Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Формациялық тұрғыдан қарастыратын болсақ



бет15/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Формациялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, бұл бағыт маркстік теорияға қатысты. Маркс формацияны үш үлкен топқа бөлді:

  • алғашқы (архаикалық) формацияның құрамына өндіріс-тің алғашқы қауымдық және азиялық әдістері енеді;

  • екінші ірі формация жеке меншікке (құл иеленушілік, крепостнойлық, капитализм) негізделген.

  • үшінші - коммунистік формация жеке меншікті жоюға бағытталған және бұл соңғысы социализм болып табылатын екі фазадан тұрады. Формациялық тұрғыға сәйкес қоғамның тари-хи дамуында бес қоғамдық-экономикалық формациялар ауыс-қан: алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капита-листік, коммунистік.

Қоғамдық-экономикалық формация – бұл өндірістің белгілі бір әдісінің негізінде дамып отыратын қоғамның тарихи типі. Өндіріс әдісі – бұл даму деңгейі бір формациядан екінші фор-мацияға өтумен анықталатын, өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың жиынтығы.
Барлық қоғамдық-экономикалық формациялар үшін өнді-рістік қатынастар сипаты және даму деңгейі бойынша өндірістік күштерге сәйкес келу заңы қолданылады. өндіріс әдістерінің белгілі бір кезеңінде жаңа өндірістік күштер мен ескі өндірістік қатынастар арасында келіспеушіліктер пайда болады. Пайда болған қарама-қайшылық ескі формацияны жаңасына ауысты-руға алып келеді.
Аталған тұрғының басқалар сияқты өзіндік артықшылық-тары мен кемшіліктері бар. Формациялық тұрғының көмегімен адамзат тарихы логикалық жүйе ретінде реттеле түсті. Бұл тұрғы тек Батыс Еуропа үшін ғана қолайлы болып табылады, сондықтан да оны қолдану аумағы шектеулі.
Өркениеттік тұрғы.
Мұндай тұрғыдан қарастыру әлемдік экономиканы біртін-деп өркениеті ауысып отыратын ғаламдық бір бүтін ретінде санауды білдіреді. “Өркениет” сөзі латынның “азаматтық”, “қо-ғамдық” деген сөздерінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дә-режесін және деңгейін (антикалық, азиаттық, еуропалық) ба-ғалау үшін қолданылады. Бұл теория енді ғана дамып келе жа-тыр. Оның басты міндеті - жүйе құрайтын белгілерді табу. Кей-бір авторлар осы белгілер ретінде өркениеттің циклін алып қара-ған. Осы концепцияға сәйкес қоғамның дамуынан жеті өрке-ниетті бөліп қарастыруға болады:

  • Неолиттік, 35 ғасырға созылған;

  • Шығыс-құлиеленушілік – 20-30 ғасырға созылған;

  • Антикалық – 12-13 ғасырға созылған;

  • Ерте феодалдық – 7 ғасырға;

  • Индустрияға дейінгі – 4-5 ғасырға;

  • Индустриялды – 2-3 ғасырға;

  • Постиндустриалды – 2 ғасырға.

Өркениеттің соңғы түрі – постиндустриалды өркениет ара-лас әлеуметке бағытталған нарықтық экономика болып табы-лады.
Өркениеттік тұрғыға класстық шарттылықтар тән емес. Бұл оның басты артықшылығы.
Қоғамның индустриалды даму дәрежесі” критерийін қолдану бойынша жіктеме.
Ол үш экономикалық жүйені бөліп көрсетеді: индустрияға дейінгі, индустриалды және постиндустриалды. Соңғысын “ақ-параттық қоғам” деп те атайды.
Азияның, Африканың және Латын Америкасының тұрғын-дарының басым бөлігінің арасында, қазіргі кезде қалыптасып отырған индустрияға дейінгі қоғамда экономиканың басты сала-сы ретінде бастапқы сала қаралады, яғни, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, балық аулау. Қоғамда шикізаттық технология қолда-нылады. Адам бұлшық еттерінің күшін қолдана отырып, таби-ғатпен өзара әрекет жасайды, сондықтан да, өнімділік өте төмен деңгейде. Ауыл шаруашылығы өндірушісінің өмірінің ырғағы топырақтың түрімен, ылғалдылық мөлшерімен, жыл мерзімдері-нің ауысымен және т.б. анықталады. Адам тірі қалу үшін таби-ғаттың биологиялық ырғағына ілесіп, оларды қолда бар табиғи ресурстармен өлшеуге тиіс болады. Қоғам мүшелерінің әрекет-тері тек тіршілік етуге ғана бағытталғандықтан, олардың еңбек-терінің ақысы да өте төмен. Қоғамның әдістенуі өмірлік тәжіри-беге негізделген. Адамдардың әрекеті нақты оқиғаларға жауап табуға бағытталған. Өндірушінің қызметтері, өндірілген өнімнің сапасы мен саны өндірістік күштердің даму деңгейімен ғана анықталмайды, сондай-ақ, жұмысшылар ассоциациясымен (мы-салы, шаруа қауымдастықтары, қөлөнер цехы, көпес гильдиясы) де анықталады. Қоғамдық бастапқы ұясы болып салт-дәстүрді сақтап, оған бағынатын отбасы саналады. Сондықтан, индуст-рияға дейінгі қоғам дәстүрлік деп те аталады.
Қазіргі кезде, Батыс Еуропада, Жапонияда және басқа да дамыған елдерді басым болып табылатын индустриялды қоғам-да экономиканың басты саласы болып екінші сала табылады, яғни, өнім өндіретін өнеркәсіп. Бұл қоғамдағы жұмысшылардың қызметі түпкілікті өзгерген, ал технология энергетикалық болып ауысқан. Бұл жағдайларда адамның өзгертілген табиғатпен (“екінші табиғат”) өзара әрекет етуі жүзеге аырылады. өндірістік күштерді қоғамдық күштерге алмастыру өнеркәсіптік төңкеріс-тің нәтижесінде жүзеге асырылады. Адамның бұлшық етінің күші еңбектің табиғатын айтарлықтай өзгертетін машиналармен алмастырылады. Еңбектің жалпы ұйымдастырылуына жауап бе-ретін инженерлер және жартылай біліктендірілген жұмысшылар пайда болады. Олар өндріске инженерлер, оларды алмастыра-тын жаңа машиналар ойлап шығарғанша, қатысады. Индуст-риялды еңбек дене еңбегін шетке шығарады, ал қала ауыл қыз-метін шектейді. Адамдардың табиғатқа тәуелдігі төмендейді. Барлық ресурстарды рационалды пайдаланудың, еңбектің, өнді-рістің және бақарудың ғылыми ұйымдастырылуын дамытудың алғышарттары қалыптасады. Қоғамдағы экономикалық өмір тиімділік қағидасы бойынша құрылады. Негізгі фактор болып капитал, ал негізгі ықпал етуші топ болып оның иелері табыла-ды. Қоғамның әлеуметтік бірлігі болып жеке тұлға саналады. Нарықтық тұтынсын негізге ала отырып, шешім қабылдайтын жеке тұлғалардан құралатын қоғам қалыптасады. Ақша-тауар қатынастары жалпыға ортақ сипат алады. Кейбір жағдайларда қоғамның өміріне, оның ырғағына белгілі бір жұмысшылар то-бы ықпал жасайды. Бұл индустриалды өмірдің келеңсіз жақта-рының қыпалын төмендетеді. Алайда оның техникалық қасиет-тері сол қалпында қалады.
Ұлыбритания, Голландия, АҚШ, Жапония және басқа да елдердің тұрғындарының бір бөлігінің арасында қалыптасқан постиндустриалды қоғам қызметтерге негізделген. Қызметтер саласында үшінші сала (көлік және коммуналды шаруашылық қызметтері), төртінші сала (сауда, қаржы, сақтандыру және жылжымайтын мүлік операцияларының қызметтері) және бесін-ші сала (денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік басқару және демалыс қызметтері) айқын көрінеді.
Бұл жерде басты әрекет етуші тұлға – кәсіби маман, ал ше-шуші рольді стратегиялық ресурстар болып саналатын ақпарат-тар мен білім атқарады. Егер, ХІХ ғасырда және ХХ ғасырдың бірінші жартысында коммуникацияның негізгі түрі болып кітап-тар, журналдар, газеттер, одан кейін телефондар, телеграфтар, телеарналар саналса, қазір олардың орнын компьютерлік байла-ныс құралдары алмастырды. Индусрияға дейінгі қоғамда қала-лар сауда жолдарының қиылысқан орнында салынса, индустри-алды қоғамды олар шикізат пен энергия көздеріне жақын жер-лерге орналастырылса, ал постиндустриалды қоғамда технопо-листер ғылыми орталықтардың және ірі зертханалардың маңа-йында (мысалы, АҚШ-тағы Силикон алқабы) пайда болып отырған.
“Білім индустриясыны” ұмтыла өсуі бір уақытта материал-ды өндірістің азаюымен бірге жүреді. Ақпараттық технология қоғамның жаңа мазмұнын ашты – адамдар арасындағы ойын-дарды қалыптастырды. Қоғамның басты факторы болып ақпа-раттар мен білім жинағы, ал қоғамдағы басты ықпалын жүр-гізуші топ болып олардың меншік иелері (мысалы, Б.Гейтстің ақпараттық хандығы) саналды.
Денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласындағы қызметтермен және әр түрлі қолайлылықтармен өлшенетін өмір сүру сапасы ерекше маңызға ие болады. Қызметтер өздерінің дамуы барысында төрт кезеңді басынан өткізді. Бірінші кезеңде өнеркәсіптің дамуы көлік және коммуналдық қызметтердің пайда болуына әкелді, екінші кезеңде – материалдық игіліктерді бұқаралық тұтыну және тұрғындардың санының көбеюі сауда, қаржы, сақтандыру және жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар қызметінің өсуін қамтамасыз етті, үшінші кезеңде – ұлттық табыстың өсуіне байланысты тамақтануға кететін шы-ғындар азаяды да, ал ұзақ уақыт бойы қолданылатын тауарлар-ды (автокөлік, тұрғын үй), кейіннен, сәндік заттарды және де-малысты тұтынуға жұмсалатын шығындар көбееді.
Өмір сүру нәтижесінде қоғам екі негізін қалаушы салалар-дың – денсаулық пен білімнің маңайына жинақталады. Денсау-лық сақтау қызметтері өмір ұзақтығын жоғарылатуға бағыт-талса, ал білім беру қызметтері жаңа интеллигенцияны қалып-тастыруға бағытталады. Қоғамның әлеуметтік ұясы ретінде, мақсаты - консенсус деңгейінде әлеуметтік шешімдерді қабыл-дау болатын жеке бірлестік қарастырылады. Адамдардың қоғам-дық жағдайының критерийлері кәсіби деңгейі бойынша өлше-неді, ал әдістемесі үлгілер мен жүйелі талдауды білдіреді. Бола-шаққа бағдар жасау мен ғылыми болжамға ерекше назар ауда-рылады. Постиндустриалды қоғамды, сондай-ақ, өңдеуші деп те атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет