Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Шаруашылық әрекетті ұйымдастыру әдістерінің не-гізіндегі экономикалық жүйенің жіктемесіне келесі белгілер тән



бет16/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Шаруашылық әрекетті ұйымдастыру әдістерінің не-гізіндегі экономикалық жүйенің жіктемесіне келесі белгілер тән:
1) өндіріс факторларына деген меншік формалары;
2) негізгі экономикалық шешімдерді кім және қалай қа-былдайды;
3) экономикалық әрекеттерді үйлестіру әдістері;
4) экономикалық әрекеттерді жүзеге асыруды ынталанды-ратын әдістер.
Өткен ғасырдың басында К.Бюхер (1906) қоғамдағы өнді-ріс пен тұтыну арасындағы байланыс сипаты критерййінің негі-зінде экономикалық жүйені келесі үш түрге бөлді;
1) жабық үй шаруашылығы, бұл жерде алынған игіліктер айырбассыз, үй шаруашылығында қолданылады;
2) қала шаруашылығы, бұл жерде айырбас міндетті түрде жүреді, игіліктер шаруашылық өндірушіден тұтынушыға тіке-лей ауысады;
3) халық шаруашылығы, бұл жерде игіліктер тауарлық-ақшалай айырбастың көмегімен тұтынуға жеткенше бір қатар шаруашылықтардан өтеді.
Бірінші жүйе алғашқы қауымдық отбасылық топтардың болуымен сипатталады. Әдетте, отбасындағы адам саны 16-40 адамға жеткен. Құлиеленушілік, соңынан крепостнойлы үй шар-уашылықтарында адам саны өте көп болған.
Екінші жүйе ұсақ қолөнершілердің өзіндік әрекеттерімен, шаруашылықтың монополиялы цехтік ұйымдарымен сипатта-лады.
Үшінші жүйе жалдамалы еңбекті қолданатын ірі өндіріс-тің болуымен сипатталады. “Халық шаруашылығы немесе капи-талистік шаруашылық” пайда болады.
Экономикалық жүйені келесі екі белгісі бойынша жіктеу кеңінен қолданылады:
1) өндіріс құралдарына деген меншік формасы бойынша;
2) экономикалық әрекетті үйлестіру және басқару әдістері бойынша.
Осы критерийлердің негізінде келесі жүйелерді бөліп қа-растыруға болады: дәстүрлі экономика, жоспарлы экономика, нарықтық экономика, өтпелі экономика.
Командалы немесе тоталитарлы экономика. Бұл жерде кәсіпорындарды басым көпшілігі мемлекеттің меншігі болып са-налады, олар мемлекеттік директивтің негізінде жұмыс істейді және материалдық игіліктер мен қызметтер өндірісі, оларды қайта бөлу, айырбастау және тұтыну туралы шешімдер мемле-кетпен қабылданады. Бұл жүйеге мысал ретінде КССР, Алба-нияны және т.б. келтіруге болады;
Жоспарлы экономика – бұл материалдық ресурстар мем-лекет меншігі болып табылатын, ал экономикалық әрекет бағыт-тау мен үйлестіруді орталықтан бақылау жасау, жоспарлау және басқару арқылы жүзеге асырылатын жүйе.
Жоспарлы экономика экономикалық ресурстарға деген қо-ғамдық меншіктің негізінде қызмет етеді. Негізгі экономикалық шешімдер орталықтан әлеуметтік-экономикалық даму жоспары ретінде қабылданады. Жоспарды орындау арқылы экономика-лық әрекеттің теңдігіне қол жеткізіледі.
Жоспарлы экономиканың екі түрі кездеседі: демократия-лық жоспарлы экономика және командалық жоспарлы эконо-мика.
Демократиялық жоспарлы экономикада экономикалық ре-сурстарға қатысты мемлекеттік меншікпен қатар, жеке меншік те кездеседі. Бірақ та, мемлекеттік меншік басым күшке ие болады. Демократиялық жоспарлы экономиканың элементтері дамыған елдерде (Франция, Германия), дамып келе жатқан елдерде (Индияда) кездескен.
Командалық жоспарлы экономика мысал ретінде бұрынғы КССР-ді және Шығыс Еуропа мен Азияның бір қатар елдерін келтіруге болады. Бұл экономикалық ресурстар тек мемлекеттің меншігінде болады. Жеке меншік деген мүлдем жоқ. Жоспарлау экономикалық әрекеттің барлық саласы үшін міндетті.
Командалық экономика жағдайында барлық кәсіпорындар орталықтан басқарылады. Сондықтан да, өндірушілер тікелей экономикалық шешімдер қабылдай алмайды. Сондай-ақ, өздігі-нен шикізат жеткізіп берушілерді, құрал-жабдықтарды таңдай алмайды және өздігінен өнім шығара алмайды. Ал өз кезегінде, тұтынушылардың ұсынылатын өнімдерді таңдауы шектеулі. Осының нәтижесінде бәсеке болмайды, өнімнің сапасын жақ-сарту, еңбек өнімділігінің өсуі және инновацияларды енгізу тежеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет