Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттің белгілі–бір мер-зімге құрастырылған қаржылық жоспары.
Мемлекеттік бюджет екі бөлімнен тұрады: келіп түсетін қаржылардың тізімін құрайтын, кіріс бөлімі және барлық шыға-рылатын шығындарды құрайтын, шығыс бөлімі.
Бюджеттік кірісі бөлігі бірінші кезекте үкіметтің орталық және жергілікті органдарымен алынатын салықтар мен жиын-дар, мемлекеттік қарыздан, сондай-ақ, сыртқы бюджеттік немесе мақсатты қорлардан түсетін қаржыдан тұрады.
Бюджеттік шығындарына: мемлекттік басқару, әлеуметтік – экономикалық мақсаттар, мемлекеттің шаруашылық қызметі, оның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін, қор-ғанысты және ұлттық қауіпсіздікті күшейту бойынша шығындар жатады.
Мемлекеттік бюджетінің кірісі шығысынан артылса, онда бюджеттік артықшылық (профицит) пайда болады. Ал керісінше бюджеттің шығысы кірісінен артылса, онда бюджеттік тапшы-лық (дефицит) пайда болады,
Мемлекеттік бюджет тапшылығының себептері:
экономиканың дағдарыс кезіңдегі табыстың түсуі және ұлттық табыстың өсуінің төмендеуі;
мемлекеттік бюджетке түсетін акциздік салықтардың төмендеуі;
бюджеттік шығындардың ұлғаюы;
Бюджеттік тапшылығыні төмендету шаралары:
қаржыландырудан несиелеуге көшу;
кәсіпорындарға дотацияны жою;
мемлекеттік басқаруға арналған шығындары азайту;
салық салу жүйені өзгерту;
жергілікті бюджеттің рөлін көтеру.
Бюджет тапшылығын жабудың дәстүрлі төрт әдісі бар.
мемлекеттік зайымдарды шығару;
салық салуға қатаң бақылау жасау;
барлық баптар бойынша мемлекеттік шығындарды азайту;
ақша шығару, немесе «сеньораж». Бірақ қазіргі уақытта сеньораж жай ақша шығару болып табылмайды, себебі инфля-цияға ұшыратады.
Бюджеттік дефициттің өсуі мемлекеттік қарыздың пайда болуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |