Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет7/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жылдық жиынтық табыс дегеніміз не?
2. Төленетін тәуліктік ақы дегеніміз не?
3. Залал деген не және залалдың салықтық есебі
4. Салық салынатын табысты түзету қалай жүзеге асырылады?


5 Дайын өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) сатудағы шығыстардың
құрылуының есебі

Сұрақтар
1.Тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табыс.


2. Төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер

1. Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түсетiн табыс


Егер Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау жасау мәселелерi жөнiндегi заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акциздi қоспағанда, өткiзiлген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердiң құны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс болып табылады.
Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден түскен табыс: тауарлар толық немесе iшiнара қайтарылған; мәмiле шарттары өзгерген; өткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн бағалар, өтемдер өзгерген; теңгемен төлеген кезде өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) құнындағы айырма алынған жағдайларда түзетiлуге тиiс.Табысты түзету аталған өзгерiстер болған салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша жүргiзiледi.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табыс. Егер Қазақстандағы трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау жасау мәселелері жөніндегі заңдарында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мен акцизді қоспағанда, өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны тауарларды өткізуден түскен табыс болып табылады. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізуден түсетін табыс: толық немесе ішінара қайтарылған тауарлар, шарттары өзгерген мәмілелер, өткізілген тауарлар үшін бағалар, теңгемен төленген кезде өткізілген тауарлардың құнындағы айырма түзетілуге тиіс.
Бұл өндіріс процесіне және тауардың айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қ.Р. аумағына тауарлардың импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Дайын өнімдер мен тауарлардың өзіндік құны – өнімнің өзіндік құнына қосылатын құрамның қалыптасу бөлігі мен шығындарды жіктеудегі «Қорлар» ҚЕХС 2 әдістемелік ұсынылымдарға сәйкес анықталады. Бұл шығындардан басқа кезең шығыны қосылады.
Өткізілген өнімдер бойынша шығындарды анықтау үшін «Қорлар» бөлімшесі шоттары қолданылады.
1310 –«Шикізат және материалдар»
1320 – «Дайын өнім»
1330 – «Тауарлар»
1340- «Аяқталмаған өндіріс»
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды сатуы бойынша жасған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады;
Қазақстан Республикасының аймағына сырттан келген тауарларға салық салынады.Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.
Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер бойынша шығындарға қосылатыны:
-Сатып алынған тауарлар, материалдар, жұмыстар мен қызметтер;
-Негізгі қорды жөндеудегі жұмыскерлердің еңбекақысын қоспағандағы еңбекақыға төлеу,
-Әлеуметтік салықты аудару;
-Өткізілген дайын өнімдер бойынша қосылатын және Декларацияның басқа жолында көрсетілмеген басқа да шығындар.
Акциздік (жанама) салықсатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебеттеліп, 3140 шотының «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде,3140 дебеттеліп, 1010 шоты кредиттеледі.
Акцизделген тауарлармен жасалатын операция: спирттің барлық түрлері; алкогольды өнімдер; темекі өнімдері; құрамында темекісі бар басқа да өнімдері; балық уылдырықтары; алтыннан, қоладан жасалған зергерлік бұйымдар; бензин, дизельдік отыны; жеңіл автомобильдер; газбен жанатын қарулар; шикі мұнай өнімдері, газ конденсаторлары;
Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.
Қазақстан Республикасының аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында оыйн бизнесін және лоторея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердің төлеушілері болып табылады.
2810 « Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.
Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет