жеке-жеке жер бетіне түсіруге болады. Графикалық əдіске қара- ғанда аналитикалық əдістің артықшылығы бұл əдіспен
тар жер- дегі, жол үстілеріндегі инженерлік торлар құрылымдарын жер бетіне түсіруде оңтайлы екені көрініп тұр. Графикалық əдісте аталған жұмыстарды атқару үшін, ірілігі 1:500 масштабты, жол үсті инженерлік торлар құрылымдарының планы керек болған болар еді. Құрылыс алаңында геодезиялық тор құрылған болса, аналитикалық əдісті қолдану өте тиімді. Бұл əдіспен ғимараттар- дың жəне құрылымдардың ұзынабойлық жəне көлденең осьтері геодезиялық торға
салыстыра отырып қадаланады, сонда осьтер бойынша кесінділер қосындысы шаршы немесе тік бұрышты төртбұрыш қабырғасының ұзындығын берген болар еді.
Графоаналитикалық əдіс. Графоаналитикалық əдісте жоба- лаудың бастапқы берілімдерінің біразын топографиялық план- нан графикалық жолмен, ал қалғанын аналитикалық жолмен анықтайды. Графоаналитикалық əдісті көбінесе қайта құрылып немесе өзгертіліп жатқан өндірістің бас планын құрастыруда қолданылады. Мұнда бұрыннан бар ғимараттар мен құры- лымдарды, жаңадан салынбақшыларымен аналитикалық əдіс арқылы байланыстырады. Мұнда геодезиялық негіз
қосында- рын пайдалана отырып, бұрыннан бар ғимарат бұрыштарының, инженерлік торап құдықтарының, ғимаратаралық жолдардың қиылысу жəне басқаларының координаталарын анықтайды.