Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Қан сұйық ұлпа, оның құрамы



бет32/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57
Қан сұйық ұлпа, оның құрамы.
Қан әртүрлі торшалар жиынтығы болып табылады. Ол сұйық зат- плазмадан және қан түйіршіктерінен (торшаларынан ): қызыл түйіршіктерден (эритроциттер), ақ түйіршіктер (лейкоциттер) және қан табақшаларынан (тромбоциттер) тұрады. Қанның жалпы мөлшерінің 55-60 %-ын плазма, 40-45 % -ын қан торшалары құрайды.
Дененің жалпы массасының шамамен 6-8%-ы қаннан тұрады. Ересек адам организмінде 4,5-6 л қан болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, физиологиялық күйге т.б. байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: жаңа туған төлдерде, еркек және буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда- азырақ болады.


Плазма және қан сарысуының ұқсастық пен айырмашылық.
Плазма да, сарысу да қанның сұйық бөлігі. Плазма сарғыш түсті сұйық зат. Оның түсі құрамында бояғыш затардың (лютеин, каротин, ксантофил) болуына байланысты. Плазманың құрамында 90-92 % су , 8-10% құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8%-ы белоктардан тұрады. Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді. Қан плазмасы құрамында несепнәр, зәр қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқылдары, аммиак сияқты белок алмасуының қалдық өнімдеріболады. Бұл қосылыстарды қалдық азот
деп атайды. Оның қандағы мөлшері белок алмасуының қарқыны, физиологиялық жағдайына байланысты өзгереді.
. Плазма құрамында көмірсулар , липидтер және минералды заттар (0,9) болады. Қан құрамындағы белоктарға пропердин мен ферменттер жатады. Пропердин вирус белоктарымен байланысып, оларды залалсыздандырады, бактерияларды өлтіреді, сондықтан ол кейбір ауруларға қарсы күресудің туа пайда болған факторы болып саналады.
Қанға ұйытпайтын зат қосып тұрғанда бөлініп шыққан сары түсті сұйықты қан плазмасы деп атайды. Ал қан ұйығаннан кейін бөлінген оның сұйық бөлігін қан сарысуы деп атайды. Қан сарысуы құрамы мен қасиеттері жағынан плазмаға ұқсас, тек оның құрамында фибриноген белогы ғана болмайды
Эритроциттердің қызметі.
Эритроциттер адам мен сүтқоректілерде ядросыз, екі бүйірі қысыңқы,
дөңелек табақша пішіндес торшалар. Олардың негізгі қызметі оттегі мен көмір қышқыл газды тасымалдау, демек тыныс алу процесін қамтамсыз ету. Эритроциттердің негізгі қызметі олардың құрамында гемоглобиннің болуымен және пішінін ерекшеліктерімен байланысты.
Эритроциттер сүйек кемігінде түзіліп, бауыр мен көк бауырда бұзылады. Олар есеппен 120 күн тіршілік етеді. Эритроциттер бұзылғанда гемоглобин бөлініп, ол гем мен глобинге ажырайды. Гемнен бөлінген темір гемоглобин түзұ үшін пайдаланылады. Ал темірдің артық мөлшері қанның арнаулы белогымен қысылып ферритин мен гемосидеринге айналады да, темір қоры ретінде бауырда, көк бауырда, аз мөлшерде ащы ішектің кілегей қабығында жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет