Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


Жыныс гормондарының физиологиялық әсері. 1



бет29/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Жыныс гормондарының физиологиялық әсері. 1. Денеде зат алмасуды, анаболикалық (ассимиляция) процестерді күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді — белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тканьдердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады.
Оң азот баланысы пайда болады. Жас организмдердің бойының есуін тездетеді. Қальций мен фосфордың сүйекте жиналуына байланысты сүйек тканінің минералдануы күшейеді. Ферменттер саны мен белсенділігінің артуы тотығу-тотықсыздануды, негізгі алмасуды күшейтіп осыдан бөлініп шыққан энергия түрлі жасалу процестерге жұмсалады.

  1. Екінші жыныс белгілерінің жасалып дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды — жыныс мүшелерінің есіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т. б. процестерді қамтамасыз етеді.

  2. Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, репродукті жүйенің барлық беліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Сексуальдық, яғни жыныстық көңіл-күйдің дамуы негізінен жыныс гормондарының қандағы деңгейімен анықталады. Бойдың өсуі, дененің қалыптасуы, тәртіппен өзін-өзі үстауы, екінші жыныс белгілерінің пайда болып дамуы жыныс бездеріне байланысты екені ескі заманнан белгілі. Әртүрлі максаттармен жыныс бездерін сылып алып тастағанда (кастрация) пайда болатын өзге-рістер жан-жақты зерттелінген. Ауыл шаруашылығында майлы семіз ет, жұмысшы мал алу үшін кастрация жүргізіледі. Орта ғасырда кейде адамдарды да кастрациялаған. Мысалы, Шығыс елдерінде гаремді күзететін ер адамдар мен жасөспірім еркек балалардың жыныс бездерін алып тастаған. Өткен ғасырдың ортасына дейін Ватиканда және бірқатар Батыс Европа елдерінде шіркеудің ән айтатын хорларына жіңішке биік дауысты өлең айтатын 5 тобы жыныс бездерін алып тастаған еркек балалардан түрған. Өйткені оларда жіңішке биік дауыс жыныс безін алып тастағаннан кейін ұзақ уақыт сақталады. Организмді «жасарту» мақсатымен және кәрілік ауруяарын емдеу үшін, кейде тері астына жыныс бездерін тіккен немесе жыныс бездерінің сықпасын енгізген. Жыныс бездерінің қызметін зерттегенде көптеген бағалы, құнды мәліметтер, әртүрлі экспериментальдық тәжірибелеф әдісі арқылы алынды. Мысалы, М. М. Завадовский жыныс безін алып тастаған тауыққа әтештің урық жыныс бездерін тіккен. Бұдан соң тауыкта әтештің екінші белгілері дами бастады. Атап айтқанда, оның айдары, құйрық қауырсындары өсіп, әтештей шақыра бастады, сәйкес жыныс инстинк-ті пайда болды. Сейтіп тауық әтешке ете ұқсас болып езгерді.

Жалпы физиологиялық әсерінен басқа жыныс гормондарының арнайы әсері де бар. Ең алдымен бұл әйелдердің жыныс бездері гормондарымен тікелей байланысты, себебі олар әртүрлі жыныс кезеңдері уақытында да, жүктілік кезеңінде де кең түрде әсер етеді, жүктілікте жыныс бездері гормондары «ана — плацента — ұрық» компоненттер жүйесінің өзара күрделі қарым-қатынасын қамтама-сыз етеді. Ұрықтың іштегі даму кезеңінде оның жыныстық ажыратылуына, жүктіліктің қалыпты етуіне әсер етеді. Содан кейін жы-ныс гормондары планценталық гормондар мен бірлесе отырып, баланың тууына, сүттің пайда болып шығуына, ұрпақты сақтаумен байланысты басқа да процестерге кемектеседі. Эстрогенді гормондар жұмыртқа жолының, жатырдың, олардың шырышты қабатының есуін және қанмен жақсы қамтамасыз етеді, әрі оларды ұрық-танған жұмыртқа клеткасын қабылдауға дайындайды. Сонымен катар, бұл гормондар сүт бездерінің дамып, өсуіне әсерін тигізеді. Сары дене гормоны — прогестерон жатырдың шырышты қабатының одан әрі борпылдақ күйге келуіне әсер етіп, оның барлық құрылымдарды өсіреді, жатырдың түрлі тітіркендіргіштерге (әсіресе окситоцинге) қозуын төмендетеді. Прогестерон гипофиздің фолли-тропин мен окситоцин бөлінуін төмендетіп, лютропин жасалуьш күшейтеді. Ол жүмыртқа жынысында овуляцияны тежеп, сүт безінің көлемін үлкейтеді. Пролактиннің түзілуін тежейді. Жануарларда жүктіліктің алғашқы кезеңінде сары денені алып тастаса, жүктілік үзіледі. Ал жүктіліктің екінші жартысында алып тастаса анық айта қаларлықтай әсері болмайды, жүктілік бір қалыпты өте береді. Бұл шуда (плацента) бөлінетін, жыныс бездерінің негізгі гормондарына ұқсас, гормондардың әсеріне байланысты.
Жыныс жұмыртқасының лютеин клеткаларында жуктілік кезе-ңінде релаксин деген гормоп тузіледі, ол жатырдың, ал туар алдын-,да жамбас сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел организмін бала тууға дайындайдылық әрекетін жыныс мүшелерімен бірге орталық және шеткі жүйке жүйесі, ішкі селініс бездерінің, яғни нейроэндокриндік аппараттың әртүрлі бөлімдері қамтамасыз етеді.
Жыныс мүшелері (гениталий): жыныс бездері (гонада), ұрық жолдары, жатыр, қосалқы, жыныс бездері және шағылысу (копуляция) мушелерінен тұрады.
Жыныс бездері аралас әрекетті бездерге жатады. Олардың сыртқы сөлініс қызметі — жыныс клеткаларын (сперматозоидтар мен аналық клеткасын) бөліп шығару, ішкі сөлініс әрекеті — қан мен лимфаға өтетін жыныс гормондарын түзу.
Аталық жыныс мүшелері прокреациялық (ұрпақ жаңғырту) қызмет атқарады. Олардың әрбір бөлімінде сперматогенез (аталық клетканың түзілуі, жетілуі және қор сақталуы) жүзеге асады. Ішкі сөлініс қызметі аталық шәует безінде жыныс гормондары — андрогендерді түзуіне байланысты. Олардың ішінде негізгісі және ең белсендісі — тестостерон. Андростерон тестостероннан 6—10 есе әлсіз келеді.
Еркектер организмінде андрогендер өмір бойы сперматогенезді және қосымша жыныс белгілердің дамуын қамтамасыз етеді, Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс мүшелері өсіп, еркектерге тән дене тұлғасы, жүн жамылғысы, дауыс үні және т. б. қалыптасады.
Аталық жыныс гормондары белок синтезін жеделдетеді, зор анаболиктік қасиеті болады. Сөйтіп, олардың әсері еркектердің қаңқасын, бүлшықеттерін, ішкі ағзаларын өсіреді.
Андрогендер шәует безімен қатар бүйрекүсті бездерінде түзіледі, Ол әсіресе балиғаттық шаққа дейін байқалады. Еркектердің организмінде эстрогендер де түзіледі. Эстрадиол, тестостерон сияқты, аталық безінде, ал эстрон бүйреқұсті безінің іза шарларынан жасалып шығады.
Аназық бездер жамбас аймағында орналасып, жатырдың жалпақ дәнекері арқылы оның түтігіне бекінеді. Аналық без үш түрлі қызмет атқарады. Гаметалық (ұрық жетілдіру) — аналық бездерінде жұмыртқа клеткасын түзу және жетілдіру. Жаңа туған кезде аналық бездерде бірнеше жүз мыңнан 2 млн-ға жуық әлі жетілмеген жұмыртқа клеткаларынан құралатын фолликулалар (кепіршіктер) болады, олар жалаң қабатты эпителиймен қоршалған, қабырғалары ішкі сөлініс қызметін атқарады. Жыныстық кемелдену шақта қалыпты физиологиялық атрофиядан кейін 40—60 мың фолликула қалады. Балиғаттық кезең аяқталған соң гипофиз гормондарының ықпалынан әрбір ай сайын 300—400 фолликула дамиды. Алайда әйелдердің 30—35 жылға созылатын бала көтеретін шағында небәрі 400 фолликула пісіп жетіледі, қалғандары атрезияға душар болады. Сөйтіп әйелдердің бала көтеретін жасында барлығы 300—500 жұмыртқа клеткасы жыныстық кемеліне жетеді.
Әйелдердің бала көтеретін кезеңінде аналық бездің қыртыс кабатында фолликулалардың жетілуі, овуляция (жұмыртқа клеткасының шығуы), орнына сары дене түзілуі, оның жүктілікке байланысты тағдыры оралымды түрде қайталанып отырады.
Аналық бездер де ішкі сөлініс (эндокриндік) қызметін атқарады. Фолликулада қуыс пайда болған сәттен жыныс гормондары эстрогендер (эстрон, эстрадиол, эстрол) түзіледі.
Әйел организмінде фолликуланың даму және жетілу кезеңдері жыныс оралымының ерекшеліктері мол эстрогендік кезін тудыра-ды.
Жыныс оралымының орта кезінде гипофиздің және басқа түрт-кілердің әсерінен грааф көпіршігі жарылып (овуляция), құрсақ қуысына жүмыртқа клеткасы шығады. Жарылған фолликуланың қабырғасы қабысып, оның орнында бірнеше сатыдан ететін сары дене пайда болады. Осыдан кейін жыныс оралымының лютеин кезі басталады.
Сары дене етеккірдің және жүктіліктің кезінде әртүрлі қызмет атқарады. Етіккер сары денесінің әрекеттік мерзімі 12—14 күн. Жасөспірімдік және климакс (етеккірі тоқтаған) кезеңінде сары дененің белсенділігі төмендеп, тіршілік мерзімі қысқарады. Сары дене бүкіл әйел организмнің' оралымды қүбылыстарының ырғағына әсер ететін прогестерон және эстроген гормондарын түзеді. Овуляциядан кейін 7—8 күні қанда прогестеронның және несепте прегнандиолдың мөлшері еседі. Ал етеккір келер алдында прогестеронның мәлшері ете азайып, жатырдың кілегейлі қабықшасындағы қан тамырларының ішкі қабаты сылынып түседі. Жатырдың кілегейлі қабығы ісініп, жалаңаштанған қан тамырларынан қан құйылады да, етеккір келеді. Бұл процесс 3—5 тәулікке созылады да, әрбір туар ай сайын қайталанып отырады.
Жүктіліктің сары денесі аналық клетка ұрықтанып, зигота түзілгеннен бастап қалыптасады. Мұның прогестероны жатыр тұтікшесінің және жатырдың өзінің жиырылу іс-әрекеті ырғағын реттейді. Ол жатырдың жиырылуын тежеп, ұрықтанған аналық клетканың кілегейлі қабықшаға еніп бекінуіне мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің алғашқы 2—3 айлығында сары дене тез өсіп, гормон түзу белсенділігі артады. Оның өркендеу сатысы жүктіліктің 6-шы айына дейін созылып, одан кейін кері дами бастайды. Мұны аналық бездердің гестативтік (жүктілікті сақтау) қызметі деп атайды. Кейін, жүктіліктің 4-ші айлығынан бастап сары дене бұл қызметін плапентаға тапсырады. Сейтіп ол жүктілік аяқталғанша эндокриндік қызмет атқарыды.
Организмдегі мұндай оралымды өзгерістерге де жыныс гормондарының түзілуі сияқты гипофиз гормондары әсер етіп, орталық жүйке жүйесі бақылап отырады.
Бақылау сұрақтары:
1.Аналық клеткалар, олардың морфологиясы, генертивтік және эндокриндік қызметі. 2.Жыныстық цикл және оның қызметі.
3.Жұмыртқа клеткаларының гормоны-фолликулин,оның табмғаты және жыныс нышанына тигізетін әсері.
4. Жыныс клеткаларының пісуіне және жыныс гормондарының өнуіне тигізетін гипофиз гормондарының әсері.


Лекцияның тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:
Климактерий. Піштіру нәтижелері. Эндокриндік бездердің қызметі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет