Ќазаќстан Республикасы Білім жєне Ѓылым Министрлігі



бет2/13
Дата29.11.2022
өлшемі398 Kb.
#466006
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Курс+лекций++Налоговая+отчетность+каз+2017





КІРІСПЕ




Салық есебі ұйымдардың салықтар және басқа да алымдар бойынша бюджетпен есеп айырысуларының негізгі қағидаларын қарастырады. Салықтық ставка, салықтан босату, салықтық жеңілдіктер және салық төлеушілері туралы ақпараттар береді.
Бұл курстың мақсаты студенттерге салық есебінің негізгі қағидалары мен әдістемесін меңгерту. Салық заңнамасына сәйкес елімізде әрекет ететін салқытардың түрлері мен оларды есепке алуды үйрету.
Пәнді оқытудың негізгі міндеті студенттерді кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және оларға елімізде әрекет ететін салық жүйесі мен бекітілген салық ережелерін негізге ала отырып, салықтардың түрлерін меңгерту.
Пәнді оқу барысында студент білу керек:

    • салықтың түрлерін білуі керек;

    • салықтық ставкаларды түрлері бойынша зерттей алу керек;

    • салықтарды есептеу механизмін меңгеруі керек;

    • студент салықтық есепті ұйымдастыра алуы керек.

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ




1 Салық есебі және оның есеп жүйесіндегі орны

Сұрақтар:


1.Салықтардың экономикалық мәні
2.Салық салудың негізгі қағидалары
3.Бюджетке төленетін міндетті төлемдер



    1. Салықтардың экономикалық мәні

Салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.


Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық- экономикалық құрылысы мен саяси іс – бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілі бір мөлшерде мемлекеттік табысқа міндетті түрде аударылатын ақшалай немесе заттай төлем болып табылады, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің өзгертілген нұсқасы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады, мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет