Қазақстан республикасы білім



бет78/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133
Геодезия кітабы

97-сурет. Шаршылар əдісімен қадалау тəсімі

  1. Үйменің айтулы тұстарына көздегіш қағып қояды, мұнда көздегіштің жоғарғы жиегі үюдің биіктік шамасына дəл келуі керек.

Алаңның беті жобалық биіктіктеріне 10-20 см қалғанша жер бетін жобамен ысырып, үйіп, шұңқырларды тазалап, үймелерді тегістеп болғаннан кейін нақтылы тегістеу үшін шаршы төбеле- рін қадалауға кіріседі.
Мұнда шаршылар төбесіне қағылған қазықтар жобалық биік- тіктерге дəл биіктікте бекітіледі де, нивелирмен тексеріліп қызыл биіктіктер шамасы тұсына белгі салынады.
Ұшу алаңын соңғы рет дəл тегістеу үшін, биіктік нүктелері- нің шаршы торын 10х10 м дейін төмендетеді. Тегістеу жұмысы біткеннен кейін, 40х40 м шаршы торы арқылы орындалған жұ- мысты нивелирлеумен түсіріп (исполнительная съемка), оның тік жазықтықта орындау сызбасы жасалады.

12–589
177

Орындау түсірісі 1:2000 масштабта 40х40 м шаршы торлары арқылы атқарылады. Сызбада жобалық қызыл, нақтылы қара биіктіктерді жəне олардан ауытқу шамалары көрсетіледі (ауытқу шамасы ±4 см аспауы керек).
Ұшу алаңы ұсақ толқымалы төмен, жоғары болмай, сыртқа шығыңқы төбешіксіз тегіс болуы керек.
Ұшу-қону жолақтары 0,006 – 0,08 ‰ промилді көлбеулікті, екі табанды профильді болып келеді.
Жолақтардың жиектерінде жауын суы ағатын науа, су қабыл- дайтын құдықтар салынады. Тұрақ жəне бұрылу жолдары бір табанды көлбеулікте салынуы мүмкін.
Ұшу жолағы жəне бұрылу жолдары цементті-бетонды плита қабаттарынан тұрады. Бұл қабаттарды құм төсеніштің үстіне жеке шаршылап жасалған ағаш ыдыстың ішіне құяды. Бетондау жұмысының алдында жолақтың ұзынабойлық осін қалпына келтіріп, тексеріп нивелирлейді (98-сурет).


98-сурет. Көлденең жұмыстық профильдерін бекіту тəсімі

Бетондау механикаландырылған болса, мұнда арнаулы пішін- ді бетон құюшы механизм жылжитын рельс орнатады. Плита қабаттарының қатарын қадалау үшін, негізгі ұзынабойлық осьті немесе оның ұзынабойымен қатар салынған осьті пайдаланады.


Əр плита ыдысының орнын қадалау, ұшу алаңының ұзына- бойлық осінен, əр 20 м сайын салынған көлденең профильдері
үстімен іске асады. Əр 20 м сайын ұзынабойлық осі бойымен
«плюстік» нүктелерді жолақтың сыртында қосымша жазықтықтар қатары ретінде бекітеді. Бұл бекітілген нүктелік белгілер, жер асты коммуникацияларын қадалау жəне осьті, басқа жұмыстарды қалпына келтіру үшін пайдаланады. Бұл белгілердің бір шамасын (əр үш бекет сайын) жер қабатының суықтан қату тереңдігінен төмен орнатып бекітеді де, жұмыс реперлері ретінде пайдаланады. Құрылыс біткеннен кейін барлық орындалған жұмысты тү- сіру жүргізіледі де, оның толық құжаттары (жер асты коммуни-
кацияларының, ғимараттары жəне құрылымдарының) жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет