51
Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары
бар гематалар кроссоверлі,
ал
ұшырамаған
хромосомаларды
кроссоверленбеген
деп
атайды.
Хромосомалардың
айқасу мөлшерін, кроссоверлі
даралардың пайызын
ұрпақтың жалпы санына шағып есептейді. Айқасудың өлшем бірлігі ретінде
оның бір пайызға тең мөлшері алынады. Оны Т.Морганның
құрметіне
морганида, кейде сантиморган деп атайды (16-сурет).
Биваленттер Кроссинговер Генетикалық қайта түзілу
16-сурет. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалар нобайы.
Морган өз шәкірттерімен бірге
дрозофила шыбынына тәжірибе
жасаудың нәтижесінде “тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын”
ашты. Бұл теорияның негізгі қағидалары мынадай:
Гендер хромосомада бір
сызықтың бойымен тізбектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы
орны (локус) болады. Бір хромосомада орналасқан гендер
тіркесу топтарын
құрайды. Тіркесу топтарының саны сол
ағзаға тән хромосомалардың
гаплоидты санына сәйкес келеді. Ұқсас хромосомалардың арасында аллельді
гендердің алмасуы жүреді. Хромосомадағы гендердің арақашықтығы айқасу
жиілігіне тура үйлесімді.
Бақылау сұрақтары.
1. Толық емес тіркес дегеніміз не?
2. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы дегеніміз не?
3. Морган заңдылығы неге бағытталған?
4. Кроссинговердің биологиялық маңызы неде?
5. Хромосомалар айқасуы дегеніміз не?
6. Сантиморган деген түсінікті қалай түсінесіз?
7. Хромосомалық теорияны ашқан ғалым кім?
Тапсырмалар:
1. Хромосомадағы гендер арасында қандай тәуелділіктер байқалады және
олар арасындағы кроссинговер пайызы қандай?
52
2. Дигетерозиготалы ұрпақтардың (особь) (АаBb) рецессивті ұрпақпен (ааbb)
шағылыстырғанда алынған төрт түрлі фенотиптері бірдей арақатынаспен (25
-
пайыздан ) ажырады. Гендердің тұқым қуалау түрін анықтаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: