Қазақстан республикасы білім


§ 14.6 Көлбеу жазықтықты жəне сызықты жер бетіне салу



бет92/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.6 Көлбеу жазықтықты жəне сызықты жер бетіне салу


Берілген көлбеу сызықты жер бетіне түсіру үшін, жергілікті жер тегіс болған жағдайда нивелирді пайдаланады, ал ойлы-қыр- лы, күрт өзгермелі тұстарында теодолит аспабын қолданады. Жер- мен байланысты құрылыстарды (траншея, арық, тоған, көлбеу фундамент, т.с.с.) жүргізуді көздегіш арқылы (визирки) атқарады. Көздегіш дегеніміз – басына көлденең тақтай қағылған қазық. Бұл жұмысты тік жазықтықта тегістеу, авто жəне темір жол жер төсеніштерін, жер асты құбыр тораптарын салуда жəне монтаж- дау тағыда басқа жұмыстарында іске асырады.
Айталық, жер бетінде В нүктесі НВ биіктігімен берілген (111-сурет). ВА бағытымен берілген i көлбеулікті сызық жүргізу
керек. Көтергіш бұрандасының бірі ВА бағытымен дəл келетіндей етіп, нивелирді В нүктесіне орнатады. Тапсырманы іске асы- ру үшін В жəне А нүктелерін жобалық биіктіктеріне берілген i көлбеулікті сақтай отырып бекітеді, сонда А нүктесінің биіктігі мынаған тең болады:
НА= НВ + Si, (173)
мұндағы, Si ВА бағытының жазық ұзындығы.


111-сурет. Берілген көлбеулікті сызықты қадалау тəсімі
А нүктесінде тұрған рейкаға көздеу нəтижесін белгілеу үшін,
b аспап биіктігін өлшеп салады. ВА бағытындағы көтергіш
бұранданың көмегімен дүрбіні рейка бойымен Аd кесіндісіне тең деңгейге еңкейтеді. Əрі қарай m1, m2, m3 нүктелерінде қазықтар қағып, осы қазықтар бойында рейкадағы есеп аспап биіктігіне (b) тең болғанын қадағалайды.
Жермен жүргізілген құрылыстарда (траншея, арық, тоған, көлбеу фундамент, т.с.с.) рейканың орнына бірдей биіктікті көздегіштер қолданылады. Мұнда екі көздегіш А жəне В нүк- телеріне қойылады да (тұрақты), ал үшіншісі (қозғалмалы) ретімен m1, m2, m3 нүктелерінде орнатылады. Керекті көлбеулік- ті түсіру үшін тұрақты көздегіштерге көлденең қағылған тақ- тайдың жоғары жиегіне қарайды (көздейді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет