Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер:
Адам және жануарлар физиологиясы. И.Төленбек.Алматы 2002ж.
Адам және жануарлар физиологиясы. Т.Несіпбаев.Алматы 2003ж.
Адам және жануарлар физиологиясы. Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж
Қосымша әдебиеттер:
Тыныс физиологиясы.Қ.Рымжанов. Алматы 2001ж.
Эндокринология. Ж.Нұрғалиев. Алматы 2000ж.
Адам физиологиясы.Қ.Сәтпаева.Ғылым. 1998ж.
Жалпы физиология. Ю.Чусов.Просвещение. 1981 г.
Нерв жүйесінің физиологиясы.Қ. Сәтпаева. 1998ж.
№ 12 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Ішкі сөлініс бездер жүйесі .
Лекцияның жоспары:
1. Ішкі сөлініс бездер жүйесі
2. Ішкі сөлініс бездер жүйесіне жалпы сипаттама және оның гуморальды реттеудегі маңызы
3. Ішкі сөлініс бездері.
4. Қалқанша без,оның топографиясы және гистологиялық құрамы..
Лекцияның мақсаты: Студенттерге ішкі сөлініс бездер жүйесі мен таныстыру.
Лекцияның мазмұны: Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы.
Денедегі барлық бездер ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп 2 топқа бөледі.
Сыртқы секрециялық (секреция сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері қуыс мүшелерге құйылады.(мысалы ауыз қуысына сілекей, тер безінің өнімі-тері) сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесеэгзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек, қарын асты безінің кей клеткалары бүйрек,бауыр тағы басқа жатады. Ал ішкі және эндокрендік бездердің өнімін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тіңкелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гармон деп атайды. Гармондар нерв жүйесімен бірге мүшелердің қызметін реттеуге зат алмасуын реттеуге қатысады. Ішкі секрециялық бездерге гиповис, эпивис, қалқанша, қалқансерік, айырлы (тимус) бүйрек үсті, қарын асты, безінің лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарны асты және жыныс бездері қос секурециялық бездерге жатады. Себебі олар әрі сыртқы , әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады.
Гармон өте активті химиялық зат. Ол ішкі сенкрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп мүшелермен мүшелер жүйесіне тіпті бүкіл арганизмге әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Гармондар ішкі секрециялық бездерде, ас қорыту жолының мүшелерінде бүйректе бауырда түзіледі. Барлық гармонадар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенмен тек қана клетканың мембронасымен қабысқанда ғана активтелінеді. Адам арганизміндегі гармондардың ішінде гипоталмус-гиповиз – бүйрек бүйрек үсті безінің гармонедарының маңызы зор. Бұл жүйе организмнің бір тұтастығын сақтауға қатысатывн физиологиялық қызметтердік негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда гипоталамустың бөлігі жоғарғы дәрежедегі қыртьыс асты негізгі эндокриндік негізі болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші неросекреттерді өндіріп шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған неросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін туғыдырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық қызметін реттейді. Сондықтан мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.
Ішкі секреция бездерінің қызметі нашарлағанда (гипосекреция) және күшейгенде күшейгенде (гиперсекреция) организмде түрлі аурулар пайда болады.
Гипофиз безі немесе төменгі сми қосалқысы бас сүйгенің «Түрік ері» деп аталатын жерінде орналасқан. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 0,1-0,15 гр. Ал ересек адамда 0,5-0,8 гр. Құрылысы жағынан гипофиз үш бөлікетен тұрады алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктен тұрады. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін адиногипофиз деп, артьқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды.
Адиногипофизде жеті гармон түзіліп қанға құйылады. Соматотронин немесе өсу гармоны (СТГ) тиротропин (ТТГ) ардинокортитрпин (АКДК) және үш түрлі гонодотропиндер лютендеуші (ЛТГ) лютиетроптық (ЛСГ) фоликулустимулдаушы (ФСТ) және ортаңғы бөлімде түзелетін милантрапин (МТД).
Самотропинмен беклоктың алмасуын және ткандардің өсун реттейді, маймен углеводтардың алмасуын реттейді.Өсу гармоны балалардың өсуіне әсер етіп ересек адамдарда майдың алмасуына ықпал ету арқылы энергияның пайда болуына мүмкіндік тудырады.
Адренокортикатропин бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гармондары гомокортикойдтар мен андрогендердің өнуіне әсер етеді де углеводтардың алмасуын реттейді.
Гиротропин – қалқанша безінің қызметіне әсер етеді: йод эелементінің 5 клеткасында жиналуына, тотығуына әсер етіп қалқанша безінің гармондарының түзілуін реттейді.
Ганодотроптық гармондар (лютейндеуші, лютотроптық, фоликулстимулдаушы) балалық кезде өте аз мөлшерде түзіледі де онша физиологиялық маңызы бола қолймайды. Тек жыныстық жетіле бастаған мерізімінен кейін оның организмі үшін маңызы арта бастайды. (жалпы алғанда бұл гармондар ерлерде спермотогенезді күшейтеді, әйелдердің етеккірін мезгілінде келтіріп жыныс гармондарының түзілуін, жыныс бездлерінде гармондарының пайда болуына организмге әсер етуін бақылайды).
Нейрогипофизде вазапристинмен окситоксин деп аталатын
нейреосекреттер активтеледі. Вазапристинді антидюрездік гармон (АДТ) деп те атайды ол бүйрек (каналдарында) каналшараныда судың қанға сіңуін әсер етеді. окситоцин жатырдың жиырылуын сүттіңбөлінуін реттейді.
Қалқанша безі. Ішкі секрециялық қызметі жай-лы болжамдар тәжірбиелер болғанымен атын алғаш рет 1956 жылы алды. Бұл без көмейдің алдында орналасқан екі бөліктен және оларды қосып тұрған без сабынан тұрады. Безді қоршаған джәнекер ткані ішіне қарай өтіп оны бірнеше бөлшекке бөледі бөлшектер адамның жасы денесі ұлғайған сайын өсіп көбейеді. Жаңа туған нәрестенің қалқанша безінің салмағы 1 гр., ересек адамда 35 гр. Қалқанша безінде екі гармон түзіледі тироксин және тиройдтропин бұл гармондар зат алмасуын үдетіп бтохимиялық рекцияларды тездетеді. Олар барлық мүшелерге әсіресе орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Қалқанша безінің гармондарының құрамында йод болады. Сондықтан, йод жетіспегенде бездің гипосекрециясы орын алады. Ондайда пайда болған ауруды эндимиалы зоб деп атайды Эндимия деп аталу себебі белгілі жердің маңайында йод жеткіліксіз жеріде пайда болады.
Қалқансерік бездері қалқанша безінің артқы қабырғансында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (екі жоғарғы және екі төменгі) кей адамда алты без болады. Олардың жалпы салмағы 0,12-0,13 гр. Без ткандері әртүрлі клеткадан тұрады: глюкогені бар негізгі клеткалармен энозинофилъдері бар оксифилді клеткалар.Балалардың бездері көбінесе негізгі клеткалардан тұрады. жас ұлғая келе оксифилді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде партгормон немесе партиреогрин деп аталатын гармон өнеді. Оның маңызы тек қана 1925 жылы Колликтің зерттеулері арқылы анықталған. Парадгармон кальцийдің алмасуына әсер етіп оның қандағы мөлшерін реттейді кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтан бұл гармон организмдегі фософордың алмасуына әсер етеді. Мұны қанның құрамындағы калцийдің мөлшері көбейгенде фософордың мөлшерінің азаюы арқылы көруге болады.
Тимус немесе айырлы без екі бөліктен тұратын бір-бірімен дәнекер ткані арқылы байланысқан (оң және сол жақ)бөліктер кеуде қуцысында орналасқан без. Жаңа туған баланың безінің салмағы 23 гр. Он бес жаста 37 гр. Одан ары қарай без клеткалары солып азайяды. 45 жаста 15-16 гр. 50-55 жаста 12-13 гр. Қартайғанда небәрі 6 гр. болып қалады.Тимус безінің екі қызметі бар ішкі секрецялық без ретінде тимодин (тимосекрецин) гармонын өндіреді және организмнің имунитетінде маңызы күшті. Тимус безінің организмдегі маңызы әлі де болса толық зерттелмеген. Дегенмен, соңғы 3 жылдың ішіндегі зерттеулер бойынша тимус безінің гармоны денедегі кальций тұздарын сүйектің құрамында сақтап сүйектің өсуіне әсерін тигізу арқылы баланың бойының өсуін реттейді. Және ерте жыныстық жетілуді тежейді. Дәрігерлердің бақылаукына қарағанда тимустың аурулары организмде қан айналысы бқұзылғанда, қабынудың ауыр асқынған (сиорилис, туберкулез) түрлеріне, туа пайда болған кемшіліктеріне ісіктерге байланысты пайда болады.
Бүйрек үсті бездері қос мүше. Олар оң және сол бүйректерінің жоғарғы жағында орналасқан, салмақтары 6-12 гр. әрқайсысы қыртьысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабатының салмағы 4,5 –10 гр. милы қабаты 1,2-2, гр. шамасында болады. Бұл бездің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы зор. Егер жануарлардыңекі безінде сылып алып жатса ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп тамақтан қалады, арықтап салмағы азаяды жүрек қан тамырлар жүйесінің жыныс үшелерінің ас қорыту мүшелерінің бүйректің зәр шығару қызметі нашарлайды.
Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын кесіп алып тастаса жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап қыртыс қабатын қалдырсақ айтарлықтай өзгеріс ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромофин клеткалар бүйрек үсті безінің басқа мүшелерде (кейбір ірі қан тамырларының бойында перифириялық ганглеаларда) кездеседі.
Бүйрек үсті безінің қыртыс қабаты қырықтан астам кортикостеройдтар тобына жататын гормондар түзеді. Олардың бәрі холестериннің өніміне жатады. Ффизиологиялық қызметіне қарай кортикостеройдтар үш топқа бөлінеді.
Глюкокортикойдттар (ГКС)
Минералкорткойдтар (МКС)
Адренокортикойдтар (АКС)
Глкокортикойдтар бүйрек үсті безінің қыртысы қабатының шашақты
зонасында түзіледі. Бұл топқа кортизаль (өте активті гармон), кортизон және кортикостерон (гармондық активтілігн төмендеу) жатады. Глюкокортикойдтар (ГКС) зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ткандерінде ГКС әсерінен бірқатар ферменттердің (трансаминоза, аксидоза, гиролоза т.б.) активтіліг күшейеді. ГКС-дың қабынуға алергияға қарсы тұруы қабілеттерін арттыру имунодепрессивтік әсерлерінің маңызы мүлде ерекше.
Минерал кортикойдтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. МКС-тер бүйрек тканінде тер және сілекей бездерінде ас қорыту жолының тілегейлі қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы сумен тұздардың алмасуын ерттейді.
Адренокортикостеройдтар – андростерон, эстэрол және прогестерон ретикулярлық зонаның клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гармондарына қарағанда әлсіздеу келеді олардың маңызы әсіресе балалық және қартайған шақта зор болады. Адам қартайып жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гармондарын түзуші мүше болып қалады.
Бүйрек үсті бездерінің милы қабатының гармондары негізінен екеу: Адреналин және Корадреналин. Адреналин бүйрек үсті безінде ғана ал Корадреналин басқа мүшелерде де пайдаболады. Адреналин жүрек қан тамырлар жүйесіне күшті әсер етеді. Ол жүректің жұмысын күшейтіп соғу риттулін тездетеді. Қозығыштығын ұлғайтып импулстердің өткізгіш жүйесі арқылы қозғалуын жақсартады.
Бүйрек үсті бездерінің қызметін байланысты аурулар олардың қыртысты және милы қабаттарының гармондарына байланысты. Милы қабатының гармоны жетіспегенде, көбіненсе он жасқа дейін. Балалардың миындағы нерв клеткаларына қанттың (глюкозаның) жетіспеуінен талма аурулар байқалады. Ұзақ уақыт оқығанда жүгіргенде жүгіріп көп ойнағанда бала есінен танып қалады. Мұндай жағдайда балаға екінші тәтті тағамдарды молырақ немесе суға еріткен бал, қант беру керек. Ару он жастан кейін өзінен-өзі басылып кетеді.
Қарын асты безі немесе лангерганс аралшалары. Углеводтардың алмасуын реттейтін гармондар реттейді. Қарын асты безі өзінің атына сай қарынның астыңғы жағында жайылып жатыр. Аралшаларда төрт түрлі болады: альфа, бетта, гамма және делта клеткалары. Альфа жәнее бетта клеткалары инсулин және глюкоген гармондарын өндіреді.
Инсулин арганизм үшін аса маңызды гармондардың бірі бұл гармон майдың алмасуына қатысады. Амин қышқылдарының, белоктардың пайда болу ықпалын тгізіп, май, белок, углеводтыңалмасуына қатысады. Олардың бір-бірімсен байланысын қамтамассыз етеді. Инсулин фосфордың алмасуын күшейтіп калий клетка ауысуына, сөйтіп оның сары судағы мөлшерін азайтып организмдегі суды сақтайды.
Глюкоген гармонның гипергикемиялық депте атайды. Ол қандағы қанттың мөлшерін көбейту үшін. Бауырдағы глюгенолиззге қатысады. Сөйтіп, ьтамақ арасындағы қажетті қантпен организмді қамтамассыз етеді. Мұның қызметі мен маңызы әсіресе орталық нерв жүйесінің қызметі үшін күшті: Нейрондарға қажетті глюкозаны қамтамассыз етеді. Инсулин мен глюкоген бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Тамақ ішкеннен кейін әсіресе қанда қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл кезде инсулин артық қантты глюгокенге айналдырады. Ал, тамақ арасындағы қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы глюкогенді глюкоген гармоны ыдарытп глюкозаға айналдырады. Пайда болған глюкоза қанты етпен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады. Лангерганс аралшықтарының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру-қант диабетті ауруы. Аурудың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мл гр. % қалыпты жағдайда 100-12 мл гр % тәулігіне несеп арқылы 100-150 гр. глюкоза организммен шайылады. Ең алғаш рет қант диабеті ауруының пайда болғанын 1696 жылы Мортон хабарлаған.
Жыныс бездері. Әйелдер мен ерлердің қос секрециялы безі. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары-әйелдердің жұмыртқа клеткасымен ерлердің сперметозойдтары өніп дамиды. Ішкі секрециялық безрретінде әйелдер мен ерлердің гармондары түзіледі. Жыныс гармондары қан арқылы денеге тарап баланың өсуіне дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамуын жетілуін жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гармондарының негізгі қызметі-тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |