Қазақстан республикасы білім



бет81/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   133
Геодезия кітабы

Қадалау дəлдігі кластарының сипаттамасы



Іргелес конструкциялары
осьтерінің аралық шамалары, мм

Қадалаудың кластық дəлдіктерінің
шектік шамалары, мм




1 класс

2 класс

3 класс

9000-ға дейін

2

5

6

9000-15 000

3

6

8

15 000-21 000

4

7

10

21 000-27 000

4

8

12

27 000-33 000

5

9

14

33 000 жоғары

4 n

8 n

11 n

Ескерту. n əрпімен 20 метрлік өлшегіш таспамен қанша рет өлшенгені беріледі.
Егер өлшеу нəтижелерін салыстырмалы қателіктер арқылы бағалайтын болсақ, онда негізгі осьтерді əртүрлі кластар үшін са- лыстырмалы қателіктер негізінде, 3.2-кестеге сай қадалау керек.
3.2-кесте.
Негізгі осьтерді қадалау дəлдігі



Осьтер арасының
өлшемдері, мм

Дəлдік класы

Шектік шамалар,
мм

Салыстырмалы
қателері

15 000-21 000



1-класс

4

1:10 000

2-класс

7

1:5 700

3-класс

10

1:4000

3.1-кестедегі берілімдерді пайдаланып, басқа да арақашық- тықтар (осьтер арасының өлшемдері) үшін салыстырмалы қателік шамаларын анықтауға болады.


3.1-кестеде (СНиП) құрылыс нысандарында геодезиялық өлшемдер қандай класта жəне қандай дəлдікпен атқарылуы ке- рек екендігінің сипаттамалары берілген. Мысалы, Ауданы 100 м2 артық ғимараттар мен құрылымдар үшін өлшемдер 1-класты дəлдікпен атқарылады, ал ауданы 10-100 м2 дейінгі құрылыстар- да өлшеу 2-класты дəлдікте жүргізіледі; құрылыс салу ауданы 10 000 м2 төмен құрылыс алаңдарында 3-класты дəлдікпен атқа- рылады. Жолдар, жер асты жəне жер үсті топтары үшін, «Құрылыс нормалары жəне ережелері» бойынша 1:2000 салыстырмалы қателікпен 4-класты дəлдік қарастырылған.
§ 13.3 Қадалау жұмыстарының геодезиялық пландық жəне биіктік негіздері туралы түсінік

Геодезиялық пландық жəне биіктік негіздері, құрылыс алаң- дарында ғимараттар мен құрылыстардың негізгі осьтерін жер бетіне түсіру үшін құрылады жəне оларды уақтылы қалпына келтіріп, құрылыс барысында тексеріп отырады. Құрылыс жұ- мыстары қызу жүріп жатқан кезде, тірек торы тікелей құрылыс- монтаждау жұмыстарын геодезиялық іспен қамтамасыз етуде, ғимараттар мен құрылымдардың жылжуын, шөгуін бақылауда,


бас пландарды құрастыруда жəне де басқа техникалық құжат- тарды жасауда пайдаланады.
Геодезиялық тірек торларының түрі жергілікті жағдайға, жұмыс ретіне жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының əдіс- теріне байланысты болады. Мысалы, ойлы-қырлы жерлерде триангуляциялық жəне аналитикалық торларды қолданады. Жа- бық немесе ашық (орман-тоғайлы, жазық) жерлерде полигоно- метриялық жүріс торларын құрады. Тірек торларының қайсы- сы болса да, олардың тірек қосындары (пункттері) тиянақты, ыңғайлы жəне құрылыс жүргізілетін уақыт ішінде сақталатын жерлерге орнатылады. Сонымен бірге, өндіріс ғимаратының бір жақ қабырғасы созылмалы, ұзын болса, құрылыстың сол жағын екі тірек қосыны қамтамасыз етуі керек.
Құрылыс алаңдарында қадалау негіздері, көп жағдайда жал- пы мемлекеттік тірек қосындарына түйіспейді, себебі бұл тірек қосындарының бастапқы берілімдері көп қателі болуы мүмкін. Сондықтан қадалау торы, бір бастапқы берілім тірек қосынына байланысқан, жан-жақты бос тор ретінде құрылады.
Айта кететін жағдай, мемлекеттік торларды құруда олардың қабырғаларын өлшеуде Красовский эллипсоидның жазықтығына түсіруді редуциялауға, Гаусс проекциясына келтіру түзетулері енгізіледі. Мұндай қадалау торына енгізілген түзетулер, жобаны жер бетіне түсірген кезде қиылыспаушылықтарға əкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан қадалау торына ереже ретінде редуциялық түзетулер енгізілмейді. Тек қана ойлы-қырлы, таулы аудандар- да торлардың биіктік шамалары күрт өзгермелі болғандықтан, құрылыс алаңының орташа деңгейі – салыстырмалы биіктік қабылданады. Есептеулер негізінде көз жеткізілгендей, абсцис- са осімен 40 шқ (20 шқ оңға, 20 шқ солға) құрылыс алаңдарында түзетулерді ескермесе де болады.
Қадалау торының ең көп тараған түрі – құрылыс торы. Құрылыс алаңында биіктік негізі ретінде триангуляция, поли-
гонометрия жəне құрылыс торы қосындарының биіктік шамалары алынады. Осы қосындар арқылы, ылғи III, IV класты нивелирлеу жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылымдардың отыруын (шөгуін), жылжуын бақылап отыру үшін жеке (арнаулы) нивелирлік негіз құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет