47
3.4. Жынысты ерте анықтаудың генетикалық әдістері.
Бройлерлік ет үшін балапандарды өсіру үшін
тек әтештерді
пайдаланады. Бірақ ерте күннен шібилермен қораздарды айыру өте қиын. Бұл
мәселені шешу үшін 20 - 30 жылдардың өзінде жыныспен тіркес
тауықтардың қауырсын бояуларын бір күндік балапандардың жынысын
анықтау үшін қолданған. Мысалы, алтын шашақ әтештерді күміс түктес
тауықтармен шағылыстырған.
Бұлардың бірі сары, екіншісі ақшыл - жасыл
балапандар шыққан, біріншілері - шібилер, екіншілері - қораздар. Жыныспен
тіркес белгінің тұқым қуалауын пайдаланып,
Англияда Пеннет тауықтың
қамбар тұқымын шығарған. Бұл тұқымның жаңа шыққан балапандарының
әтештері әлде қайда ақшыл түсті, ал шібилерінің түбіті қара теңбілді болған.
А. С. Серебровский тауықтардың жолақтылығын зерттеп,
оларды жыныс
хромосомасында орналасқан геннің анықтайтынын ашқан. Сондықтан белгілі
бір шағылыстыруларға гомозиготалы әтештерде ол түс өте сирек кездеседі.
шағылыстырудың басқа вариантарында барлық әтеш балапандардың
желкесінде ақ дақ, ал шібилерде ол болмаған немесе әтештерде қара дақ
болса, шібилерде болмаған. Бұл
айырмашылықтар Х - жыныс
хромосомасында орналасқан доминантты В генімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: