Жер бетінде аэропорт құрылымдарын қадалау, келесі жұмыс істеу жобасының құжаттары негізінде жасалады:
аэропорттың Бас жоспарының 1:200 масштабтағы планы;
ұшу алаңының 1:500 масштабтағы қадалау сызбасы;
1:2000 масштабтағы тік жазықтықта тегістеу жобасының сызбасы, есептеулері;
жер асты коммуникацияларының пландарымен ұзына- бойлық профильдері;
əр құрылымның, түйісулердің, бекеттердің жұмыс істеу сызбалары.
Қадалау алдында алаңдағы жəне оның маңындағы барлық геодезиялық тор қосындарын тексереді де, олардың бұзылғаны, жойылғаны болса тексеріп қалпына келтіреді.
96-сурет. Ұшу алаңының негізгі осьтерін қадалау
Егер бекеттік тор, ізденіс жұмыстары кезінде бекітілмеген не- месе сақталмаған болса, онда бекеттік торды қалпына келтіріп, бекітеді де, ұшу алаңының барлық «қара» биіктіктерін тексереді. Құрылымның негізгі нүктелерін, осьтерін қадалауда қолда-
нылатын қосындардың координаталары тексеріледі.
Далалық тексерулермен бірге, жобалық аналитикалық бе- рілімдерде қайта тексеруден өтеді.
Аэродромның жобасын жер бетіне түсіру, ұшу алаңының барлық құрылымдарына негіз болатын ұшу-қону алаңының ұзынабойлық осьтерін қадалаудан бастайды. Қадалауды геоде- зиялық негіз қосындарынан бастайды.
Полярлық координаталары арқылы жақын маңдағы қосын- дардан ұшу алаңының басталу жəне аяқталу нүктелерін тауып, бекітіп, осы нүктелер арасында бекеттік нүктелерді қадалайды (96-сурет).
Бұл жұмысты дəлдігі 30// кем емес теодолитпен, компараторда тексерілген болат таспамен немесе шектік қатесі 1:2000 оптика- лық қашықтық өлшегішпен атқарады.
Тік жазықтықта ұшу алаңын тегістеу екі сатылы (этап) жұмыс ретінде атқарылады.
Алдымен жер бетін тегістеп алады, яғни шұңқырлы жерле- ріне биік жердегі топырақ ығыстырылып, артығы жер бетіне үйіледі. Екінші этапта жер бетінің біркелкі тегіс болуы үшін, жобадағы қызыл биіктіктермен жəне көлбеулікті сақтай отырып, тегістеу жұмысын жүргізеді.
Қадалау шаршылар əдісімен іске асады.
Ұшу алаңы бетінің жобалық (қызыл) биіктіктері жер бетіне жеке биіктіктері арқылы, 40х40м болып келетін шаршылар төбелерін жер бетіне түсірумен іске асады (97-сурет).
Ұшу алаңының жобалық (қызыл) беті нақтылы жер бетіне бекітілген 40х40 м шаршылар төбесінің əр биіктіктері арқылы іске асады.
Алдымен келесі жұмыс түрлері іске асады:
Шаршылар төбесін бекіткен қазықтың жанындағы қарауыл қазықшаға осы шаршы төбесінің жұмыс істеу биіктігін жазады (үю «плюс», қазу, ысыру «минус» таңбалы);
Үю немесе қазу жұмыстарының аймақ сұлбасын қазық- шалармен бекітеді де, ең терең немесе ең биік үю бағытын көр- сетеді;
Достарыңызбен бөлісу: |