Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі


Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерімдерді есептеу тәртібі



бет6/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017

4 Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысынан шегерімдерді есептеу тәртібі

1.Заңды тұлғалардың салық міндеттемесі


2.Салық салынатын және салық салумен байланысты объектілері
3.Негізгі шегерімдер
4.Салық салынатын табысты түзету;
5.Залалдың салықтық есебі

1. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Қазақстан Республикасының бюджет кодексі» мен қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіпен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.


Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжат болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2. Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады;
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы – мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3110 «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», 3120 «Жеке табыс салығы», 3130 «ҚҚС», 3140 «Акциздер», 3190 «Өзге салықтар» шоттары арқылы жүргізіледі.
Шегерістер:
3. Салық төлеуші шегерімді жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары болса, оларды растайтын құжаттарын негізге ала отырып жүргізеді. Шегерімдер нақты жүргізумен салық кезеңінде алынып тасталуы тиіс.
Негізгі шегерімдер:
1.Қызметтік жоспарлау кезіндегі шегерімдер жататын өтемдер;
2.Сыйақылық бойынша шегерімдер, ставка 1,5 есе
Шегерімге мына шығыстар жатпайды:
-жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
-мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын айыппұлдар мен өсімдер;
-бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
-салық төлеушініңөтеусіз негізде берген мүлкінің, жұмыстарының, көрсеткен қызметтерінің құны шегерімге жатпайды.
Жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген салық салынатын табыс өзге де қызметтен алынуға жататын табыс бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.
Салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс. Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттарды болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуі жатады. Шегерімдерге келесілер жатады.
Жылдық жиынтық табыс табуға байланысты салынған айыппұлдар, өсімпұлдар;
Қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтемдер сомалар.Оған келесілер жатады: іссапарға баратын жерге жетуге және қайтуға нақты шыққан шығыстар; тұрғын үй-жайды жалдауға, шығыстар; Қазақстан Республикасының шегінде іссапарда болған уақытында тәулігіне үш айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде төленетін тәуліктік ақы; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде іссапарда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде төленетін тәуліктік ақы;
Сыйақы бойынша шегерімдер. Олар келесілер: құрылысқа алынған және құрылыс кезінде төленетін несиелердің лизингі түрі бойынша сыйақылар, борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт не купон, салымдар бойынша сыйақылар;
Шегерімдерді мынадай жағдайда ғана түзетуге жатады:
-тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;
-Мәміленің шарттарын өзгерткенде;
-Сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;
-Бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;
- Шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде.
2009 жылы жаңа Салық Кодексінде жөндеуге жұмсалған шығыстарды, сондай – ақ тіркелген активтер бойынша басқа да кейінгі шығыстарды шегерімге жатқызу тәртібі едәуір өзгертілді.
Бухгалтерлік есепте көрсетілген мына шегерістер шегерімге жатпайды:
-табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
-соттың заңды күшіне енген үкімнің немесе қаулының негізінде жалған кәсіпорын деп танылған салық төлеушімен жасалған операциялар бойынша сот белгілеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргізілген шығыстар;
Салық төлеушінің салық салынатын табысынан 3 пайыз шегінде келесі шығындар алынып тасталуы тиіс:
-салық төлеушімен әлеуметтік аясындағы обьектіні пайдалануға алған кездегі табыстарынан шығындарының асқан сомасының шегіндегі әлеуметтік обьектісін ұстауға нақты шығарған шығындары;
- коммерциялық емес ұйымға өтеусіз берілген мүлік;
- көмек алатын адамның сұранысы негізінде, салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік көмек;
- ҚР заңына сәйкес жеке тұлғаға берілетін атаулы әлеуметтік көмек.
Мүгедектердің еңбегін пайдаланушы салық төлеушілер, мүгедектердің еңбегіне екі есе мөлшердегі жүргізілген төлем шығындарының сомасы бойынша табысқа салынатын салықты азайтуға құқығы бар және мүгедектерге басқа да төлемдер бойынша және еңбек ақыдан есептелетін әлеуметтік салықтың сомасынан 50 пайыз азайтуға құқығы бар.
Салық төлеушілер үш жылға берілген, соңында лизинг алушыда қалатын, қаржылық лизинг бойынша алынған негізгі қордың сыйақы сомасының табысына салынатын салықты азайтады.
Банк операциясының кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, несиелік серіктестік, микрокредит ұйымдары, ауыл шаруашылығын несиелендіруден алуға жататын жылдық табыс жиынтығының 90- пайызынан кем емес пайызын құрайтын табыс, осы қызметтің түрінен түсетін табыс сомасын салық салынатын табыс азайтады, сондай – ақ активтерді орналастырудан түсетін инвестициялық табыс сомасын азайтады.
Пайдаланудың үш жылдық мерзімі өткенге дейін өтелімнің екі еселенген мөлшері бойынша болған өтелімнің аударымының есептелуі бойынша, салық төлеушімен тіркелген активтердің бірінші рет енгізілген тіркелген активтерді өткізу жағдайында, қосымша шегерімнің сомасы тіркелген активтерді өткізу болған, салық кезеңіндегі салық салынатын табыстың көбеюіне қатысты болады.
2.Залал ұғымы үш түрге бөлінеді: кәсіпкерлік қызметтен шегетін залал, бағалы қағаздарды өткізуден шегетін залал, туынды қаржы құралдары бойынша залал.
Түзетiлген жиынтық жылдық табыстан шегерiмдердiң асып түсуі кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.
Бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал мыналар:
борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен
иемденіп алу құны арасындағы терiс айырма;
борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзген күнгi дисконт амортизациясы мен (немесе) сыйлықақы есептегендегi өткiзу құны мен иемденiп алу құны арасындағы терiс айырма.
Кәсіпкерлік қызметтің залалы түзетілген жылдық жиынтық табысынан артық шегерім деп танылады.
Салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметте пайдаланған, ғимараттарды, құрылысты және тағы басқаларды өткізуден залалы өткізу құнынан оның баланстық құнының асуы деп танылады. Кәсіпкерлік қызметтен залал, сондай – ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметте пайдаланған ғимаратты, құрылысты және тағы басқаны өткізуден залалы келесі салықтық кезеңдегі салық салынатын табыс есебінен жабу үшін алдағы үш жыл мерзімге ауыстырылады. Шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен жүзеге асырылатын қызметпен байланысты болатын залалдар жеті жыл мерзімге ауыстырылады.
Бағалы қағаздарды өткізуден түскен залалдар мыналар болып табылады:
-қарыздық бағалы қағаздарды қоспағандағы өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы кері айырмашылықты қоспағандағы бағалы қағаздар бойынша;
-қарыздық бағалы қағаздар бойынша өткізу құны мен өтелім дисконтының немесе өткізілу күніндегі сыйақы есебі бойынша.
Ашық сауда тәсілімен қор биржасында акциялар мен облигацияларды өткізуден болатын залалдарды қоспағандағы бағалы қағаздарды өткізу кезінде пайда болатын залалдар, өткізілу күнінде қор биржасының ең жоғарғы бойынша ресми тізімінде болатын листингтің ең жоғарғы санатына тиісті. Бағалы қағаздарды өткізу кезінде пайда болған залалдар басқа бағалы қағаздарды өткізуден түсетін табыстар есебінен өтеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет