Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



бет41/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

Экономикалық өсу – қоғамдық өнімнің сандық көбейюнде, сапалы жетілдіруінде көрініс алады. Экономикалық өсудің екі негізгі мақсатың қарастыруға болады:
1. халықтың әл-ауқатын жоғарлату;
2. ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Экономикалық өсу басқа да мақсаттарды қарастырады, мысалы мемлекеттің индустриализация, әлеуметтік инфрақұрылымның өсуі, әскери мүмкіншілікті өсіру және т.б.
Экономикалық өсу бірнеше жағдайда пайда болады:
1) пайдаланбайтын ресурстар өндіріске бағытталғанда;
2) өндірістің сандық факторы көбейгенде;
3) өндірістің барлық факторлары жақсы технологияларды ашу мен пайдалануға немесе қызметкерлерді жақсы оқытуға орай, одан гөрі өнімді бола алады.
Экономикалық өсу үш түрге бөлінеді: экстенсивті, интенсивті және аралас.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі – бұл қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің ұлғаюы.
Экономикалық өсудің интенсивті түрі – бұл техника мен технологияны жетілдіру есебінен ұлттық өнімнің ұлғаюы.
Нақты өмірде экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу таза түрде болмайды, олар әр түрлі көлемде ұштасады. Аралас экономикалық өсу – бұл өндірісте пайдаланатын факторлардың санын көбейту және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде өндірістің құаттылығын ұлғайту.
Экономикалық өсу пайызбен көрсетілетін жылдық өсу қарқынымен өлшенеді. Экономикалық өсу объектісі ретінде ЖҰӨ немесе ТҰӨ қарастырылады.


ЖҰӨ өсу қарқыны = ЖҰӨ / ЖҰӨ
Экономикалық өсудің қарқыны мен сипатын келесі факторлар анықтайды:
1.Табиғат ресурстары.
2. Еңбек ресурстары.
3. Негізгі капитал.
4. Ғылыми–техникалық үрдіс.
5. Қоғамның жиынтық сұранысы.
Экономикалық факторларын үш топқа бөлуге болады: ұсыныс факторы; сұраныс факторы және бөлу факторы.
Экономикалық үдемелі дамуына байланысты мыналар өседі:
1) өндіріс көлемі мен қоғам байлығы;
2) елдің әлемдегі беделі;
3) адамдардың материалдық қамтамасыз етілуі, олардың бос уақыты, білімі және мәдениеті;
4) өндіріс механикалардырылады және автоматтандырылады, еңбек жағдайы жақсарады және т.б.
ҚР экономикалық өсу жағдайы мыналар болып табылады:
1) экономикалық кеңістіктің көлемі;
2) пайдалы қазбалардың қоры: энергетикалық ресурстардың (мұнай, табиғи газ, тас көмір) темір және марганец рудалары, мыс рудалары, уран және т.б.;
3) мұнайды шығару көлемі – басты стратегиялық шикізат;
4) маманданған жұмыс күшінің болуы.
ҚР–ның экономикалық өсу факторы болып табылатындар:
1) әлемдік экономиканың өсуі және мұнайдың, газдың түсті және қара металдың халықаралық рыногындағы өолайлы жағдайлар;
2) тұрғындар мен кәсіпорындардың төлем төлеу қабілетінің өсуі;
3) импорт орнын толтыру және адал емес бәсекелестіктерден отандық өндірушілерді қорғау саясатын жүргізу;
4) қолайлы инвестициялық климат құру жолымен, тікелей шетел инвестициясын тарту саясаты.
Қазіргі заманғы дамыған экономикада экономикалық өсудің мақсаты мен факторлары адам болып табылады. Эволюция үрдісінде ол күрделі өзгерістерді басты кешті. Адамды кең аспектіде қарастыра бастады. Жұмыс күші ретінде адам өндіріс үрдісінде қысқа мерзімде қатысу тұрғысынан қарастыралады. Алайда ол «адам капиталын» игере отыра ұзақ мерзімде потенциалға ие. Адамдар білімге біліктілік деңгейін көтеруге салған салымдарынан түскен қосымша табысқа жиі бағыт ала отырып өздерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мұндай инвестициялар қор жинау тенденциясына ие болатын адам капиталын қалыптастыру деп аталады. Осының қозғаушы мотивы кез–келген кәсіпкердің мүддесі сияқты болып келеді капиталды иелене отырып, оны табыс табу мақсатында қолдану; капиталды өсіре отырып табыстың да өсуіне септігін тигізу. Адам капиталы формасындағы әрбір салым ҒТП деңгейін, құндылық жүйесін бейнелейтін белгілі–бір білім сомасын көрсетеді.
Адам капиталына бірқатар ерекшеліктер тән;

  1. Адам капиталы - жеке адам негізгі құрамдас бөлігі, оның экономикалық іс-әрекетінің негізі. Бірақ оның рөлі маңызды болса да, адамның асылын толығымен бейнелемейді. Экономикалық іс-әрекетпен айналыса, жеке адам тек өзін-өзі өсіру капиталы ретінде көрсетпейді, сондықтан ол барлық рухани және әлеуметтік мүдделі тұлға ретінде көрінеді.

  2. Қазіргі кезеңде адам капиталы экономикалық өсудің негізгі факторы болып табылады, бірақ ол жеке өзі басқа факторларсыз әрекет етпейді. Д.Грейсонның айтуы бойынша «Адам капиталы – құнды ресурс, табиғи ресурстарға немесе жинақталған байлыққа қарағанды маңыздылырақ ».

  3. Адам капиталының дамуы мемлекеттің және жеке адамның үлкен бірмезгілді және ағымды шығындарыңсыз бола алмайды.

  4. Адам капиталы өмірлік машық, интелектуалды қабілет және рухани қасиет ретінде белгілі қор болып табылады, яғни, ол жинақталады, сондықтан ол ұзақ мерзім қолданылады.

  5. Адам капиталына қамтылған инвестициялар, оның иесіне болшақта жоғары табыс әкеледі, шығарған шығындарын жабады.

  6. Адам капиталының инвестициялары тек экономикалық емес әлеуметтікте әсер әкеледі, яғни, интегралдық нәтижелерді қамтиді.

  7. Адам капиталының инвестициялық мерзімі физикалыққа қарағанда созылған. Адамның біліміне салынған инвестициялық мерзім 12-20 жылға дейін болуы мүмкін.

  8. Адам капиталы жоғары өтімді, оның өтімділігі көп уақыт сақталады. Адам капиталы тірі адам тұлғасынан бөлінбейді және бір қосындыны құрады.

Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекет рөлінің белсінділігін арттыру маңызды мәнге ие болды. Мемлекеттің басымды мақсаты елдің дамуының «Қазақстан –2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген:
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аймақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі қорлардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлауы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және сараптауды қалыпта экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. Кәсибі мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген нақты іс-қимылдарға күш –жігерді жұмылдыра отырып оны дәйекті түрде іске асыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет