ҚАН АҒЫСЫНЫҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ
Жүрек қанды тамырларына белгілі бір үзілістермен шығарады. Бірақ қан тамырларындағы қанның ағысы әруақытта үздіксіз болады. Оның себебі:
Қан тамырларының қабырғалары серпімді, созылғыш келеді.
Қан тамырларында қан ағысын әлсірететін кедергі болады.
Осы кедергінің арқасында қан аортадан тез артериялар мен артериолдарға өтіп кете алмайды, ондағы қан қысымы шұғыл көтеріліп кетеді. Сондықтан артериялар қабырғасы созылып олардың іші кеңиді, онда біраз қан қалып қояды. Диастола басталған кезде қанның артериялар қабырғасына ететін қысымы төмендеп, аортаның көлемі кішірейіп, ондағы қанды қысады, дистола кезінде қанның жүруіне көмектеседі. Одан әрі жүректің келесі жиырылуы жүреді, түрде осы 2 фактр бірі екіншісінің қызметін жалғастырады.
Қан қысымының артериялармен капиллярлардағы айырмашылықтары қанның үздіксіз қозғалуының себепшісі болып табылады.
Арптерия қысымының тербелісін көрсететін қисықтан әртүрлі толқындар байқалады: бірінші қатардағы (жүрек жиырылуының жиілігі мен күшіне тәуелді), екінші қатардағы (тыныс толқындары), ал кейде (сосуд қозғағыш орталықтың тонусы периодтыөзгергенде, оттегі жетіспесе, қан жоғалтқанда, кейбір улар әсерінен) бірнеше тыныс толқындарын қамтитын олардан баяутербелістер (қысымның жоғарылауы мен төмендеуі) үшінші қатардағы толқындарды көруге болады.
АРТЕРИЯЛЫҚ ПУЛЬС (СФИГМОГРАММА)
Қан тамырларының қабырғаларының созылғыштығы арқасында, жүректің систоласы кезінде қолқаға түскен қан оның қабырғасын созады. Ал, диастола кезінде ол серпіліп бұрынғы қалпына қайта түседі. Осындай қолқа қабырғасының тербелуі бүкіл шеткі артерияларды байлап секундына 6-10 м. жылдамдықпен жүретін толқын түрінде тарайды.
Осыны артериялық пульс деп атайды.
Пульстің жеке тербелісін талдау үшін арнайы құрал-сфигмограф көмегімен оның қисық сызығын жазып алады. Қолқа мен ірі артериялар пульстік қисығында (сфигмограммада) екі бөлімді: көтерілуі және төмен түсуі айырады.Қисық сызықтағы көтерілу (анакрота) жүректен қанды итеріп шығару кезінде алынады. Өиткені ол кезде артериядағы қан мөлшерінің күрт көбеюі ондағы қысым жоғарылауын тудырады. Осыдан тамыр қабырғасы созылады. Қарыншалар сиатоласы аяқталар кезде, ондағы қысым төмендей бастағанда пульстік қисық сызық төмен түседі (катокрота). Қарынша диаспорасының барысында оның ішіндегі қысым қолқадағы қысымнан төмен болып қалады. Осы кезде қолқа қабырғасының серпілуі нәтижесінде ондағы артерияға өтіп үлгермеген қан айшық клапандарға қарай ығысады артериялардағы қысым күрт төмендейді: бұл қисық сызықтар едәуір ерекше ойыс (инцизура) түрінде көрінеді. Қарыфншаларға қарай ығысқан қан жолында жабылған айшық клапандар болатындықтан, олармен соқтығысудан кері серпіледі. Бұдан артериядағы қысым көбейіп, оның қабырғасы екінші ретбіраз созылады (соңғы,н/е дикроттық көтерілу байқалады).
Достарыңызбен бөлісу: |