Қазақстан республикасы білім


§ 15.11 Құрылыс осьтерін фундаментке шығару



бет111/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133
Геодезия кітабы

§ 15.11 Құрылыс осьтерін фундаментке шығару


Бағаналарды жəне құрылыстың қаланбақшы бөліктерін ор- натар алдында олардың фундаментерінің пландық жəне биіктік орындарын тексеріп алады. Бұл тексеріс қалай да жүргізілуі керек, себебі фундаментті дұрыс жəне дəл қадалаудан алдағы істелетін құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы артып, екпінді жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Пландық тексеріс дегеніміз – фунда- мент үстіне құрылымның ұзынабойлық жəне көлденең осьтерінң белгілеу жəне бағана аралық қашықтықтарды, белдемелердің (пролет) ұзындық өлшемдерін тексеру. Тексеру мəні төменгі рет- пен жүргізіледі.
Айталық, А-А, Б-Б жəне В-В ұзынабойлық жəне 1-1, 2-2, 3-3 көлденең осьтері жəне жеке фундаменттер қатары бар (142-су- рет). Қатар тұрған тұрақты бекітілген 1 нүкте үстіне теодолит орнатып, дүрбіні А-А осін бекітетін II нүктеге бағыттайды. Əрі
қарай барлық фундаментке а1, а1/, а2, а2/... нүктелерін сызып белгілейді. Егер фундаментті дайындағанда оның ішіне қоса
бетондалған детальдары болса, сызықты соған салуға болады. Əр фундаментте əр жұп а1, а1/, а2, а2/... нүктелерін түзу сызықпен фундамент үстінде немесе стакан қырында ізі қалатындай етіп қосады. Əрі қарай теодолитті Б-Б осі қатарына қойып, жо- ғарыдағыдай фундаментке осьтерді сызады жəне көлденең осьтерді белгілеуді де осылай атқарады.


  1. сурет. Бағана фундаментінің осін тексеру тəсімі

Фундамент үстінде осьтерді алдымен бір бағытта, əрі қарай біріншісіне перпендикуляр бағытта шығарады. Осьтерді фун- дамент үстіне үшкір сайманмен сызып белгілейді де, майлы бояумен бояп қояды.


Жоғарыда келтірілген құрама фундаменттің пландық орна- ласу жағдайларын тексеруді фундамент қатарының ұзындығы 120-150 м болған жағдайда жүргізген тиімді болады. Фундамент ұзындығы үлкен болған жағдайда бірнеше бөлікке бөліп, көздеу сəулесінің 150 м аспағанын қадағалайды. Тексеріс нəтижесін, орындалған жұмыстың тəсімін салумен аяқтайды (141-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет