Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


ҚР мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері



бет49/61
Дата04.11.2022
өлшемі0.65 Mb.
#463978
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61
ДӘРІСТЕР 1-5-1

ҚР мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
Тәуелсіздікке ие болуға байланысты Қазақстанның алдын-да қағидалы жаңа мәселелер пайда болды. Олардың ең маңыз-дыларының бірі – шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайла-рына көшу, сондықтан егемендікті жариялаумен нарықты қа-лыптастыру мәселелері мемлекеттік саясаттың бағыттарына ие бола бастады. Осыған орай экономикалық маңызы бар бірқатар заңдар, жарлықтар, қаулылар мен бағдарламалар қабылданды. Алайда нарықтың дамуы тек үкіметтің қаулылары негізінде жү-ре алмайды.
Ел нарығын мемлекеттік реттеу республика экономикасын-дағы тек қарама-қайшылықтарды ғана шешіп қоймайды, соны-мен бірге басқарудың экономикалық тәсілдерінің рөлін арттыру арқылы экономикалық егемендікті нығайтады. Басқарылмай-тын, бақыланбайтын нарық қоғамды күрт саралануына, халық топ-тарының кедейленуіне алып келеді.
Реттеудің сәйкес әдістері болып өзін-өзі және мемлекеттік реттеу есептеледі. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес бо-ла алады. Мемлекеттік әдістерге – салық және инвестиция саясаты, жеке тауарларға бағаларды белгілеу және пайыздық мөлшерлемелер, несиелеу шарттары, сауда, тарифтер мен баға-лар жөніндегі тауар өндірушілер арасындағы келісімдер. Алай-да бүгін мемлекет талап етілетін бағытта өндірісті дамытуға қабілетті нақты тұтқалар жоқ.
Қазақстан халқының нарықты әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне көңіл қоюы өнім өндірісінің артуы немесе төмен-деуіне, оның құрылымының өзгеруіне байланысты. Ол нақты кә-сіпорынның экономикалық базисі және материалдық негізі бо-лып табылады, өзіне экономикалық қатынастар жүйесін енгі-зеді; ол аймақта өмір сүру жағдайын қалыптастыруда, инфляция мен дағдарысты ескертуге үлкен рөл атқарады. Нарықтың мақсаты - өндірісті жандандыру емес, оны реттеуші құралы, бірақ өзін-өзі реттеуге әрқашанда қабілетті емес, сондықтан тепе-теңдікті қалпында ұстау үшін сырттан араласу қажет.2
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі маңызды құралдарға ақша-несие, қаржы жүйесі, фискалды саясаттар жатады. Осы-лардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет