Қазақстан республикасы білім



бет58/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133
Геодезия кітабы

Бақылау сұрақтары:

  1. Қадалау жұмыстары дегеніміз не?

  2. Геодезиялық негіз дегеніміз не?

  3. Жер бетін уақытша жəне тұрақты көтеру жұмыстарына қандай жұмыстар жатады?

  4. Жерлік жұмыстар дегеніміз не?

  5. Шаблон дегеніміз не?

  6. «Қызыл», «Қара» биіктіктер дегеніміз не?

  7. Нөлдік жұмыс биіктігі дегеніміз не?

  8. Қазан шұңқырлардың тереңдігін қалай анықтайды?

  9. Кемер көлбеулігін қалай анықтайды?

  10. Көлбеулікті қалай жер бетіне түсіреді?

Х тарау


КӨПІР САЛУДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР


§10.1 Қолдан жасалатын құрылымдардың түрлері


Қолдан салынатын құрылымдар – салынбақшы жолдың күрделі бөліктері. Бұл құрылымдарды салуда кететін шығындар, оның ауқымды бөлігін құрайды. Салынған жолды пайдалану кезінде, оны бақылап отыруды жəне күтуді талап етеді.
Жол бойында көп кездесетін қолдан салынатын құрылымдар
– бұлар көпірлер, су өткізетін құбырлар, тіреме қабырғалар, тон- нельдер, галереялар жəне лотоктар (су ақпа науалар), т.т.
Жол үстіне жабатын материалына байланысты көпір аттары да өзгеріп отырады: металдық, темірбетонды, тас жəне ағаш көпірлер.
Қажеттілігіне жəне салмақты жылжымалы жүк өткізу қабілетіне байланысты көпір аттары:
теміржолды, яғни поездарды өткізу үшін;
автокөлікті, яғни көлік түрлерін өткізу үшін;
қалалық, яғни автокөліктерді, трамвай-троллейлік жəне адам- дар өтуі үшін;
құрама, яғни поездарды жəне автокөліктерді өткізу үшін;
жаяу адамдық, яғни жаяу адамдар өту үшін;
арнаулы құрылымдық, яғни су желілерін, газ-мұнай құбыр- ларын өткізу жəне каналдар үшін.
Су желілері, яғни су құбырларын жол астынан, үстінен өткізу құрылымы жағынан қарапайым қолдан жасалатын құрылыстарға жатады.
Үйме жұмыстары аз болған жағдайда, кейде су өткізу құрылымы ретінде лоток (ақпалы науа) салумен шектеледі.
Жалпы өлшемдері, жобалау жəне салу күрделілігіне байланы- сты қолдан жасалатын құрылыстар төрт топқа бөлінеді:
Кіші көпірлер, бұл түріне ұзындығы 25 м көпірлер, сонымен бірге үю жұмыстарының астында қалатын су өткізу құбырлары жəне ақпалы науалар;
Орташа көпірлер, бұл көпірлердің толық ұзындығы 25-100 м, ал көпірдің əр жабу материалының (пролет) ұзындығы 40-50 м аспайды;
Үлкен көпірлер, ұзындығы 100 м артық;
Өте үлкен көпірлер, бұл көпірлер кластан тыс немесе үлкен су кеңістіктері арқылы өтетін сирек құрылымды деп аталады.
Жол бойында салынған көпірлер санына байланысты, кіші жəне орташа қолдан жасалатын құрылыстар деген атау жиі қолданылады.
Жолдардың қиылысқан, өту ағымы тұрақты тұсындағы құры- лымды көпірлік өту жолдары (мостовым переходом) деп атайды. Оған жататындар, көпірдің үстіңгі бетіне жалғасатын таяныш (полотно), суды бағыттап, реттеп отыратын құрылым, тіреу жəне қоршау қабырғасы, жағаны бекітуші жəне де басқа құрылымдар.
Көпірдің негізгі элементтері болып саналатындар: тіреулер жəне жабу құрылымдары. Тіреулер тұрақты деп аталатын жаға- лық жəне аралық (халық арасында «быки» деп аталады) болып бөлінеді.
Əр тіреу көпірдің жаппалы құрылымдарына жəне одан өтетін жылжымалы масса салмағына төтеп береді, сонымен бірге көпірге оның жағалауына үйілген үйме топырақ та əсер етуі мүмкін.
Тіреулердің фундаменті жəне фундамент үстілік бөлігі болады.
Тіреулерді тіке жер үстіне немесе тіреу орнатылатын жер ыңғайсыз, əлсіз болса, онда арнаулы қолдан жасалған табан үстіне орнатады.
Тіреулердің пішіні, өлшемдері оның үстінен өтетін жылжыма- лы салмақ сипаттарына байланысты болады, сонымен бірге оның астынан өтетін су ағымдары, мұзжарғыш кемелер жəне жергілікті инженерлік-геологиялық шарттар арқылы анықталады.
Көпірдің жаппалы құрылымдар қимасы бүтін балкалардан, екі шетіне дейін созылған фермалардан немесе əртүрлі құрамды кон- струкциялардан тұрады. Жылжымалы көліктердің сипатына сай, олар негізгі тасымалдау жаппалар үстімен өтеді. Көпірдің негізгі шыдамды бөліктері (балкалар, фермалар) бір-бірімен көпірдің беріктігін жəне көлденең мықтылығын қамтамасыз ететіндей бо- лып жалғасады.
Көпірдің негізгі шамалары жəне оның элементтері болып са- налатындар:
Көпірдің толық ұзындығы, ол екі жағалық беттің арасы;
Көпірдің тесігі, ол судың ең жоғары көтерілу кезіндегі өткізу шамасы;
Көпірдің биіктігі, ол көпір үстінің су деңгейіне дейінгі шама;
Есептелмелі арақашықтық, ол балкаларды үстіне қоятын екі тіреубағананың осьтері арасындағы шама; тіреудің биіктігі, фун- дамент тереңдігі жəне т.т.
Айтылған көпірдің өлшемдері жəне оның элементтерін, жобалау барысында ізденіс кезінде анықталған инженерлік- гидрогеологиялық, геологиялық жəне кемелердің суда жүзу шарт- тарын еске ала отырып анықтайды.
Салынбақшы құрылыстың фундаментін тұрғызудан бастап, құрылысты толық біткенше геодезиялық жұмыстар жүргізіліп отырылады. Мұндағы негізгі мақсат – ол қолдан салынбақшы құрылыстың жеке бөліктерін (фундаменттерінің, тіреулерінің, жаппалық құрылымдарының, жолға жақындау, шығу үймелерінің жəне реттеп отыру құрылымдарының) жəне жалпы осьтерін қа- далай отырып, сонымен бірге күнделікті салынбақшы құрылыс- тың барлық өлшемдерін, биіктіктерін тексеріп отыру арқылы, оның жобалық шамаларын сақтауды қамтамасыз ету. Салынбақ- шы құрылыстың осьтерін дұрыс қадаламау немесе биіктік ша- маларын дəл жеткізбеу, жобаланған құрылыс құрылымдарының бұзылуына, қайта салуға, яғни құрылыс салудың мерзімі ұл- ғайып, оған кететін шығынның көбейіп кетуіне əкеліп соғады. Геодезиялық жұмыстарды уақтылы, тиянақты орындау, қадалау жұмыстарын тұрақты тексеріп отыру геодезиялық жұмыстарды жүргізуші мамандардың негізігі міндеті болып саналады.
Құрылысты салмас бұрын, көпір салынбақшы жерде ізденіс жұмыстарын жүргізген жобалаушы мекеме тапсырыс берушімен бірге, акт арқылы геодезиялық пландық жəне биіктік бастапқы берілімдерін, пландағы көпірдің ұзынбойлық осін бекіткен қо- сындарды, трасса жəне оған түйісуші немесе оның маңындағы ны- сандардың планын, сонымен бірге реттеп отыру құрылымдарын, қабырғалық маркаларды немесе жерлік реперлерді тапсырады. Көпірлік өту трассасының осі жəне геодезиялық негіз қосын-
дары, қатаң ереже ретінде мемлекеттік геодезиялық тор қосындарына түйістірілген болулары керек.
Бекітілген пландық жəне биіктік геодезиялық негіздердің саны, қолдан жасалатын əртүрлі өлшемді құрылымдар үшін, техникалық нұсқау негізінде анықталады. Мысалы, көлемі кішкентай көпір салуды бастау үшін оның осін екі қосыннан бақылай отырып бекітетін ағаш бөренелер жəне бір биіктік репері жетеді, ал үлкен көпірлерді салуда əр жағалауда екі белгі- қосыннан жəне бір реперден кем болмауы керек. Ось қосындары жəне реперлер ағаш немесе бетон бағаналармен жерге терең ба- тырылып орнатылады, яғни белгі мықты жəне тұрақты болулары керек.
Геодезиялық қосын негіздері трассаның жалпы ось бекеттері- не байланысқан, ал салынбақшы жолдың координаталары жəне биіктік шамалары бір координаталар жəне бір биіктік шамалар жүйесінде болулары керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет