Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Экстенсивті ұдайы өндіріс



бет38/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Экстенсивті ұдайы өндіріс – бұл бұрынғы техникалық негізде және қызметкерлердің бұрынғы біліктілік деңгейінде қосымша өндіріс факторларын тарту есебінен өндіріс масштабының ұлғаюы.
Өндірістің экстенсификациясын қамтамасыз етудің жолдары: жұмысшылардың санын көбейту, жұмыс уақытын ұзарту, инвестициялардың көлемін өсіру, жаңа жерлерді игеру, басқару аппаратын кеңейту, шикізат және энергия көлемін өсіру және т.б.
Интенсивті ұдайы өндіріс – бұл өндіріс факторларының сапалық өзгеруімен сипатталады, яғни, өндірістің жаңа техникалық негізге ауысуы.
Интенсивті ұдайы өндіріс типы өзінің дамуында екі кезеңнен өтеді.
Бірінші кезең – жартылай интенсификация, барлық қол еңбекті машиналық еңбекпен алмастыру. Бұл кезеңде интенсификация тек бір ғана фактор арқылы жүзеге асады - ол жұмыс күші.
Екінші, жоғарғы кезең - еңбек өнімділігінің өсуі барлық өндіріс факторларды үнемдеу арқылы жүзеге асырылады.
Өндірістің дамуын интенсивті жолмен қамтамасыз ету үшін:

  • техниканың жаңаруы және өндірістің модернизациясы;

  • барлық ресурстарды тиімді қолдану;

  • өндірістің салалық құрылымының прогрессивті жылжуы;

  • материалды ресурстарды үнемдеу;

  • кадрлардың біліктілігін жоғарлату;

  • еңбек тәртібін күшейту, еңбек мотивациясын күшейту;

  • табиғатты қорғау шаралары;

  • басқару ды жетілдіру;

  • сыртқы экономикалық байланыстарды рационалдау қажет.

Нақты өмірде интенсивті және экстенсивті факторлар белгілі бір көлемде ұштасады, бірін бірі толықтырып отырады. Мұндай ұдайы өндірістің түрін аралас ұдайы өндіріс деп атаймыз.
Макроэкономика – бұл экономикалық теорияның бөлімі, экономиканы тұтастай күрделі құрылым ретінде қарастырумен микроэкономикадан ерекшеленеді.
Макроэкономиканың басты мәселелері – экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық, сондай–ақ макроэкономика экономикалық ауытқұлар, макроэкономикалық саясат, елдер арасындағы макроэкономикалық өзара қатынастарды қарастырады.
Кез-келген ұлттық экономиканың алдында келесі мақсаттар тұрады:

    1. Экономикалық өсу.

    2. Баға деңгейінің тұрақтануы, яғни, инфляцияның болмауы.

    3. Толық жұмысбастылық.

    4. Сауда балансы. Экспорт пен импорттің балансы.

Ұлттық есеп шот жүйесінің негізгі көрсеткіштеріне төмендегілер жатады:

  • жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ);

  • жалпы ішкі өнім (ЖІӨ);

  • таза ұлттық өнім (ТҰӨ);

  • ұлттық табыс (ҰТ);

  • қолдағы табыс (ҚТ).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бұл белгілі-бір кезеңде аталған елдің экономикалық субъектілерімен өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
“Соңғы өнім” категориясына тоқталып өтейік. “Соңғы өнім”- бұл өңдеуді талап етпейтін тұтынуға дайын тауарлар. Бұдан басқа аралық өнімдер болады. Аралық өнімдер – бұл тұтынуға дайын емес және көп жағдайда өндірісте қолданылатын тауарлар.
ЖҰӨ есептеудің үш әдісі бар: шығындар, табыстар және қосымша құн бойынша.
Шығындар бойынша ЖҰӨ экономикадағы барлық соңғы сатып алудың соммасы ретінде анықталады.



- үй шаруашылығының жеке тұтыну шығындары;
- жалпы инвестиция;
- тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу;
- таза экспорт (импорт - экспорт).
Табыстар бойынша ЖҰӨ барлық факторлық табыстардың сомасы, сондай-ақ амортизация және таза жанама салықтан тұрады.

W – қызметкерлер мен жұмысшылардың жалақысы;
R – жер рентасы;
і – ақша капиталынан айналатын пайыз;
P – фирма және кәсіпорынның пайдасы, табысы.
ЖҰӨ қосылған құны бойынша есептеу өндірістің әр кезеңдегі қосылған құндардан тұрады. Қосылған құн – бұл аталған кәсіпорынның өндіріс үрдісінде жасалған және нақты өнімнің құның жасаудағы кәсіпорынның үлесін есепке алатын құн, яғни, еңбекақы, пайда, амортизация, несие бойынша пайыз, көлік шығындары, жарнама шығындары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет