Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Адамдағы шартты рефлекстер



бет14/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Адамдағы шартты рефлекстер.
Красногорский 1906ж адамның аузын ашу, жұтыну қимылдарын (шартсыз рефлекстерін) тамақ берумен бекіте отырып, шарттты тамақ рефлекстерін алды. Кейін ол шықшыт безінің сілкейін жинайтын ергекше уапсула жасау арқылы сілекей бөліну рефлексін бақылады. Адамдардағы шартты рефлекстерді В.М.Бехтнрнв пен В.П.Протопоновта зерттеген. Түрлі әдістемелер қолдану арқылы жүргізілген көптеген эксперимент жұмыстарының нәтижесінде мынадай қортынды шықты: адамның жоғары нерв әрекеті де жпануарлардікі сияқты рефлекторлық механизмге негізделеді және қыртыс функцияларының негізгі заңдылықтары оларға орт ақ болып табылады. Айырмасы: адамдарда оң және теріс шартты рефлекстер (тітіркендіргіштер комплексіне, ұзақ кешіккен рэфлекстер) жылдам алынды. Ең негізгі айырма: адамда психиканың дамуының ең жоғарғы сатысы сана бар. Адам да, жануарда өзінің психикалық әрекетінде сыртқы дүние құбылыстарын бейелейді. Бірақ адам өз санасында сыртқы ортаны бейнелей отыра, оны жинақтайды және олардың арасындағы заңдылықты ашады. Бұл адамға табиғатты өзіне бағындыруына және еңбек ету барысында дүниені қайта жасауына мүмкіндік береді. Адам миын кез-келген жануар миынан айыратын негізгі сапалық өзгешелік-саналы ойлау-сөйлеуден көрінеді. Сөздің тітіркендіргіш ретіндегі ролі туралы Павлов былай деп жазды. “Сөз адам үшін, әрине, оған және жануарларға әсер ететін басқа да ортақ тітіргендіргіштер тәрізді нақтылы шартты тітіргендіргіш; дегенмен солай бола тұра ол, бұл тұрғыдан алғанда, жануарлар шартты тітігендіргіштерінің ешқайсымен ешқандай сандық та,ғ сапалық та салыстыруға келмейтін, бәрін қамтитын тітіргендіргіш болып табылады.
Адамның жоғары нерв әрекетінің ең күрделі көріністерінің негізінде де шартты рефлекстердің ұзын қатары жатады. Адамдағы жаңа принцип: олардың ми қыртысында шартты байланыс негізінен сөздің қатысуында жасалады.
Бұл болмыстың тікелей сигналдау жүйесі. Ол адамға тән. Бірақ болмысты сигналдаудың тағы бір ерекше, адамға тән жүйесі бар. Ол 2-ші сигналдық жүйе. Бұл арқылы сыртқы және ішкі ортада жатқан құбылыстар, өзгерістер сөз арқылы хабарлады. Мұны Павлов “бірінші сигналдың сигналы”-деп атады. Екі сигналдық жүйеге сай адамның рецепторына әсер ететін тітіргендіргіштердің өзі 21 түрлі; тікелей және сөздік. Сөздің өзі кез-келген тікелей тітіргендіргіштердің әсерін ауыстыра алады, сондықтан. Оларға сай реакцияларды тудыра алады. 2-ші сигналдық жүйе арқылы адым болмысты толығырақ, анығырақ бейелейді, одан дерексіздене де алады, толыпжатқан тікелей тітіргендіргіштерді жинақтай алады. Осы жаңа, жинақталған сигналдарды анализдеу мен синтездеу ерекше адамдық жоғары ойды құрайды. 2-ші сигналдық жүйенің таңқаларлық ерекшелігі-шартты байланыстыра жасалуының жылдамдығы: адам бір рет естісе не кітаптан оқыса болғаны, оның ми қыртысында жаңа байланыстар пайда болады. олардың мықтылығы соншалық, кейде ешқандай бекітусіз көптеген жылдар бойы сақталады. Саналы ойлау сөз, сөйлеу арқылы көрінісін, мазмұнын білдіреді, яғни тілге байланысты.
Тіл қызметі рефлекторлық сипатта.
Бізге белгілі, жануарлардың жоғары нерв әрекетінің жарты шарлар қыртысында жүретін процестердің рэфлекторлық сипаты болып табылады. Бұл заңның күші екінші сигналдың жүйе үшін де жоғалмайды. Сөз сөйлегенде тілдің қозғалысының рэфлекторлық сипатының болатындығы туралы пікір кезінде И.М.Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңіріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульста осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Сөйтіп сөз сөйленеді. Ал бұл кезде туатын афференттік импульстер ағыны ми қыртысына түсіп, сөз сөйлеудің әрбір сатысын сигналдап отырады.
Егер де адамға белгілі бір қимыл актысын ойла десе, сол сәтте қимыл актысына қатысы бар еттердің функционалдық қалпы өзгереді, соларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсартады, кейде тіпті сол актының әрең байқалатын элементтері де көрінеді. Кейде адам өзінше (іштей) ойлағанның өзінде, екінші сөзбен айтқанда, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқанымызға ұқсас құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғысбаса да, кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшею салдарынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актысының өзі, тіпті ол сөз арқылы берілмесе де, күрделі тізбектірэфлекс болып табылады. Сөйлеу органына келетін импульстертер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жарты шарлар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эффероенттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз, бірін-бірі тудырып отыратын афферентік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық процестің негізгі бір компоненті деп қаралау керек. “”
Сөйлеудің реттеуші қызметі арқылы организмдегі әр түрлі жүйелердің (жүрек, асқазан, өкпе, бүйрек, заталмасу, т.б.) әрекет өзгереді. Бірсөздің өзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әр түрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатыны өмірден белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет