Қазақстан республикасы білім


§ 14.3 Жер бетіне жазық бұрыштарды салу



бет89/133
Дата01.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482066
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133
Геодезия кітабы

§ 14.3 Жер бетіне жазық бұрыштарды салу


Жер бетінде бұрышты құруда бір-ақ бұрыш салынады, ал қалғанын іздеп табу керек. Бұл кезде коллимациондық қатені жəне көздеу дүрбісінің айналу осінің еңкейу шамасы ең кіші шамасына жеткізіледі, бұл жағдай салынбақшы бұрышты дүр- бінің бір жағдайында ғана салуға мүмкіндік береді. Жер бетінде бұрышты салу реті төмендегідей.
Айталық А нүктесінде, бастапқы АВ бағытымен ВАС бұры- шын салу керек (109-сурет). А нүктесіне теодолит орнатып, али- даданы лимбпен нөл есебіне келтіріп беттестіреді де, аспапты АВ бағытымен бағдарлайды. Лимбты бекітіп, алидаданы боса- тып, берілген бұрыш шамасына бұрады да, С1 нүктесін белгілейді. Əрі қарай, дүрбінің екінші жағдайында осы жұмысты қайталай- ды. Теория жүзінде дүрбінің екі жағдайында да, көздеу сызығы бір нүктенің үстіне бағытталуы керек. Бірақ аспаптың колимацион- дық қатесінің əсерінен жер бетінде екінші нүкте С2 пайда бола- ды. С1С2 кесіндісін тура екіге бөліп, С нүктесін белгілесек, ол біздің іздеп отырған (a) бұрышының екінші қабырғасының бағыты болып шығады. Бұл бұрыш теодолиттің коллимациондық қатесінен босаған, яғни нағыз жобалық бұрыш.
Егер a бұрышын өте үлкен дəлдікпен салу керек болса, онда бірінші жəне екінші нүктелердің орнын табуды «қайталау» əдісімен (немесе «амалдар» тəсілімен) орындайды (109 ə-сурет).
Айталық, өте дəл өлшеу нəтижесінде a1 = a + da, сонда ОВ1 жəне ОВ кесінділерінің ұзындығын жəне бұрыштық da айырмашы- лығын біле отырып, сызықтық орын ауыстыруды (редуцияны) формула арқылы есептеуге болады:
х =ВВ1 = ОВּdּaּsin1//. (165)
Жер бетінде В1 нүктесінен ОВ1 сызығына х перпендикуляр кесіндісін салып, В нүктесін белгілейді, сонда ВОА бұрышы біздің іздеп отырған бұрышымыз. Тексеру үшін, a бұрышын қайта өлшеп көз жеткізеді.


109-сурет. Берілген бұрышты жер бетіне салу.
(а) жуықтап салу жəне (ə) дəл салу əдістерінің тəсімі
Жобалық бұрышты жер бетіне түсіру дəлдігі көздеу, есеп алу, аспаптың жəне сыртқы əсер қателеріне байланысты болады. Центр- леу, редуция жəне бастапқы берілім қателері жобалық бұрышты жер бетіне салуға көп əсер етпейді, сондықтан есепке алмаса да болады.
Өте жоғары дəлдікті бұрыш өлшеу көбінесе, көпір жəне гидро- техникалық құрылыстарды қадалау, салу кездерінде қолданылады. Мысал. da = +36//, ОВ =100 м болған жағдайда х түзетуін (редуциясын) анықтау керек. 165-формуланы пайдаланып, таба-
тынымыз
х = 100000 36 = 17 мм.
206265




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет