Жеке меншік – жеке азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігі, оларға мүлікті толығымен иемденуге, иеленуге, бұйы-руға және пайдалануға құқық береді; қандай да бір объектіге қатысты барлық билікке жеке адам немес тұлғалар тобы ие бола алатын жағдай.
Мемлекеттік меншік. Нарықтық экономикада меншіктің мұндай формасында меншік иесі болып мемлекет табылады, оның басты мақсаты - жеке меншік секторының тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету және қоғамдық мүддені қанағаттындыру. Мемлекеттік меншіктің ерекше бөлігі ретінде муниципалды меншікті қарастыруға болады. “Муниципал” - латынның “munі-cіpalіs” немесе немістің “munіzіpalіtet” сөздерінен шыққан, “қа-ланы басқару” деген ұғымды білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары, мүлік және әкімшілік-аумақтық құ-рылымдарды басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.
Аралас меншік – мемлекеттік және жеке меншік форма-ла-рының өзара әрекет етуі. Бүгінгі күні, меншіктің бұл түрі да-мыған және кейбір дамып келе жатқан елдердің экономикасын-да басты болып саналады. Аралас меншікке акционерлік қоғам-дарды, кооперативтерді, серіктестіктерді жатқызады.
Адамзат тарихында меншік алуан түрлі формада көрініс тапты. Олардың барлығын негізгі екі типке біріктіруге болады: жалпы меншік типі және жеке меншік типі.
Жалпы меншік аясында отбасы меншігі, мемлекеттік, му-ниципалды меншік, сондай-ақ, акционерлік қоғамдар, коопера-тивтер, серіктестіктер, шаруашылық бірлестіктер, бірлескен кә-сіпорындар сияқты меншік түрлері қарастырылады.
Жеке меншік екі түрге бөлінеді:
Әртүрлі экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің бір тү-рінің басым болуы, оның басқа түрінің болуын жоққа шығар-майды. Меншіктің барлық түрінің араласуы мен өзара іс-әре-кеті, экономикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық жүйеге өту үшін игілік-терді мемлекет иелігінен алу жєне жекешелендіру жүзеге асыру талап етіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасуы Қазақстанда меншік қатынастарын қайта құру қажеттігін көрсетті. Ол мем-лекет қарамағынан алу және жекешелендіру жолымен жүргізі-леді. “Мемлекет қарамағынан алу” түсінігі меншік қатынасымен шектелмейді. Ол “Жекешелендіру” түсінігінен әлдеқайда кең. Экономиканы мемлекет қарамағынан алу өндірісті басым мем-лекеттік-директивтік реттеуден нарықтық тетіктер негізінде рет-теуге көшуді білдіреді. Мемлекет қарамағынан алу кезіндегі мемлекеттің қызметі мен экономикалық рөлі өзгереді:
Мемлекет тікелей шаруашылық субъектісі болмай қалады.
Мемлекеттік жоспарлау директивтік емес, индикативті сипаттамада болады.
Мемлекеттік баға қою тауарлар мен қызмет көрсетулер-ге нарық талабы бойынша нарықтық баға қоюға орын береді.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі ба-ғыттары:
ірі және сирек мүлікті кешендерді жеке жоба бойынша жекешелендіру;
орташа кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
аукциондар мен конкурстар арқылы жүзеге асатын кіші жекешелендіру, сауданың шағын кәсіпорындары, коммуналдық шаруашылықтар, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері.
Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңмен өтті.
бірінші кезең 1991-1992 жылдары өтті. Жекешелендіру ұсынысты сипатта болды, ол кезде кәсіпорынның ұжымынан соған кәйкесті өтініш алынған жағдайда, мемлекеттік органдар шешім қабылдады. Жекешелендіру процесінің негізгі бағыты – мемлекеттік орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарық-тық экономикадан өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ау-қымда реформалау болды. Содан кейін аукцион, конкурс өткі-зіліп, немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның ең-бек ұжымдарына қайтарымсыз берілді. Соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
екінші кезең 1993-1995 жылдар. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлы-ғымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлт-тық Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды. Мемлекет қара-мағынан алу туралы ұсыныс қағидасынан өтіп, әртүрлі шаралар әзірленіп, монополияға қарсы әрекеттер қолданыла бастады. Жекешелендірудің үш түрі қолданылды: жеке жобалар мен аг-роөнеркәсіптік кешендер бойынша шағын және жаппай жеке-шелендіру.
үшінші кезең 1996-1998 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы № 246 Қаулысымен бекітілген “Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құры-лымдау Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды. Электро-энергетикалық және мұнай газ салаларында жекешелендіру бас-талғанда, секторлық бағдарлама бойынша өту кезеңі.
төртінші кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды жә-не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусым-дағы № 683 қаулысымен бекітілген “1999-2000 жылдарға арнал-ған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиім-ділігін арттыру Бағдарламасына” сәйкес жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |