Құрылыс нормаларында жəне ережелерінде ғимарат жəне құрылымдардың, құрылыс заттарының, бөлшектерінің жəне жаб- дықтарының элементтерін дайындаудың дəлдік кластары бола- ды жəне олардың өлшемдерін белгілеу реті қалыптасқан. Оны жалпыға бірдей модульдік жүйе (ЕМС) дейді. ЕМС бойынша ғимараттар мен құрылымдардың негізгі өлшемдері модульге сай, бүтін сан болуы керек, М = 100 м. Осыны ескере отырып, ғимараттардың қадалау осьтерінің арасы модульге М = 200 м, ал құрылымдар үшін М = 100 м бүтін сан болулары керек.
Модульдік жүйеде конструкциялар жəне қадалау осьтерінің өлшемдері туралы əртүрлі түсініктер қалыптасқан. Айталық, егер модульдік жүйе бойынша конструкциялық элементтері- нің шартты қырлары арасындағы жобалық өлшемдері немесе ғимараттардың, құрылымдардың қадалау осьтерінің жобалық өлшемдері берілсе, онда ес ептеу өлшемдері жобалық, немесе номиналды деп аталады.
Бірақ құрылыс конструкцияларын дайындау, жобалық орын- дарына тұрғызу, сонымен бірге жер бетіне құрылыстық жəне монтаждық осьтерін қадалау кездерінде ауытқуларға жол берілген болса, онда номинальды өлшемдер жобалық өлшемдермен дəл келмейді немесе оны таба алмайсыз. Сондықтан модульдік жүйеде нағыз өлшем туралы түсінік енгізілген.
Нағыз (фактический) өлшем жобалық өлшемнен үлкен жағына да (плюстік ауытқу), кіші жағына да (минустық ауытқу) ауытқуы мүмкін. Ал бұл ауытқулар құрылыс-монтаждау өндірісінің са- пасына əсер етпеуі керек, яғни ретке келтірілуі (нормированы) керек. Ол үшін ең үлкен жəне ең кіші ауытқулар арасындағы шектік шама (допуск) деп аталатын шектік зонаны бекітеді жəне
|∆±| белгіленеді. Оң шектік шама əсерінен құрылыс элемент- терінің арасы үлкейеді де, теріс мəнді шектік шама əсерінен кішірейеді. Шектік шаманың табиғатын 99-суретте берілген тəсімінен түсінуге болады.
99 а-суретте құрылыс бөлшегінің мүмкін болатын нақтылы
өлшемдері көрсетілген: lmax – құрылыс бөлшегі +D шекті шамадан үлкен жасалған, бірақ нормалық шамадан артық емес; lmin құры-
сурет. Конструкция элементтерінің бұрыштық байланысуы
а) мүмкін болатын өлшемдері; ə) осьтерді қадалау кезіндегі ауытқу
лыс бөлегі D шамаға қысқа жасалған, бірақ қолдануға болады. Яғни, шектік зона тең болады,
|∆±|= lmax - lmin.
Осындай жағдайды (99 ə-сурет) ғимараттардың 1-1 жəне 2-2 көлденең осьтерінің арасындағы негізгі осьтерін геодезиялық қадалау кезінде байқауға болады. 100-суретте жалғасу қалыңды- ғын сипаттайтын екі құрама элементтердің түйісуі көрсетілген: Smax – максималды (ең үлкен) қалыңдық; Smin – минималды (ең кіші) қалыңдық. Оң мəнді шектік шамадан (допуск) конструкциялық элементтің шамасы, жобалық шамасынан үлкейеді немесе конс- трукциялық элементтер арасындағы жобалық саңылау кішірейеді. Шектік шамаға байланысты өлшеу дəлдігі де мұқият есепте- леді. Яғни, дəлдік нағыз өлшемдердің негізгі жобалық өлшем- дерге жақындау дəрежесімен сипатталады. Нағыз өлшемдердің жобалық өлшемдерден алшақтауы (шектік шамадан аспаса), іс жүзінде құрылыс-монтаждау өндірісінде құрама араларындағы саңылауларды бітеумен, жамаумен, жеткізумен немесе отыр- ғызумен орнына келтіріледі. Бұлайша орынына келтіру түсінігін
«компенсатор» дейді.
сурет. Екі құрама элементтің түйісуі
Құрылысты шектік шама дəлдік кластарына қарай топтала- ды да, не үшін жасалғандығына, құрылыс-монтаждау өндірісінің түріне, геодезиялық жұмыс əдістеріне қарап анықталады.
СНиП-ке құрылыс нормалары жəне сай, дəлдік класына, өл- шемдеріне байланысты шектік шама формуламен есептеледі,
мұндағы i – шектік шама бірлігі (немен өлшенеді);
c – дəлдік коэффициенті (осы класс үшін тұрақты сан).
Ұзындығы 10 000 мм конструкция үшін, шектік шама бірлігі формуламен есептеледі,
i=0,45 0.001 ּ l, (149)
мұндағы, i микронмен берілген; l – элемент өлшемі, мм.
3.2-формуладағы бірінші мүшесі құрылымды жасауға, оның өлшемінің əсері; екінші мүшесі құрылым өлшемінің оны өлшеу дəлдігіне əсері есепке алынған.
Егер конструкция 10 000 мм асып кетсе, онда шектік шама бірлігі төмендегі формуламен есептеледі,
i = 0,45
0.1
. (150)
(3.3) формуланың екінші мүшесі конструкция өлшемінің дəлдікке əсерін тиімді есепке алады.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарында ғимараттарды жəне құ- рылымдарды, құрама темірбетон элементтерінен салуды геоде- зиялық іспен қамтамасыз етуде өлшемдерді жүргізуді үш класс бойынша атқарады. Бұл шектік шамалар 8-кестеде берілген.
3.1-кесте.
Достарыңызбен бөлісу: |