Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


Жиынтық ұсыныс (ағыл, agregate supply, АS) дегеніміз



бет40/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Жиынтық ұсыныс (ағыл, agregate supply, АS) дегеніміз - бұл түрлі баға деңгейінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі.
AS жалпы ұлттық өніміне (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) көлеміне теңдестіріледі: AS = ЖҰӨ = ҰТ Жиынтық ұсыныстың қисығы үш бөлектен тұрады:

  1. горизонталды (кейнсиандық) кесінді, бұл кезде ұлттық өндіріс өседі бірақ баға өзгеріссіз деңгейде қалады;

  2. үдемелі кесінді, бұл кезде ұлттық өндіріс көлемі өседі және бағада өседі.

  3. вертикалды, (классикалық) кесінді, бұл кезде экономика өз өндірістік мүмкіндігінің ең жоғары деңгейне жетеді.

Қорыта келе жиынтық ұсыныс баға деңгейне тәуелді. Жоғары баға деңгейі тауарлардың өндірісін ынталандырады және олардың ұсынысын. Төмен баға деңгейі, керісінше өндірісті қысқартады және тауарлардың ұсынысын.
Жиынтық ұсынысқа бағалық емес факторлар әсер етеді, олар:

  1. ресурстардың бағалары;

  2. еңбек өнімділігінің өсуі;

  3. құқықтық реттеу (салықтар, субсидиялар).

Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігі тауар нарығының тепе-теңдігіне әкеледі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты бір диаграммаға салсақ AD-AS моделінің графиктік түрін аламыз. Ол 3 жағдайда болуы мүмкін:
1. Классикалық;
2. Кейнсиандық;
3. Шекті-кейнсиандық.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің мәселелерін шешу әр түрлі тауарларды шығару және оларды әр түрлі мүшелер арасында тең бөлу үшін шектелген өндірістік ресурстардың барлығын қанағаттандыратын қоғамдағы пайдалану әдісін ғылыми негізделген таңдауды қарастырады. Мұндағы тепе-теңдік жиынтықты үйлесімге жеткендікті білдіреді:
а) өндіріс және тұтынудың;
ә) ресурстардың және оларды пайдалануының;
б) ұсыныс және сұраныстың;
в) өндіріс факторлары және олардың нәтижелерінің;
г) материалдық-заттық және қаржылық ресурстардың.
Жекелей, жалпы және нақты тепе-теңдігіне бөліп көрсетуге болады. Жекелей тепе-теңдік –бұл жеке тауар нарықтарындағы тепе-теңдікті қарастырады.
Жалпы тепе-теңдік – бұл еркін бәсекелестік заңы негізінде барлық нарықтық үрдістермен пайда болған, бірдей өзара байланысты тепе-теңдік.
Нақты макроэкономикалық тепе-теңдік – бұл сыртқы факторлардың әсеріндегі және жеткіліксіз бәсекелестік кезіндегі нарықта орнаған тепе-теңдік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет