§ 16.2 Құрылыс нормалары жəне ережелері.
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстардың ережелері
Құрылыс нормалары жəне ережелері іс жүзінде құрылыс салуда жəне жобалауда тексеріліп, қолдануға əбден бола- тын, бұлжытпай орындалатын норма жəне ереже талаптары- нан тұрады. Олар алдыңғы тəжірибелі құрылыс техникаларын енгізуге, құрылысты ұйымдастыру жəне механикаландыруға, құрылыс сапасын арттыруға жəне құрылыс өндірісін жобалауда, прогрессивті нормаларды енгізу арқылы бағасын төмендетуге, пəрменді құрылыс материалдарын қолдануға, сонымен бірге неғұрлым зауытта жасалған құрама элементтер мен конструкция- ларды пайдалануға бағытталған.
Бірақ құрылыстағы геодезияның сұрақтары бүгінгі күнге дейін, «Құрылыс нормалары жəне ережелерінде» кеңінен көр- сетілмеген. Бұл кемшілікті кейіннен шыққан СНиП толықтыра алады, дегенмен бұл шығармашылықта да геодезиялық жұмыс- тардың түбегейлі қаралмағанын байқауға болады.
«Құрылыс нормалары жəне ережелері» мəтініне кіретіндер: жалпы түсінік; құрылыс үшін геодезиялық қадалау негізі; құры- лыс салу кездеріндегі геодезиялық қадалау жұмыстары; құрылыс- монтаждау жұмыстарының дəлдіктерін тексеру; ғимараттар- дың жəне құрылымдардың отыруын, жылжуын геодезиялық бақылау.
Геодезиялық қадалау негіздерінің дəлдігі
3.4-кесте.
Дəлдік класы
|
Құрылыс нысандарының сипаттамасы
|
Геодезиялық қадалау негіздерін құрудағы шектік орташа
квадраттық қателері
|
бұрыш- тық,
с
|
Сызықтық
|
биіктікті анықтау, мм
|
1-0
|
100 га ауданды алып жатқан кешенді немесе топты ғимарат жəне құрылым. 100 мың м2 артық ауданды алып жатқан жеке тұрған ғимарат
жəне құрылым
|
5
|
1/50 000
|
2
|
2-0
|
100 га дейінгі ауданды алып жатқан кешенді немсе топты ғимарат жəне құрылым. 100 мың м2 дейінгі ауданды алып жатқан жеке тұрған
ғимарат жəне құрылым
|
10
|
1/15 000
|
2
|
3-0
|
10 мың м2 дейінгі ауданды алып жатқан кешенді немесе топты ғимарат жəне құрылым. Құрылыс салынбақшы аудан ішіндегі жолдар, жер үсті жəне жер асты коммуникаци-
ялары
|
20
|
1/5000
|
3
|
4-0
|
Құрылыс салынбақшы ау- дан сыртындағы жолдар, жер үсті жəне жер асты коммуни-
кациялары
|
30
|
1/2000
|
5
|
Ескертулер: 1. Геодезиялық қадалау негіздеріндегі базисті құру дəлдігі арнаулы есептеулермен анықталады.
Кейбір участоктерде, сол нысан үшін (мысалы, құрылыстық өндірістік базалары) өлшеу жəне құру дəлдіктері берілмеген бол- са, онда төменгі дəлдікті класс шамасын қолдана беруге болады .
Құрылыс нысанында геодезиялық қадалау негіздерін құруды қандай дəлдік класына жатқызу керек екендігін геодезиялық жұмыстарды жүргізу жобасынан қарап анықтау болады.
Достарыңызбен бөлісу: |