Мишық - көпір мен сопақша мидың үстіңгі жағында орналасады. Ол көлемді бүйір бөліктерден - жарты шаралардан, және соларды біріктіретін құртшадан тұрады.
Мишық алдыңғы жол арқылы ортадғы мимен, ортаңғы жол арқылы- көпірмен, артқы жол арқылы- сопақша мимен, ал көпір арқылы үлкен ми жарты шараларымен байланысады. Мишық рецепторлармен және эффекторлармен тікелей байланыс түзбейді, бірақ оған өте көп афференттік импульстер жетіп отырады.
Мишық дене қимылдарының үйлесімі дене кейпш және дененің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Оның әсерімен бұлшық ет тонусы өзеріп, қимыл-әрекет кезінде жеке ет топтарының жиырылу күші реттелініп, артық, ебетейсіз қимылдар байқалмайды. Мишықты сылып тастаса бұлшық ет тонусы бұзылады (атония), қимыл үйлесімдігі, атқарылатын қимыл мен бұлшық еттің жиырылу күшігін арасындағы сәйкестік бұзылады (атаксия), теңселмелі қимылдар пайда болады (астазия), бұлшық еттердің жиырылуындағы үйлесімдік бұзылады (асинергия),организм тез қажиды, әлжуазыдық байқалады (астения).
Мишық организмнің вегетативтік қызметіне де әсер етеді. Мишықты тітіркендіргенде көздің қарашығы үлкейіп, артерия қысымын жоғарылайды, тамырдың соғуы жиілейді, бұлшық етте биохимиялық қалыптастыру процесі күшейеді. Мишықты алып тастаса қорыту жолының қимылы баяулап, қарын мен ішек сөлінің бөлінуі азаяды, қуат шығыны артады, бұлшық еттің нәрлену процесі бұзылады. Осыдан мишықта сипатикалық және парасимпатикалық нервтену орталығы орналасады деген болжам жасалған.
Филогенез процесінде мишықтың дамуы ауырлықты жеңу және кеңістікте қозғалу сияқты рефлекторлық реакциялармен байланысты жүреді. Ең бірінші рет мишық дөңгелек ауыздыларда байқалады, себебі онда дене теңдігін сақтауға арналған вестибулярлық аппарат бар. Олардың мишығын ертедегі мишық деп атады. Кейін шеміршекті және сүйекті балықтарда жүзгіш аяқтарының пайда болуына байланысты антогонист бұлшықеп тердің кезек жиырылуы маңыз ала бастады. Осыған сәйкес дененің кеңістіктегі қалпын хабарлайтын проприорецепторлық импульстердің мәні де артты. Енді артқы нида вестибулярлық аппараттан басқа, бұлшықеттерден, буындардан, сіңірлерден импульстер алатын нерв клеткаларының жиынтықтары дамып жетіледі. Олар өсе келе ескі мишыққа айналады. Түрлі рецепторлардан шығатын импульстерге организмнің қайтаратын жауан реакцияларында рефлекторлық аппарат ретінде көп рол атқаратын ортаңғы мидыңдамуымен байланысты, ескі мишықтың орта бөлімінен жаңа облыс пайда болды. Ол ортаңғы ми мен ми бағының басқа да алдыңғы бөлімдерінен импульстер қабылдайды. Рептилияларда (бауырымен жорғалаушыларда) жақсы байқалатын бұлжаңа бөлім сүтқоректілерде одан әрі дамыды. Мишық жан-жағынан күшті өсіп, одан бүйір жарты шарлары пайда болды. Бұлар оның ең негізгі массасы болып табылады және ми қыртысының импульстер алады.
Аралық ми - көру төмпегі - таламус, төмпек асты аймақ - гипоталамус, және төмпектің үстіңгі қосалқысы - эпиталамус атты құрылымдардан тұрады (48-сурет).
Көру төмпегі (таламус) - мцдьщ ең көне бөлігі. Онда сұр заттан түзілген көптеген (40-қа жуық) ядролар шоғырланады. Бұл ядролар алдыңғы, медиаладық және латеральдық болып бөлінеді.
Таламус иістік импульстерден басқа үлкен ми жарты шарларына бағытталған барлық афференттік импульстердің қақпасы болып есептеледі. Таламус ядроларында жанасу, проприо- термо, ауырсыну, дем сезу рецепторларынан бағытталған импульстер тоғысады.
Қызметі жағынан таламус ядролары арнаулы және жалпылама болып бөлінеді. Арнаулы ядролардан тараған имиульстер ми қыртысының үшінші немесе төртінші қабатының нақтылы сезімтал (сенсорлық) және жалғастырғыш (ассоциативтік) аймақтарына шоғырлана бағытталады, олар белгілі түйсік туғызады. Ал жалпылама ядролардан тараған импульстер ми қыртысына шашырай жайылады, ми белсенділігін жандандырады.
Таламуста белгілі дәрежеде әр түрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау процестері де жүреді. Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге қатысады. Икемділік тонусы нәтижесінде дене әр түрлі кейіп қабылдай алады.
Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -эпифиз орналасады.
Гипоталаус ядросы:
1-паравентрикулярлық ядро, 2-шың (спайк), 3-күмбез, 4-қасаң дене, 5-көру төмпегі (таламус), 6-эпифиз, 7-ми суағары, 8-ортаңғыы ми, 9-артқы ядро, 10-еміздікше дене, 11 -дорсомедиальды ядро, 12-латериальды ядро, 13- ентромедиальды ядро, 14-нейрогипофиз, 15-аденогипофиз, 16-көру жолының қиылысы, 17-супраоптикалық ядро.
Гипоталамус — көлемі жағынан кішкентай ғана құрылым, бірақ онда көптеген ядролар шоғырланады. Олардың негізгілері паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сур төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасады.
Гипоталамус көру төмпегі мен ми қыртысын вегетативтік жүйке жүйесімен жалғастырушы буын болып табылады. Осыдан гипоталамус вегетативтік функцияларды, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды реттеуде маңызды рол атқарады. Супрараоптикалық ядроны тітіркендіргенде мал иеді, ал паравентрикулярлық ядроны тітіркендіргенде — исінеді. Гипоталамустың артқы ядролары симпатикалық, ал алдыңғы ядролары парасимпатикалық реакцияларды реттейді деген болжам бар.
Гипоталамус дене температурасының реттеуге қатысады. Сүр төмпекті зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу және жылу болу процестері бұзылып, дене температурасының тұрақтылығы сақталмайды. Гипоталамусте белоктың, майдың, көмірсулардың, су мен минералды заттардың алмасуын реттейтін орталықтар орналасады.
Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасыңдағы байланысты қалыптастыруда маңызды рол атқарады. Оның жыныстық және афессивті қорғаныстық рефлекстерге қатысы дәлелденген. Гилоталамустың вентромедиальдық ядроларында тояттау, бүйір ядроларында — ашығу, ал супраоптикалық ядролардан дорсолатералдық бағытта — сусау (шөлдеу) орталықтары орналасады.
Гипоталамустың преоптикалық аймағында организмнің ішкі ортасындағы осмостық қысым деңгейін реттеуге қатысатын ерекше осморецепторлы нейрондар орналасады. Бұл нейрондар ішінде осмостық қысымы тұрақты деңгейде болатын торшалық сүйыққа толған вакуоль болады. Осы сүйық пен торша сыртыңдағы сүйықтың осмостық қысымының айырмасына байланысты нейрон белсенділігі өзгеріп, денедегі осмостық қысымның тұрақтылығын сақтауға бағытғалған физиологиялық әрекеттер туындайды.
Сүт қоректілерде ортаңғы ми дорсальдық және базальдық (негіздік) бөлімдерден тұрады. Дорсальдық бөлімге төрт төмпешік жатады. Бұл құрылымның алдыңғы қос төмпешігінде көрудің, артқы қос төмпешікте - естудің бағдарлық рефлекстерінің орталықтары орналасады. Осы орталықтардың қатысуымен көз, құлақ қимылдап, бас тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа қарай бұрылады.
Ортаңғы мидың базальдық бөлімін оның сабақтары құрайды. Әрбір сабақ үш құрылымнан — бүркемеден, қара төсеміктен және табан негізден тұрады. Бүркемеде қызыл ядро және шығырлық жүйке мен көз қимылдық жүйке (III, ІҮ ми жүйкелері) ядролары орналасады. Бұл жүйкелер көз алмасының еттерін жүйкелендіріп, көз қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Қызыл ядро дене қимылын реттейтін маңызды құрылым. Рубро-жұлындық жол арқылы ол жұлын мотонейрондарымен байланысады. Қызыл ядро сопақша мидағы Дейтерс ядроларының қызметін тежеп, дененің кеңістіктегі кейіпіне қарай бұлшық ет тонусын өзгертіп отырады. Қызыл ядро дененің қалыпты кейпі мен тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тонустық рефлекстердің атқарылуын реттеуде маңызды орын алады.
Бақылау сұрақтары:
Гипоталаус ядросы.
Латеральдық жұлын-таламус жолы.
Эпиталамус.
Сопақша ми құрылысы.
Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Нейрондардың түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |