Қалып дегеніміз – құрылымдарды салу кезінде бетон құйылатын, əртүрлі пішінді, ағаш-тақтайдан жасалған жабдық, ал темірбетонды құрылымды салу кезінде, ол – арматура жəне бетон қоспасы.
Қалып, құрылыс осіне геодезиялық негізден шығарылады да, ішкі жобалық өлшемдерін жəне құрылым нобайының сыртқы өлшемдерін сақтай отырып құрылады.
Қалыпты құрудың шектік шамалары техникалық шарт жəне құрылыстың жобасы негізінде қаралады. Мысалы, қалыптың 1 м бұрылмалы арақашықтықта орналасқан тіректері мен тіректерді жалғастырып тұрған тақтайлардың арасы 25 мм, ал барлық ұзындыққа (екі тіреу арасына) 75 мм артық емес.
Қалыптың тік жазықтықта ығысуы жəне олардың қиылысу сызығы 1 м биіктікке – 5 мм, фундаменттің барлық биіктігіне – 20 мм. Қалыптың бетін екі метрлік рейкамен тегістігін тексер- генде 3 мм аспауы керек.
сурет. Жобалық биіктікті реперден қалыпқа (опалубкаға) беру
Келтірілген шектік шамалардың ауытқуынан аспауына, гео- дезиялық бұрыштық жəне сызықтық өлшемдерге жұмыстарға сай аспаптарды қолданғанда ғана жетуге болады. Бетон құю жұмыстарында қалыптар жобалық орнына барлық жағдайда, арнаулы «скобалар» немесе желілер арасында созылған сым- темірлерден бастап өлшеніп орналастырылады. Сым-темірге ілінген тіктеуішті пайдаланып, алдымен қалыптың төменгі жағын бекітіп алады да, сонан кейін келесі қалыптың блогін орнатады.
Қалыптардың жоғары жақ жиегін, олардың бір-бірінен төмен немесе жоғары жобалық биіктігінен ығысып кетпей тура болғанын қадағалай отырып орнатады. Ол үшін, нивелирлеу арқылы жұмыс істеу реперінің биіктігі қалыптың ішкі жағына беріледі.
Мысал. Құрылыс фундаментінің жоғары жақ биіктігі Нпр = 159,50 м шамасын қалыпқа беру керек. Нивелир аспабын биіктігі
460,030 м А реперімен жəне орналастырылмақшы қалып арасына орнатады (71-сурет). Репер үстіне қойылған рейкадан a = 1350 мм есебін алады.
Қалып үстіне қойылған рейкадан алынатын b есебінің шамасы (М нүктесінде), яғни рейканың нөлдік табаны жобалық 159,500 м биіктікке тең болу үшін қаншаға тең болатындығын табамыз. b
есебінің шамасы формуламен есептеліп табылады b = HA+ a - Нпр
= 1880 мм.
Қалып үстіне қойылған рейканы керек есепке жеткенше жоғары, төмен қозғай отырып қалыпты орнатады.
Қалып үстіне мұндай биіктіктің бірнешеуін тауып, шегемен бекітеді де, олардың арасына қалыптың жобалық биіктігін көрсететін шнур тартып қояды. Гидротехникалық құрылыстарды бетондау кезінде, қалыптың үстіне сантиметрлік бөліктері бар рейканы қағып бекітеді де, сол бөліктер арқылы бір ауысымда қанша көтерілгенін анықтап отырады.
Берілген биіктікте бетон блоктары жазық бетті болуы үшін, нивелирдің көмегімен əлі қатпаған бетонға металл қазықтар орнатады да, солардың жоғары жақтары немесе оларға орна- тылған маяктар арқылы тексеріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |