Ќазаќстан Республикасы Білім єылым министрлігі


ГЕМОДИНАМИКА ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ



бет41/57
Дата07.03.2022
өлшемі1.2 Mb.
#456043
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57
ГЕМОДИНАМИКА ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.
Қан тамырларымен қозғалуының ерекшеліктерін анықтайтын заңдылықтар - гемодинамика заңдылықтары. -қан қысымы, қанның ағу жылдамдықтарына, қан айналу уақытына байланысты.
ҚАН ҚЫСЫМЫ. Жүрек өзінің жиырылуы кезінде қанды белгілі бір күшпен итереді, яғни оған тамырлармен қозғалуы үшін біраз энергия береді. Бірақ бұл энергия қан қозғалғанда оның әртүрлі бөлшектерінің бір-біріне және тамырлар қабырғаларының қанға тигізетін кедергілерінің арқасында азаяды. Сондықтан қанның тамыр қабырғаларына түсетін қысым біртіндеп төмендей береді.Аортада қан қысымы 140-120 мм Нд болса, ірі артерияларда90-70, артериолдарда 60-40, капиллярларда 40-20 мм Нд, веналарда 10-5 мм Нд, ірі веналарда тіпті теріс мәнге дейін төмендейді. Тамырлардың түрлі органдарындағы қан қысымдарының арасындағы айырма қанның тамырлар арқылы қозғалысының негізгі себебі болып табылады.
Қан қысымы организмде қарыншалардың систоласы негізінде көтеріледі, олардың диастоласы негізінде төмендейді. Оның деңгейі систолалық қан көлемі көбейгенде және жүректің соғуы жылдамдаған кезде көбейіп отырады.
Қан қысымының шамасына қан тамырларының жалпы кеңдігі әсер етеді. Тамырлардың көлденеңі кішірейген сайын қан қысымы көбейеді, ал кемісе азаяды. Кейбір жағдайларда (күйік, жарақаттанғанда) капиллярлары тез кеңейіп кетуінен, қанның жүрекке келуі азаяды, сондықтан қан қысымы төмендейді.
ҚАННЫҢ АҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ.
Тамырлар жүйесінің барлық бөлімдерінде қан ламинарлық сипаттама қозғалады (ағады), яғни, тамыр осіне параллель түрде қабат-қабат болып ағады. Тамыр қабырғасына жанасқан қабат іс жүзінде қозғалмайды деуге де болады. Оның беткейімен сығып екінші қабат, ал мұның беткейімен үшінші қабат, т.с.с. болып қан қабаттары қозғалады.
Қанның түйіршіктері (пішінді элементтері) орталық (осьтік) ағысты құрайды. Плазма тамыр қабырғасына таяу қозғалады. Олай болса, тамыр диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым канның орталық қабаттары тамыр қабырғасына жақындай түседі. Және осыдан оның ағу жылдамдығы азаяды. Себебі тұтқырлығы жоғары қабат пен тамыр қабырғасы арасындағы өзара әрекеттесу өседі. Жалпы алғанда ұсақ тамырларда ірілерге қарағанда қанның жылжуы баяу болатындығы осы құбылысқа байланысты. Бірақ қанның тұтқырлығы тұрақты шама емес. Диаметрі 1 мм-ден кем капиллярлар арқылы қан өткенде оның тұтқырлығы азаяды. Капиллиярлар диаметрі бұданда кіші болса, ондағы қан тұтқырлығы да кеми түседі. Мұны гемодинамикалық парадокс деп есептейді. Қанның орталық ағысын құрайтын эритроциттер майда тамырлар қабырғасына жанасып ағатын тұтқырлығы төмен плазма беткейі арқылы жеңіл сырғып қозғала алады, яғни қан қозғалуына кероек жағдай жақсарады. Қан қысымы айырмашылықтары азаяды. Осы арқылы майда артерияда байқалатын қан тұтқырлығының жоғарлауы және қан ағысының баяулауы комненсацияланады.
Қан ағатын жүйеде ламижарлықтан басқа Түрбуленттік (құйынды) қозғалыс болады.
Бұл жағдайда қан бөлшеуктері тамыр өсіне марамель түрде ғана емес, оған перпендикуляр түрде де орын ауыстырады. Сұйықтықтың ішкі үйкелісі өседі. Турбулентті ағыс әдетте тамырлар тарамдалатын жерде, тамырлардың күрт бұрылыс жасайтын жерлерінде байқалады. Турбулентті ағыс қан қозғалысына келтірілетін кедергінің өсуін тудырады.
Тамырдың бір жерінен (ауданынан) белгілі бір уақыт ішінде өткен қан мөлшерінқан ағысының көлемдік жылдамдығы деп атайды. (мл/сек). Оның шамасы жүректің соғу жылдамдығы мен соғу және систолалық көлеміне байланысты. Қан тамырларының кеңдіктерінің әртүрлілігіне қарамастан қан ағысының көлемдік жылдамдығы барлық жерде бірдей. Себебі, қан тамырдың тар бөлімінен жылдам, ал кең бөлімінен баяу ағыспен өтеді.
Қанның бүкіл денені айналып шығуына кететін уақытты қанның айналу уақыты дейді. Ересек адамдарда ол-20 сек. Жұмыс кезінде бұл уақыт екі есе азаюы мүмкін. Жаңа туған балаларда 12 сек, 3 жастағы балада 15 сек, 14 жастағы балада 18 сек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет