112
Қарапайым аутосомалық рецессивті тұқым қуалау. Мұндай атау
аутосомадағы рецессивті бір генге байланысты аномалияларға қолданылады.
Аномальды малдар дені сау, бірақ гетерозиготалы
ата - аналардан
туады. Міне рецессивті түрде тұқым қуатын белгілердің ерекшелігі осында,
белгінің жасырын түрде болып бір ұрпақтан кейін көрінеді. Рецесстивті
белгілер бойынша ажырасу фенотипте Мендель ережесіне сәйкес толық
көрінеді (пенетранттылық). Сондықтан әр түрлі
аталықтан болған қалыпты
және аномальды ұрпақтардың жиілігін талдау аномалияның тұқым қуалау
түрін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, гетерозиготалы аналықтармен
шағылыстырғанда ұрпақтардың 25% (аа) аномалиялы болады. Егер
гетерозиготалы (Аа) аталық, қалыпты (АА) аналықпен шағылыстырып, одан
кейін ол аналықтарды осы рецессвиті
ген бойынша гетерозиготалы
аталықпен шағылыстырса, ұрпақтардың сегізден бірі аномалиялы (аа)
болады. Мысалы, де Гроот «жылтыр тіл» деп аталатын синдромның тұқым
қуалау түрін голландия тұқымында анықтау үшін алдын ала гетерозиготалы
деген 146 малды бір-бірімен шағылыстырылған. Алынған 120 бұзаудың 30-ы
осы
синдроммен ауырған, яғни 3:1 есебінде ажырасатыны анықталды. Мор
және Вирдтың тәжірибесінде бұзауларды түксіз туатын үш бұқаны осындай
тұқым қуатын ауруы бар басқа бұқалардан туған сиырлармен
шағылыстырғанда төмендегі деректер алынады.
Достарыңызбен бөлісу: