызметінің түрін таңдау, өндірістік бағдарламаны қа-лыптастыру, қаржыландыру көзін таңдау бойынша және ресурс-тарға қол жеткізу, өнімдерді өткізу, оларға баға қою, кәсіпкер-ліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәре-жеде еркіндігі мен құқы болуы шарт.

  • экономикалық әрекетке, оның нәтижесіне, сондай-ақ оған байланысты пайда болатын қатерлерге жеке басымен то-лық жауап беру. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, туын-тайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған ше-шімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болма-ғаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны.

  • коммерциялық табыс – пайда түсіруге бағытталады. Та-быс алу мен коммерциялық жетістіктерге жетуге пайда табуға бағдар, мұның өзі экономикалық қажетті нарықтық құрылымын орнатумен байланысты.

  • меншіктің, кәсіпкерлік меншіктің тұрпаттары, түрлері және нысандарының көптүрлілігі. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды.

Іс-әрекетінің мазмұнына байланысты кәсіпкерлік келесі түрлерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет