Қазақстан республикасы білім


-сурет. Берілген биіктіктері арқылы 9-сурет



бет11/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133
Геодезия кітабы

8-сурет. Берілген биіктіктері арқылы 9-сурет. Графикалық жіктеу.





  1. сурет. Горизонталдар арқылы 11-сурет. Көлбеулік табанының биіктіктерді анықтау тəсілі масштабы

    • іргелес горизонтальдардың бір-бірінен арақашықтығы жер еңкіштігінің шамасын сипаттайды, яғни бір-біріне жақын болған сайын ол жерде еңкіштік шамасы жоғары (құлдиламалы);

    • еңкіштік бірқалыпты болса горизонтальдар арасы бір-біріне тең болады;

    • түзу еңкішті жазықтық бір-біріне паралель, бірқалыпты го- ризонтальдар арқылы бейнеленеді.



§ 2.7 План жəне картадан горизонтальдар арқылы инженерлік есептерді шығару жолдары


Горизонтальдарды биіктік шамалары арқылы бейнелеу. План бетіндегі горизонтальдардың орналасу жағдайлары графикалық жіктеу арқылы анықталады. Мысалы, план бетіне 47,6 жəне 48,6 м биіктік шамалары белгілі t1 жəне t2 нүктелері салынған (8, 9-су- реттер). Қима биіктігі 1 м. Осы екі нүкте арасынан горизонталь өтуі керек. Аталған горизонтальдың биіктігін жəне ол қай жерден
өтеді, яғни t1 нүктесінен (немесе t2) ара қашықтығы қанша екенін анықтауымыз керек.
Жер бедерінің (рельфтің) қима биіктігі 1 м болғандықтан, со- нымен бірге t1 жəне t2 нүктелерінің биіктік шамалары, ретімен 47,6 жəне 48,6 м болғандықтан іздеп отырған горизонтальдың биіктігі 48 м екені өзінен өзі белгілі.
t1 нүктесінен анықталмақшы горизонтальға дейінгі d1 арақа-
шықтықтығын ұқсас t1Q g жəне t1Тt2 үшбұрыштырынан есептеп табамыз
d h1 d . (2)
1 h
h 1= 0.4 м жəне h = 1 м, d1= 0,4d болғандықтан d1 арақашық- тығын t1 нүктесінен салып, аталған горизонталь өтетін g нүктесін табамыз.
Графикалық жолмен бұл инженерлік есепті төмендегі ретпен орындайды (9-сурет). Миллиметрлік қағазға планнан t1 жəне t2 арақашықтығын (АВ) салып, ол арқылы биіктігі 45 м горизонталь өтеді деп шартты түрде есептейді. Рельефтің қима шамасын біле отырып, биіктіктері 46 – 50 м горизонтальдарды сызады. А жəне В нүктелері арқылы перпендикулярлар тұрғызып, оның үстіне t1 жəне t2 биіктік шамаларын салады да, оларды түзу сызықпен қосады. Биіктігі 48 м горизонтальдың t1t2 түзуімен қиылысқан Q нүктесін, АВ түзу сызығына ауыстырып іздеп отырған g нүктесін табады. Табылған берілімдерді планға ауыстырады.
Горизонтальдарды аналитикалық жəне графикалық жіктеу əдісі, көбінесе ірі масштабты, рельеф қимасы кіші пландарды жа- сауда қолданылады. Масштабы 1:10 000 жəне одан да кіші план- дарда жіктеу көз мөлшерімен түсіріс кезінде салынады.
Топографиялық түсіріс кезінде жер беті құрылымдарының ең айтулы тұстарының (нүктелерінің) биіктіктерін анықтайды: төбелердің ұшар бастары, табаны, асу, су ағар жағалары, табаны, т.с.с..
Рельеф қимасы 0,5 м болған жағдайда, əр төртінші гори- зонталь жуандатылып сызылады, ал рельеф қимасы 1 жəне 2 м болған жағдайларда əр бесінші горизонталь жуандатылады (жіңішке горизонтальдардың жуандығы 0,1 мм, ал жуандатылған
горизонтальдың жуандығы 0,2 мм). Горизонтальдардың биіктік шамасы жер бетінің ой жағына қаратылып жазылады.
Биіктік шамаларын анықтау. Егер нүкте горизонталь үстінде жатса, онда оның биіктігі сол горизонтальдың биіктігіне тең. 21 жəне 22 горизонтальдар арасында орналасқан Р нүктесінің биік- тігі РР/n жəне mm/n ұқсас үшбұрыштарынан табылады (10-сурет),

x Pn h mn
немесе
x h Pn . (3)
mn

Сонда Р нүктесінің биіктігі Н=21+х.


Рn жəне mn кесінділерінің ұзындықтарын планнан масшта- бы арқылы өлшейді. m/n = d шамасын жоғарыда айтылғандай көлбеулік табаны деп атайды.
Құлдилама шамасын анықтау (крутизна ската). Құлдилама шамасы көлбеулік бұрышы немесе еңкіштік шамасымен сипатта- лады.
Горизонтальдары салынған 10-суреттегі планнан i көлбеулік шамасы төмендегі формула арқылы табылады,

i tg  h
d
немесе d hctg , (4)

яғни, көлбеулік тангенсі, қима биіктігін көлбеулік табанына бөлгенге тең. Көлбеулік тангенсін біле отырып, тригонометрия- лық кесте арқылы, сол көлбеуліктің мəнін жеңіл анықтауға бо- лады. Көлбеулік бұрышын немесе еңкіштік шамасын арнаулы масштаб табаны деп аталатын графикалық сызба арқылы анық- тауға болады (11-сурет). Жазық, түзу сызық үстіне көлбеулік- тің бұрыштық мəндері жазылған, тең бөліктерге бөледі. Осы бөліктерден перпендикуляр тұрғызып, олардың үстіне планның масштабы бойынша 4-формуламен анықталған көлбеулік табан- дарын салады. Көлбеулік шамасын табу үшін, планнан екі го- ризонталь арасындағы db арақашықтығын циркул-өлшегішпен өлшеп алып, осы арақашықтықты жоғарыдағы график үстіне салып, db кесіндісіне теңескенше жылжыта отырып табады. Графиктің абсцисса осі бойымен көлбеулік (бұрыштық) шамасын алады (11-суретте көлбеулік 20 20/ тең). Осыған ұқсас көлбеулікті

анықтау үшін, масштаб табанын салуға болады. Ол үшін план- ның берілген қима биіктігі жəне əртүрлі көлбеулік табанының 4-формуламен анықталған кестесін құру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет