6 Салық есебінің ережелері және тіркелген активтер бойынша шегерімдер
Сұрақтар
1.Тіркелген активтер түсінігі.
2.Тіркелген активтерге шегерілім.
1. Салық төлеуде – толық және нақты мәліметтер негізінде салық есебін ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Оның негізінде барлық есеп айырысулар есептік құжаттар толтырылады, басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі.
Салық есебі – негізгі құжаттарда мына ретпен көрсетіледі:
-салықтық міндеттемелер негізделген ақпараттар
-салық төлеушілермен ақпарат алмақ
-салықтық агенттер мен салық органдары
-салық кодексінде көрсетілгендей;
Салық төлеушілердің бухгалтерлік есебінде тіркелген активтердің амортизациялық және жөндеу шығыстары жеке есеп саясаттарына сәйкес анықталады.
Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін және жылдық жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен МЕА.
МЕА – жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзім пайдаланылатын материалдақ емес ьбъектілер.
Негізгі құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндіру, салу, монтаждау және орнату жөніндегі шығыстар, сондай – ақ салық төлеушінің шегерімге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізіледі.
Тіркелген активтердің құны амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерімге жатқызылады. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге жер - өнім беретін мал, сәулет ескерткіштері, көлік жолдары, аяқталмаған құрылыс жатады.
Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация нормаларын қолдану жолымен есептеледі.
Салық заңнамасына сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатады:
түскен кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
концессия шартының шеңберінде концессияшы жүргізген және алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
қызметкерлердің қоғамдық тамақтануын, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде алынған табыстар жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жатады.
Табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқару шарты бойынша немесе мүлікті басқаруды құру арқылы қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
Тіркелген активтерді есепке алу техникалық реттеу және мет рология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады.
Рет
|
Топ
|
ТІРКЕЛГЕН АКТИВТЕРДІҢ АТАУЫ
|
1
|
I
|
Мұнай, газ ұңғымаларын қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстар
|
2
|
II
|
Мұнай газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай – ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық
|
3
|
III
|
ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық
|
4
|
IV
|
Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай газ өндіру машиналары мен жабдық
|
Топтың салық кезеңінің басында және аяғында кіші топтың, топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
Топтың II, III және IV топтары бойынша барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін тиісті кіші топтың немесе топтың салық кезеңі соңындағы құндық балансы, егер өзгеше көзделмесе шегерімге жатқызылады.
Қорыта келе, тіркелген активтер деп – тануға және олардың құнын шегерімге жатқызуға немесе преференциялар обьектілері деп тануға және олардың құнын сақталған кезде және тәртіппен шегерімге жатқызуға құқылы.
2.Іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуы тиіс шығындар мынадай активтерге:
1) Тіркелген активтерге;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде ескерілген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтерге қатысты шегерімге жол беріледі.
Амортизациялауға жататын активтерге келесілер жатады: жер учаскелері; құрылысы аяқталмаған активтер; орнатылмаған жабдықтар; салық төлеуші тауарларды өндіруде, қызметтер көрсетуде пайдаланбайтын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер; бағалы қағаздар; бұрын құны толық шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
Салық есебі – салық төлеушінің жазбаша өтініші салық салуға байланысты объектілердің көрсеткіші.
Салықтық міндеттемесі басқа да көрсеткіштерді көрсетуі, бюджетке төлемдері.
Салық есебі – салық төлеушілермен, салық агенттерімен, олардың орындаушыларымен арнайы үлгіде жасалады. (заңдылықтарға сәйкес)
Салық есебін – салық ұйымдастыру бөлімдері жеке формада салық төлеу уақыты басталғаннан салық төлеу уақыты аяқталғанға дейін дайындайды.
Баланста көрсетілгеннен кейін дайындалған есеп беруді 15 күн ішінде салық органдарына өткізеді.
Салық төлеушілер, салық агенттері өз есеп берулерін мынадай үлгіде берулеріне құқылары бар:
арнайы хат арқылы
жеке формада келіп көрсетуге
электрондық үлгіде ақпараттарды ҚР ҚМ салық комитетінің ережелеріне сай компьютерге енгізуге.
Салық есебіне байланысты ең маңызды кезең – толықтырулар мен
өзгертулер. Толықтырулар мен өзгертулер салық декларациясында енгізілгенде орындалған есеп берулерге қосымша декларация толтырылған, онда кейінгі кезеңдегі өзгертулер мен толықтырулар көрсетіледі.
Қосымша декларация көрсетілсе, тексеру кезінде орындалмаған жұмыстарға (уақыттан кейін) айыппұл салынбайды. Салық міндеттемелері – дер кезінде уақытында төленбесе Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес 10 күн уақыт басқа да жайсыз кезеңдерде 60 күн уақыт беріледі.
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтерге келесілер жатады: жер; өнім беретін мал; мұражай құндылықтары; сәулет және өнер ескерткіштері; жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары, жаға жолдар, бульварлар, скверлер; аяқталмаған күрделі құрылыс; фильм қорына жататын объектілер;
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.
Салық салу мақсатында концессия шарты шеңберінде концессионер (құқық мирасқоры) өндірген және (немесе) алған активтер концессионердің негізгі құралдары болып табылады және концеденттің негізгі құралдары болып табылмайды.
Тiркелген активтердің құны
1. Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi құралдардың бастапқы құнына оларды сатып алу, өндiру, салу, монтаждау және орнату жөнiндегi шығындар, сондай-ақ салық төлеушiнiң шегерiмге құқығы бар шығындардан басқа, олардың құнын арттыратын басқа да шығындар енгізiледi.2. Қатысушылар, құрылтайшылар негiзгi құралдарды жарғылық капиталға өздерiнiң салымы ретiнде енгiзген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес айқындалатын құн осы құралдардың бастапқы құны болып табылады.
Негiзгi құралдарды өтеусiз алған кезде бастапқы құн аталған құралдарды қабылдау-беру актiсiнiң деректерi бойынша, бiрақ олардың нарықтық құнынан асырмай белгiленедi.
3. Құрылысқа алынған және құрылыс жүргiзу кезеңiнде төленетiн (төленуге тиiс) кредиттер (қарыздар) үшiн сыйақы құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi.
4. Қатысушылардың, құрылтайшылардың шығындарын қоса алғанда, материалдық емес активтердi сатып алу және (немесе) жасау жөнiндегi шығындар олардың бастапқы құны болып табылады.5. Тiркелген активтердiң құны осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттармен амортизациялық аударымдарды есептеп шығару арқылы шегерiмге жатқызылады.
Тiркелген активтер амортизациясының шектi нормалары
1. Амортизацияға жататын тiркелген активтер амортизацияның мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:
Топ
N
|
Тiркелген активтердiң атауы
|
Амортизацияның
шектi нормасы
(%)
|
I
|
Үйлер, құрылыстар (мұнай, газ ұңғымалары мен берiлiс құрылғыларын қоспағанда)
|
10
|
II
|
Мұнай-газ өндiру машиналары мен
жабдықтарын қоспағанда,
машиналар және жабдық
|
25
|
III
|
Кеңсе машиналары мен компьютерлер
|
40
|
IV
|
Басқа топтарға қосылмаған
тiркелген активтер
|
15
|
2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға енгiзiлген тiркелген активтер бойынша салық төлеушi кемiнде үш жылдың жылдық жиынтық табысын алу мақсатында осы тiркелген активтердi пайдаланған жағдайда, пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде амортизациялық аударымдарды амортизацияның қосарлы нормалары бойынша есептеуге құқылы. Осы тiркелген активтер пайдаланудың бiрiншi салық кезеңiнде топтың құн балансынан бөлек есепке алынады. Келесi салық кезеңiнде осы тiркелген активтер тиiстi топтың құн балансына енгiзiлуге жатады.
Тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер
1. Iшкi топтың (І топ бойынша) барлық тiркелген активтерi немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) барлық тiркелген активтерi шығып қалғаннан кейiн iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы шегерiмге жатқызылады.
2. Егер iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және IV топтар бойынша) салық кезеңiнiң соңындағы құн балансы 300 айлық есептiк көрсеткiштен кем соманы құраған жағдайда, салық төлеушi iшкi топтың (І топ бойынша) немесе топтың (II, ІІІ және IV топтар бойынша) құн балансының шамасын шегерімге жатқызуға құқылы.
3. Салық төлеушi тiркелген активтер бойынша осы Кодекстің 138-140-баптарына сәйкес қосымша шегерiмдер жасауға құқылы.
Бақылау сұрақтары:
Тіркелген активтер дегеніміз не?
Тіркелген активтерді есептеу түрлері?
Салық салынатын объектілері?
Достарыңызбен бөлісу: |