110
VІІ Тарау. Ауылшаруашылық малдарының аномалиялары
Мақсаты: аномалиялар туралы түсінікке ие болу және болдырмау
жолдарын меңгеру.
Материал және жабдықтар: суреттер, плакаттар, муляждар
7.1. Ауылшаруашылық малдарының аномалиялары – мал
шаруашылығын нәтижелі жүргізу жолындағы маңызды проблемалардың бірі
аурулармен, паразиттермен және әртүрлі аномалиялармен (грек «анемалиа» -
ауытқулық) күрес болып табылады.
Әртүрлі зерттеулерге қарағанда кейде сау малдардан құрылысы
қалыпты жағдайдан ауытқыған немесе кейбір мүшелері
немесе ұлпалары
жоқ, ағзаның қызметі зақымданған ұрпақтар туады. Осындай аномалияларға
ортақ және перифериялық қаңқа сүйектерінің, тері эпителийлерінің ақаулары
мен жүн жамылғысының кемістіктері, көру, жыныс жүйелерінің, зат алмасу
үдерістерінің жетімсіздіктері мен ақалары жатады. Ерте уакыттан бастап
ғалымдар әр түрлі малдарда болатын кемтарлықтың себебін білуге тырысқан
(гр «тератос- кемтар) негізі қаланады. Ғалымдар
дамудағы кемшіліктер
негізінен механикалық немесе физикалық әсерлердің әсерінен болады деп
түсінген. Дегенмен сол кездің өзінде әр түрлі
аномалиялардың тұқым
қуалаумен байланысы бар екені байқалған.
Шындығында аномалиялар мен тұқым қуалаудың арасындағы
байланысты ғылыми негізінде түсіндіруге тек Г.
Мендельдің ашқан
заңдылығы және одан әрі генетиканың дамуынан кейін мүмкіндік туды.
Достарыңызбен бөлісу: