Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрылуының есебі



бет5/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

3 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысының құрылуының есебі

Сұрақтар:


1.ЖЖТ жататын табыс түрлері
2. Алымдар.
3. Төлемақылар

3.1 ЖЖТ жататын табыс түрлері


Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының мына түрлері жатады.



  • жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табыс;

  • үйлерді, ғимараттарды, активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

  • міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыс;

  • күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыс;

  • мүлікті жалға беруден түсетін табыс.

Жылдық жиынтық табысты түзету кезінде салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан келесілер тұрады:
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы Кодекстiң 184-бабына сәйкес анықталады.
Жылдық жиынтық табыста салық төлеушi табыстарының барлық түрлерi, соның iшiнде:
а) тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетудi) өткiзуден түсетiн табыс;
б) үйлердi, ғимараттарды (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда), сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтердi өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн табыстар; күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетiн табыстар; мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар;
в) Қазақстан Республикасының заңдарымен провизиялар жасауға рұқсат етiлген банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар; борышты талап етудi басқаға беруден түсетiн табыстар; кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм үшiн алынған табыстар; шығып қалған тiркелген активтер құнының iшкi топтың (топтың) құн балансынан асып түсуiнен алынатын табыстар; жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарын, сондай-ақ басқа да шығыстарын түзетуден түсетiн табыстар;
г) кен орындарын игеру зардаптарын жою жөнiндегi нақты шығыстар сомасынан кен орындарын игеру зардаптарын жою қорына аударылған соманың асып түсуiнен алынатын табыстар;
д) ортақ үлестiк меншiктен түсетiн табысты бөлу кезiнде алынатын табыстар;
бұрын негiзсiз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсiмпұлдар және санкциялардың басқа да түрлерi, егер осы сомалар бұрын шегерiп тасталмаған болса;
бұрын жүргiзiлген шегерiмдер бойынша алынған өтемақылар;
өтеусiз алынған мүлiк, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер;
дивидендтер; сыйақылар; оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi; ұтыстар; роялти; әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстардың шығыстардан артығы қамтылады. Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасынан алынған дивиденттер;
е) эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;
ж) қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен алынған табыс;
з) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жасалған операциялардан түскен табыстар;
и) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны;
к) мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізінде салынған негізгі құрал - жабдықтарының құны;
л) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.

3.2 Алымдар.


Алымдарға мына көрсеткіштер жатады:



  1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

  3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін.

  7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекттік тіркегені үшін.

  8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

  9. Автокөлік құралдарының Қ.Р. аумағы арқылы жүру алымы.

  10. Аукциондардан алынатын алым.

  11. Консулдық алым.

  12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

  13. Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

3. 3 Төлемақылар


Төлемақылар:



  1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

  2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін.

  3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін.

  4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін.

  5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

  6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін.

  7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін.

  8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін.

  9. Сыртқы жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

  10. Кеден төлемдері:

    • Кеден бажы.

    • Кеден алымдары.

    • Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

    • Алымдар.

Бақылау сұрақтары:



  1. Кеден төлемдерін атаңыз?

  2. Төлемдер мен аударымдар?

  3. Заңды тұлғалардың төлемдері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет