Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет107/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қауымының тұрмыс тіршілігі өзгеріске ұшырай бастады, ал бұл 
өзгерістер халық әдебиетінің даму жолына да ықпал тигізді» [379, 
15
б.
]- дейді. Демек, халықтың әлеуметтік-экономикалық, мәдени 
дамуының әсерінен фольклор үлгілерінің із-түзсіз жойылып кетпеуі 
үшін, халық әдебиетінің барлық үлгілерін жинау мен хатқа түсіру 
керектігіне ғалым баса назар аудартқан. 


300 
Зерттеуші сонымен бірге: «Қазақ әдебиетінің негізін халық
әдебиеті құрайды. Қазақтың халық әдебиеті саны жағынан аса бай, 
мазмұны жағынан өте алуан түрлі. Қазақтың жеке өмірінің барлық 
сәттері- туғаннан бастап өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас 
халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі барлық оқиғалар 
халық әдебиетінде жырланады» [379, 15
б.
],- дейді. Демек ғалым 
халық әдебиетін жалаң сөз өнері деп қана танып қоймай, оны
халықты танудың қайнар көзі ретінде әдет-ғұрып, наным-сеніммен 
байланыстыра, яғни этнографиялық мәлімет пен қатар ел тарихының
дерек көздері есебінде қарастырған. Сонымен қатар шілдехана, бесік 
жырынан үзінді келтіре отырып, олардың қай кезде айтылатынын, 
тәрбиелік қызметін, бала тілінің дамуы мен жеке адамның 
қалыптасуындағы рөлін дұрыс ажыратады [379, 15-16
б.
]. Демек 
Х.Досмұхамедұлы 
фольклорды- 
халықтық 
педагогиканың 
(этнопедагогиканың) бір қайнар көзі ретінде қарастырғанын көреміз. 
Осы орайда аталған баяндама ішінде мұндай үлгілердің жалпы 
саны 14 болса да, олардың қайдан, кімнен алынғандығы т.б. жөнінде 
мәліметтер берілмеген. Алайда баяндама соңында «Қазақ халық 
әдебиетінің үлгілері» деген [379,35-37
б.
] атпен белгілі
фольклортанушы ғалымдар: В.В.Радлов, Я.Я.Лютш, Ы.Алтынсарин, 
Ә.Диваев, А.Е. Алекторов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потаниннің т.б. 
жинаған фольклор үлгілерінің жарық көрген тізімі берілуінен, 
баяндама ішінде келтірілген мәтін үзінділері осы аты аталған
қайраткерлер еңбектерінен алынған деп ойлауға болады. Х. 
Досмұхамедұлы қазақ фольклортанушы ғалымдары арасында
алғашқылардың бірі болып қазақ фольклорының басылым көрген 
мәтіндерінің библиографиялық көрсеткішін жасауға да тырысты,
яғни үлгінің қай баспадан, қай жылы, қай жерде және кімнің атынан 
басылым көрген тәрізді т.б. мағлұматтарды бір арнаға жинап, 
жүйелеуді мақсат еткенін көреміз.
Х.Досмұхамедұлының фольклорды жіктеген кестесінде эпостық 
шығармалардың батырлық жырлар, тарихи жырлар және тұрмыстық 
жырлар түрлері дұрыс ажыратылған. Соңғысына, лиро-эпикалық 
шығармаларға: «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш- Баян 
сұлу» т.б. жырлары тұңғыш рет жатқызылып отыр. 
Мәселен, Х.Досмұхамедұлы «ғашықтық әдебиет» дегенде: «... 
негізінен жастар өміріне қатысты және мазмұны жағынан өте 
бай, лиризмге толы,- дей отырып [379,16
б.
],- ғашықтық әндерде 
махаббат, сүйіктісінің көрікті келбеті, онымен қосылам ба деген 
үміт , ол жоқ сәттегі сағыныш т.б. тақырыптар жырланады»,- 
дейді. Бұл анықтама халық ауыз әдебиетінен гөрі, көбінесе жазба 


301 
әдебиетке, оның ішінде махаббат лирикасына жақынырақ келеді.
Ал, өз пікірлерінің дұрыстығына дәлел көзі ретінде «Ер Тарғын»
жырынан үзінді келтіруі, шамасы, эпостық жырлар негізінде осындай 
ғашықтық жырлар жатыр деген ойды жеткізу үшін алынса керек. 
Одан әрі ғалым үйлену той жырларына тоқтала отырып, оны 
іштей айтылу ерекшелігіне қарай жар-жар, тойбастар, беташар деп 
үшке бөледі. Баяндамада фольклор үлгілері сондай-ақ: қоштасу, 
сыңсу, көрісу, сәлем, сәлемдеме, жерлеу, мақтау т.б. жырлары 
болып, түрленіп, әрқайсысы 5-20 шақты сөйлем көлемінде
сипатталып, олардың ішкі өзіндік ерекшеліктері анықтама түрінде 
беріледі [379,17-20
б.
]. 
Х.Досмұхамедұлы халық әдебиетінде сатира мен иронияның да 
көрнекті орын алатынын діттейді: «...Сатира жеке адамға, тұтас ру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет