137-сурет. Ірі блоктардан жасалған құрама фундаменттің қалануын, берілген шектеулерімен тексеру тəсімі.
1 – жік арасының қалыңдығы, 20 мм; 2 – фундамент осьтерінің ауытқуы, 10мм; 3 – фундамент қиылысу шамасының ауытқуы, 15 мм; 4 – фундамент қабатының тік жазықтықтан ауытқуы, 10 мм; 5 – фундаменттің төменгі қабатын нивелирмен түзету; 6 – жер асты қабатының ішкі жағын түзету; 7 – қалау қабатының жазық жазықтықтан ауытқуы, əр 10 метрге, 20 мм
Блоктарды қалап болған соң, олардың арасын цемент лаймен толтырып сылап жəне гидроизоляция (су өткізбейтін қабат) жасайды.
Ленталық фундаментті салғанда ғимарат ішіне кіретін жер асты тораптарына есік қалдырады, олардың орналасу жағдай- ларын ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерінен бастап белгілейді. Коммуникация торабының кіру биіктігін жұмыс ре- перлерінен анықтайды, ал дайын фундаменттер үшін, тораптарды кіргізу биіктігі оның жоғарғы жиегінен анықталады.
Егер ғимаратта жер асты қабаты қаралған болса, онда гидрои- золяция жəне фундаментті тексеріп болған соң, биіктігіне сай, қабыр- ғаларының бұрыштық жəне маяктық блоктарды қою орындары қадаланады. Əрі қарай жағалық-сым тартып, соның бойымен қалған блоктардың астына арнаулы лай-қоспа жайып, қалайды. Қатар арасындағы тік жармаларын лай-қоспамен толтырады.
Ірі блоктардан салынған құрама фундаменттің түзу салын- ғандығын тексеру кезінде, оның жобалық жағдайынан ауытқуы СНиП –В-4-97 талаптарынан аспауы керек (137-сурет).
Ірі блоктардан жасалған құрама фундаментті салып болған- нан кейін, орындалған жұмыстың тəсімі жасалады, онда құрылыс торының жобалық жəне нақтылы осьтер арасындағы өлшемдері, фундаменттің жоғарғы жағының жобалық жəне нақтылы биіктік шамалары, т.б. көрсетіледі.
Темірбетон монолиттен жасалған ленталық фундаментті қадалау. Мұндай фундаменттердің жобалық орналасуы тұғыр- ларға бекітілген құрылыс осьтерінен бастап қадаланып, қалыптың көмегімен салынады. Алдымен қалыптың төменгі қалқандары орнатылады да, тексеріліп, бекітілген соң қалғаны орнатылады (138-сурет). Қалып ішіне бетон лайды құймас бұрын, оның план- дық жəне биіктік орналасу жағдайларын тексереді.
Фундаменттің жоғарғы жобалық биіктігін қалап үстіне шеге қағып белгілейді, ал оның пландық орналасу жағдайын қадалау осьтерінен тексереді. Қалыпқа биіктік шамасын беру, екі жұмыс реперлерінен атқарылады.
Жобалық биіктіктері белгілі екі нүкте арасында бетон лай қоспаны жаюды, олардың арасында шеге арқылы жіп тартып жасауға болады.
Фундамент беті жазық, тегіс болуы үшін, нивелирді пайда- ланып əлі кеппеген бетон қоспаға, жобалық биіктікке дейін арматура салып бақылап отыруға болады. Кепкеннен соң, арма- тура бетін бетон қоспамен сылап жібереді.
Фундаментті бетондап болған соң, осьтер арасында тексеру өлшемдерін жəне фундаменттің жоғарғы жағын (бетін) ниве- лирлеу арқылы тексереді. Тексеріс өлшемдерінің нəтижесінде, істелген жұмыстың орындалу тəсімін жасап, онда жобалық берілімдерден ауытқулары көрсетіледі.
СНиП талаптарына сай, қалыпты орнатудағы ауытқулар келесі шамалардан аспаулары керек. Қалып осьтерінің жобалық бағытынан ауысуы: фундаменттікі – 15 мм; қабырғалар мен баға- налардікі – 8 мм; балкалар, белдеулер жəне аркалардікі –10 мм.
сурет. Таспалы фундаментті қадалау тəсімі
Қалып жазықтығының тік жағдайынан немесе жобалық көл- беулігінен ауытқуы, 1 метр биіктікке 5 мм, бірақ барлық құрылым биіктігіне 20 мм аспауы керек.
Кірпіштен қаланылатын қабырғалар астына фундамент салу- дағы оның жоғары жағының жобалық биіктіктен ауытқуын, қалау кезіндегі жіктерін лай-қоспамен қалыңдату немесе жұқа салу арқылы реттеуге болады.
Бағаналар астына темірбетонды фундаментті салу (қа- далау). Бағаналар астына салатын темірбетонды фундаменттің үш түрі бар: монолитті бағаналар астына монолитті фундамент; құрама бағаналар астына монолитті фундамент жəне құрама колонналар астына құрама фундаменттер.
Биіктігі 35 см артық фундаменттерді сатылап (тепкішек іспет- тес) салады, мұнда монолитті фундамент сатыларының үсті жазық, ал құрама фундаменттердікі көлбеу.
Монолитті бетоннан фундаментті қалып арқылы салады, қалып бірінің үстіне бірі қойылатын жеке-жеке тақтайдан жасал- ған қалқан-қорап (139-сурет). Қалқан-қорапты пландық орнына құрылыс осьтерін бекіткен нүктеден түсірілген тіктеуіш арқылы тұрғызады. Соңғы рет тексеріп, дұрыстығына көз жеткізгеннен соң, қорапты мықтап бекітеді. Қораптың қабырғасына жобалық биіктік шамасын шығарып қояды.
сурет. Бағананы орнатуға арналған қалып
1 – сым-темір; 2 – рейка
Бағана астындағы фундаментті жобалық биіктігіне біршама жеткізбей құяды, себебі жобалық биіктігі тура болуы үшін, бетон- лайды бақылай отырып құяды да, тура биіктік шамасына келтіреді. Егер фундамент көп төмен құйылса, онда бағананың табан астына, сондай қалыңдықты темір пластинка қойылуы мүмкін.
Монолитті фундамент үстіне бағананы қою үшін, фундамент үстіне ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтерін белгілейді немесе алдын ала қойылған құрсау шегеге, пластинкаға сызып көрсетеді (салады).
Егер фундамент үстінде башмакты металл бағана орнатылып, анкерлі болт- тармен бекітілетін болса, онда болттарды алдын ала бетонға бекітіп, тексеріп, бетон-қоспа кепкенше күтеді.
Анкерлік болттардың АА1 жəне ВВ1
қадалау осьтеріне қарағандағы орна-
ласулары кондуктор деп аталатын анкер- лік болттар кіретін 1, 2, 3 жəне 4 тесігі бар, қатты металдан жасалған жабдық арқылы іске асады (140-сурет). Анкерлік
сурет. Анкерлік болттарды орнататын кондуктор
болттың жоғарғы жағында резбасы бар, оған гайка бұралуы керек, ал жобалық жағдайы сол гайка арқылы нивелирдің көмегімен реттеледі.
сурет. Колонна астына фундамент салуды тексеру тəсімі
Технологиялық жабдықтарды орнату үшін салынатын фунда- менттердің анкерлік болттарын барлық биіктігіне бетондамай,
оларды құдық деп аталатын қуыс қалдыра отырып бетондайды. Бұл құдықтар, бағананы орнатқанда, оны еңкейте қозғап, бағыт- тап, керекті бағытта колоннаны орналастыруға мүмкіндік туғы- зады. Бағананы тексеріп, түзеткеннен кейін құдыққа бетон құйып колонна табанын қоса бекітеді.
Анкерлік болттарды орнатып болған соң, орындалған жұмыс- тың екі рет тəсімін жасайды: орнатуға дейін жəне орнатып болғаннан кейін. Тəсімде болттардың жобалық шамадан план- дық жəне биіктік ауытқулары көрсетіледі. Тəсімге болттардың жəне бағана астындағы бетонның жоғары жақтарының биіктік шамалары жазылған кесте беріледі.
Бағананы орнату план бойынша жоғары дəлдікте өтетіндіктен (±5 мм), осьтерді шығаруда аспапты центрлеу жəне редуция қате- лері нөлге жақын болуы керек. Фундаментті орнатудағы тексеріс, яғни орындалған жұмыстың тəсімі 141-суретте көрсетілген.
Құрама бағаналар астына құрама фундаментті салу (қа- далау). Іс жүзінде болат бағаналарды, құрама темірбетон баға- налармен ауыстырады. Құрама бағаналарды орнататын құрама фундаметтерді қадалауды тұғырға бекітілген ұзынабойлық жəне көлденең құрылыс осьтер арасына сым тартудан бастайды. Осьтердің қиылысқан тұсын тіктеуіш арқылы шұңқырдың табанына түсіреді де, фундамент үшбұрышының орындарын қа- зықтармен белгілейді. Қазықтардың орнына фундамент жастық- шасының типтік өлшемдері бойынша дайындалған шаблондар- ды пайдалануға болады. Шаблонның центрін бағана осьтерінің қиылысу нүктесімен дəл келтіре орналастырады. Блокты қаламай тұрып, жер бетін тегістеп құмды немесе бетондап жобалық биіктік деңгейіне келтіреді. Кранмен жеткізілген фундаменттік блокты 0,2 – 0,3 м биіктікте қалайтын жерге жақындатып, жобалық орнына дəл орнатуға тырысады. Осьтері бойынша дəл орнатуды кран құрсауынан босатқаннан соң қолдай атқарады.
Құрама фундаменттің ең көп тараған түрі – стакан типтес (стаканного типа) блок. Стаканның геометриялық өлшемдерін шаблон арқылы тексереді.
Бағананы орнатар алдында стаканның түбін нивелирлейді жəне стаканға құйылатын бетон-лайдың қалыңдығын анықтайды. Себебі бағана ұзындығы жобалық шамасынан ұзын немсе қысқа дайындалған болуы мүмкін. Сондықтан стакан түбінің биіктік
шамасын 50-60 мм төмен алады. Бағананың башмагын жобалық биіктікке бетон-лайды стаканға реттеп құйып келтіреді.
Құрама темірбетон блоктардан дайындалған фундаменттер үшін келесі шектік шамалар қаралады:
Стаканды фундамент жəне блоктардың қадалау осьтерінен ауытқуы:
жоғары қатар үшін ±10 мм;
төменгі қатар үшін ± 20 мм.
Ғимарат фундамент стаканының ішкі өлшемдерінің ауытқуы (ұзындығы, ені):
бірқабатты ғимарат үшін, ±20 мм;
көпқабатты ғимарат үшін, ±15 мм.
Достарыңызбен бөлісу: |