Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Гормондардың әсер ету механизмінің екі түрі бар



бет27/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Гормондардың әсер ету механизмінің екі түрі бар:

  1. жасуша мембранасы арқылы өте алмайтын немесе өтуі қиын пептидты гормондар мен катехоламиндер үшін.

  2. мембрана арқылы өтіп, жасуша цитоплазмасындағы рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде өз әрекетін іске асыратын стеройдты гормондар мен қалқанша без гормондары үшін.

Пептидты, белокты гормондар және катехоламиндер жасуша мембранасының сыртқы бетіндегі спецификалық рецепторлармен гормон-рецепторлық кешен түзеді. Кешеннің әрекетімен өз қызметін цитоплазмада, ядрода және органоидтарда іске асыратын, яғни гормондық реттеуші эффект тудыратын соңғы аралық қосылыстар (посредники) пайда болады.

  1. Аденилатциклаза-йиклды еденозин-моно-фосфат 1ц АМФ

  2. Гуанилатциклаза-циклды гуанозин-моно фосфат (цГМФ)

  3. Фосфолиплаза С-инозитол-үш-фосфат (ИФ3)

  4. Иондаған кальций

Оганизм жасушаларының көпшілігінде аталған соңғы аралық қосылыстардың барлығы (ц. ГМ-тан басқасы) жасала алады және олар бір-бірімен түрліше өзара байланыс орнатады. Мысалы:

  1. Гормондық эфектіні тудыруда тең құқықты түрде қатысу.

  2. Аралық қосылыстар тиісті кезеңнен бірінің әсерінің келесіні жалғастыру.

  3. Аралық қосылыстардың бірінің негізгі рол атқаруы.

  4. Бірінің әсерін келесілерінің қайталай алуы (бірі екіншісінің орнына жүре алу)

  5. Аралық қосылыстардың антогогнист болуы (бір-реакцияны тудырады, екіншісі-оны тежейді)

Стеройдты гормондардың әсер ету механизмі оларды мембраналық рецепорспецификалық түрде “танып”, жасушаның ішіне өткізеді. Онда ерекше цитоплазмалық белок рецептор болады. ол гормондармен байланысқа түседі. Осындай күйде ол жасуша ядросына өтеді. Ол жерде үшінші рецептор бар. Онымен қосылудан горман-ядро рецепторы кешені түзіледі. Бұл кешен хроматинді акцептормен, спецификалық қышқыл белокпен, ДНК-мен байланысады. Сонында спецификалық м РНК транскрипциясы жанданады: тасымалдаушы және рибосомдық РНК синтезделеді, осы тәріздес белок пен ферменттер синтезіне керек реакциялар цитоплазма, рибосомада да жалғасады. Бұл процестер жүру үшін ядрода гормон-рецепторлық ешен бірнеше сағаттар бойы болуы керек. Сонымен қатар стероидты гормондар әсерінен жасушадағы ц. АМФ және иондаған кальцийдің мөлшері көбейеді. Олар жасушадағы соңғы аралық қосылыстардың жүйесін жандандырады. Ал пентидті гормондар өз тарапынан жасуша ядросындағы гендер транскрипциясына таңдамалы түрде әсер етеді алады. Бұл жасушаның сыртқы бетінен аралық қосылыстар көмегімен, яғни пентидтер гормондардың жасуша ішіне өтуі арқылы жүзеге асады. Пентидті гормон-рецепторлы кешеннің интернализациясы (ішкі өтуі) эндоцитоз арқылы жүреді. Цитоплазмада гормон-рецепторлық кешені бар көпіршік пайда болады. Оны лизосома бұзады. Бірақ ол белсенділік көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қалқанша безі және оның гармондары.

  2. Айырша немесе тимус безінің қызметі.

  3. Бүйрек үсті безінің гармондары, қызметі.

  4. Жыныс безінің қызметі.

Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет